Газ заңдары
Көлемдік қатынастар заңы. 1808 жылы Ж. Гей-Люссак көлемдік қатынастар заңын ашты: реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болады.
Газдың күйін масса m, көлем V, қысым Р және температурамен T (T=273+t0C) сипаттауға болады. Осы шамалардың арасындағы байланыс идеалды газдардың заңдарымен өрнектеледі.
Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температурадағы (изотермиялық процесс, Т=cоnst) газдың массасы үшін газ көлемі қысымға кері пропорционалды.
рV = cоnst
Гей-Люссак заңы: тұрақты қысымдағы (изобаралық процесс, Р=cоnst) берілген газдың массасы үшін газ көлемі абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Шарль заңы: тұрақты көлемдегі (изохоралық процесс, V= cоnst) берілген газдың массасы үшін қысым абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Газдардың көлемдерін тек мына жағдайларда ғана салыстыруға болады: 273К және 101,3кПа (1 атм). Бұл температура мен қысымды қалыпты жағдай (қ.ж.) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |