Атом-молекулалық ілім. Барлық заттар атом деп аталатын аса кішкене бөлшектерден түзілген.
Молекула – ол сол заттың химиялық қасиеті бар, ең кіші бөлшегі. Молекуланың химиялық қасиеті оның құрамымен және химиялық құрылысымен анықталады. Молекулалар бір, екі және көпатомды бола алады.
Атом– элементтің химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Элементтің химиялық қасиеттері оның құрылысына байланысты.Осы тұрғыдан қарағанда қазір атомға мынадай анықтама беріледі.
Атом – оң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек.