V – газ көлемі;
Т – абсолюттік температура;
R - әмбебапты газ тұрақтысы;
n – газдың мольдік саны;
m – газ массасы;
М – газдың молярлық массасы.
Эквивалент. Эквивалент заңы
Элементтің эквиваленті деп сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын заттың мөлшерін айтады.
Мысалы иодсутекте HI сутегінің 1 молімен қосылып тұрғандықтан иодтың эквиваленті 1 мольге, күкіртсутекте H2S сутегінің екі молімен қосылып тұрғандықтан күкірттің эквиваленті 1:2 мольге, aммиакта NH3 cутегінің үш молімен қосылып тұрғандықтан азоттың эквиваленті 1:3 мольге, силанда SiH4 сутегінің төрт молімен қосылып тұрғандықтан кремнийдің эквиваленті 1:4 мольге тең болады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы дейді, ал ол г/мольмен көрсетіледі. Жоғарыда келтірілген қосылыстардағы иодтың, күкірттің, азоттың, кремнийдің сәйкес эквиваленттік массалары мынадай: 127г/моль, 32:2=16г/моль, 14:3=4,67г/моль, 28:4=6,5г/моль.
Қосылыстағы элемент молінің қандай бөлігі сутегі атомдарының 1 моліне эквивалентті екенін көрсететін санды эквиваленттік фактор дейді және оны fэкв әрпімен белгілейді. Эквиваленттік фактор өлшемсіз сан, оны 1-ді қосылыстағы сол элементтің валенттілігіне (В) бөлу арқылы табады.
fэкв = 1: В
Мысалы, жоғарыдағы келтірілген қосылыстардағы иодтың, күкірттің, азоттың, кремнийдің сәйкес эквиваленттік факторлары мынадай: 1:1; 1:2; 1:3; 1:4.
Бұдан элементтің зквиваленттік массасы Э немесе элемент эквивалентінің 1 молінің массасы элементтің эквиваленттік факторын оның молярлық массасына (М) көбейткенге тең:
Э= fэкв ·М
Элементтің эквиваленттік массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.
Газдар үшін “бір моль эквиваленттің көлемі” түсінігі енгізілген. Бұл шама қалыпты жағдайда тең:
Достарыңызбен бөлісу: |