2. Гидролиздену дәрежесіне температураның тигізетін әсері.
а) Пробиркаға 2–3 мл натрий ацетаты ерітіндісін құйып, оған 2–3 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Пробиркадағы ерітіндіні қайнағанша қыздырып, ерітінді түсіне назар аударыңыз. Гидролиздену реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Қыздырғанда сұйықтықтың түсі неліктен өзгереді? Ал салқындатқанда не байқалады?
ә) Пробиркаға 2–3 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, оған 2–3 тамшы фенолфталеин тамызып, қайнағанша қыздырыңыз да, ерітіндінің түсінің өзгеруіне назар аударыңыз. Натрий карбонатының гидролиздену реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
б) Пробиркаға 1 мл темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін, 1–2 мл натрий ацетаты ерітіндісін, оның үстіне 3–5 мл дистильденген су құйыңыз. Сұйықтықты қыздырып, бірнеше минут қайнатыңыз. Қоңыр түсті негіздік темір ацетаты тұнбасының түзілуіне назар аударыңыз.
Темір хлориді, натрий карбонаты, натрий ацетаты және су арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз. Қыздырғанда неліктен тұнба түзілетіндігін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |