Зертханалық жұмыс №9.
Кешенді қосылыстар.
Кешенді катиондар
а) Пробиркадағы 1–2 мл күміс нитраты ерітіндісіне ас тұзы ерітіндісін құйыңыз. Оның үстіне аммиак ерітіндісін құйып, ерімтал кешенді қосылыстың [Ag(NH3)2]Cl түзілуіне байланысты тұнбаның еруін бақылаңыз. Тұнба мен кешенді қосылыстың түзілу реакциясының теңдеулерін жазыңыз.
ә) Пробиркадағы 1–2 миллилитр Zn2+, Cu2+ және Cd2+ тұзының ерітінділеріне алғаш түзілген тұнбалар ерігенше аммиактың судағы ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңыз. Zn, Cu және Cd координациялық сандарына назар аударып, реакция теңдеулерін жазыңыз және кешенді қосылыстарды рационалды номенклатура бойынша атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |