Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Валенттілік. Химиялық формулалар



бет16/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Валенттілік. Химиялық формулалар.

Химиялық реакциялардың теңдеулері
Элементтің валенттілігі – ол элемент атомының химиялық байланыс түзе келіп, басқа атомдардың белгілі санын қосып алу қабілеттілігі.

Валенттілік атомдардың түзетін химиялық байланыстарының санымен анықталады.

Кез келген молекуланың құрамын химиялық формуламен өрнектеп көрсетуге болады.

Химиялық формуладағы, молекула құрамына енген элемент атомының қанша екендігін қөрсететін сандарды индекстер дейді. Химиялық формула молекуланың сапалық және сандық құрамын (молекула қандай элементтердің атомдарынан тұратындығын және молекулада осы атомдар саны қанша екендігін) көрсетеді.

Молекуладағы атомдардың қосылу реті мен әрбір элементтің валенттілігін көрсететін формулаларды құрылымдық формулалар дейміз. Бұл формулалардағы валенттілік қысқаша сызықшалармен белгіленеді, ондағы сызықша саны элементтің валенттілігіне тең болуы керек. Енді берілген қосылыстардың құрылымдық формуласын жазайық: AsH3, Mg3N2, K2S, SiО2, PCI3 .
H – As – H; K – S – K; Mg = N – Mg – N = Мg; О = Si = О; CI – P – CI

H CI
Химиялық теңдеу – ол химиялық реакцияларды химиялық таңбалар мен формулалар көмегімен өрнектеу.

Мысалы, 2 A1+6HC1=2A1C13 +3H2

Теңдеудегі формулалар алдына қойылған цифрларды коэффициенттер дейді. Олар реакцияға әрбір заттың қанша молі түсіп, қанша моль өнім түзілгендігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет