Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
Гомогенді және гетерогенді химиялық процестердің айырмашылығы неде?
Реакция жылдамдығының константасы дегеніміз не? Оның физикалық мәні неде? Ол қандай бірліктермен өлшенеді?
Гетерогенді реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңы қай түрде қолданылады?
Қандай реакциялардың жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық) температураны жоғарылатқанда артады?
Әрекеттесуші заттар молекулаларының кез-келген соқтығысуы химиялық өзгеріске алып келеді ме? Активті (белсенді) молекулалар дегеніміз не, олардың басқа молекулалардан айырмашылығы неде?
Химиялық реакцияның активтеу энергиясы дегеніміз не? Активтеу энергиясы шамасының реакция жылдамдығына әсері қандай?
Температураны көтергенде неге химиялық әрекеттесу жылдамдығы тез артады: а) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы артқандықтан; ә) активті молекулалардың үлесі артқандықтан; б) сақтану саны көбейгендіктен?
Химиялық реакция жылдамдығына катализатор қалай ықпал етеді?