4. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі Қайталау сұрақтары.
Д.И. Менделеев периодтық заңды қалай, қай жылы ашты және оған қандай анықтама берді?
Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылымын түсіндіріңіз. Период, топ дегеніміз не? Әрбір период пен топта элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?
Д.И. Менделеев әлі ашылмаған элементтердің қасиеттерін болжауда кестені қалай пайдаланды?
Кіші периодтар мен үлкен периодтардағы элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Оны атом құрылысы теориясы қалай түсіндіреді?
Топ дегеніміз не және ол нені көрсетеді? Жүйеде 8 топтың болуын атом құрылысы теориясы қалай түсіндіреді?
Жоғарғы валенттіліктері топтың нөміріне сәйкес келмейтін қандай элементтер?
Негізгі және қосымша топшалар деген не және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
Қандай элементтер электрондық аналогтар деп аталады?
Сыртқы қабатында екі электрондары бар кальций мен мырыш неге толық химиялық аналогтар бола алмайды?
Лантаноидтар мен актиноидтар қандай элементтер? Олар периодтық жүйеде неге бөлек орналасқан?