Химияның негізгі түсініктері Ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін химиялық элемент деп атайды. Әрбір элементтің аты мен өзінің таңбасы болады. Қазіргі кезде 110-нан астам химиялық элемент белгілі.
Химияда қарастырылған шамалардан басқа ерекше физикалық шама – зат мөлшері пайдаланылады. Ол осы заттың құрылымдық бөлшектері (атомдар, молекулалар немесе басқа бөлшектер) санымен анықталады. Зат мөлшері (яғни моль саны) латын әрпі n немесе грек әрпі v (ню) арқылы белгіленеді. Ал зат мөлшерін моль бірлігімен өлшейді.