Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет177/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Берілген 2SO2 + O2 = 2SO3 реакциясының жылдамдығы υ = K∙c2 (SO2)∙с(O2) теңдеуімен сипатталады. Реакцияға түсуші газдар қоспасының қысымын 2 есеге арттырғанда SO2 мен O2 әрекеттесу жылдамдығы қанша есе артады?

Шығарылуы. Қысымды екі есе көбейтсек, SO2 мен O2 концентрациясы да 2 есе артады. Әрекеттесуші массалар заңы бойынша:

υ1 = K∙c2 (SO2)∙с(O2) қысым өзгермей тұрғандағы жылдамдық.

υ2 = K(2c(SO2))2∙2с(O2) = K∙22∙c2(SO2)∙2c(O2) = K∙23∙c2(SO2)∙c(O2) = 8Kc2(SO2)∙c(O2) υ2 = 8υ1

Мысал 2. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін 2 деп алсақ, температурасы 200С-тан 500С-қа көтергенде жылдамдық қалай өзгереді?

Шығарылуы. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі мына қатынаспен өрнектеледі:





яғни

реакция жылдамдығы 8 есе өседі.

Мысал 3. 500С температура кезіндегі реакция 2 минут 15 секундта жүреді. Осы реакция 700С температура кезінде қанша уақыт жүреді, егерде осы аралықтағы реакция жылдамдығының температуралық коээфициенті 3-ке тең болса?

Шығарылуы. Температураны 500С-ман 700С-қа дейін көтергенде реакция жылдамдығы Вант-Гофф ережесіне сәйкес өседі:



яғни реакция жылдамдығы 9 есе өседі.



Анықтамаға сәйкес реакция жылдамдығы реакция уақытына кері пропорциональды:

мұндағы ; - t1 және t2 температураларындағы реакция уақыты;

= 2 мин 15 сек = 135 секунд екендігін ескере отырып, t2 температура кезіндегі реакция уақытын анықтаймыз:


1. Төмендегі сызбанұсқа бойынша жүретін реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының өрнегін жазыңыз:

1) А2(г) + В2(г) = 2АВ(г) 3) А2(г) + В(г) = ВА2(г)

2) 2А2(г) + В2(г) = 2А2В(г) 4) А(ер) + В(ер) = АВ(ер).

2. Азот (ІІ) оксиді мен оттек арасындағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді: а) жүйедегі қысымды 2 есе арттырса; ә) NO парциальдық қысымын 2 есе арттырса (О2 қысымы өзгермейді); б) О2 парциальдық қысымын 2 есе арттырса (NO қысымы өзгермейді)? Жауабы: 1) 8; 2) 4; 3) 2.

3. Күкірттің оттегіде жану реакциясының жылдамдығы оның ауада жану жылдамдығынан неше есе артық? Жауабы: 5 есе.

4. Әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын 3 есе көбейтіп, реакция температурасын 300С-қа төмендетсе, 2А + 2В → С реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді? Температуралық коэффициент 2-ге тең. Жауабы: 1,1 есе.

5. Реакцияға түсуші А затының концентрациясын 2 есе арттырса, ал В затының концентрациясын 2 есе азайтса, 2А + В → А2В реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 2 есе артады.

6. Реакцияға түсуші А затының концентрациясын 4 есе азайтқанда тура бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы өзгермеу үшін 2А2(г) + В2(г) = 2А2В(г) жүйесіндегі В затының концентрациясын неше есе көбейту керек? Жауабы: 16 есе.

7. Азот пен сутектен аммиакты синтездеу кезінде, жүйенің қысымын 4 есе арттырсақ, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 256 есе артады.

8. Реакцияға қатысушы заттар қоспасының температурасын 200С-тан 300С-қа көтергенде реакцияның жылдамдығы 3,5 есе артқан. Температураны 200С-тан 550С-қа жоғарылатсақ, осы реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 80,2 есе артады.

9. Реактордағы температураны 200С-қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы 6,5 есе артты. Егер температураны 300С-қа төмендетсек, реакция неше есе жай жүреді? Жауабы: 16,6 есе жай жүреді.

10. Тамақ өнімдері салынған қалтаның сыртында өнімді мұздатқыштың мұзды камерасында (-180С) 30 тәулікке дейін сақтауға болады деп жазылған. Осы өнімді бөлме температурасында (250С) қанша тәулік сақтауға болады? Жауабы: 25,2 сағат = 1,05 тәулік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет