Реакция жылдамдығының еріткіштің табиғатына тәуелділігі
(Тәжірибе тартпалы шкафта орындалады)
Құрғақ пробирканың біреуіне (CCl4) төрт хлорлы көміртектегі бром ерітіндісін (5 мл), екіншісіне осындай көлемдегі бензолдағы бром ерітіндісін құйыңыз. Енді екі пробиркаға да 4 мл ацетон құйып, уақытты белгілеп, сұйықтықты араластырыңыз. Пробиркадағы сұйықтың түссізденуі қанша уақыттан кейін байқалады? Қайсы еріткіш реакция жылдамдығын баяулатады?
Реакция теңдеуі: CH3COCH3 + Br2 = CH3COCH2Br +HBr.
Химиялық тепе-теңдікке температураның әсері
Өзара қосылысқан екі колба алып, оған азот диоксидін толтырыңыз. Сонда қайтымды реакция нәтижесінде тепе-теңдік туады:
2NO2 N2O4 + 13 ккал.
Азот диоксиді NO2 – қоңыр түсті газ, ал N2O4 –солғын сары түсті газ.
Екеуінің қоспасы бұлардың салыстырмалы мөлшеріне қарай солғын сарыдан қоңыр түске дейін өзгереді. Аспаптағы колбаның бірін стақандағы ыстық суға, екіншісін мұзы бар салқын суға салыңыз. Колбадағы газ қоспасының түстеріне назар аударыңыз. Әрбір колбадағы тепе-теңдік қай бағытта өзгереді? Колбаларды стақандардан алыңыз, газдардың түсі енді қалай өзгереді? Ле-Шателье принципін басшылыққа алып, байқаған құбылыстарды түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |