Молекулалық орбитальдар әдісі
Қарастырылған ВБ әдісі көрнекті және әртүрлі молекулалармен иондардың құрылымын, қасиетін (кеңістіктегі конфигурациясын, үйектілігін, байланыстың энергиясы мен ұзындығын және т.б.) болжамдауға мүмкіндік береді. Бұған қарамастан бұл әдіс заттың магниттік қасиетін, жұптаспаған электрондары бар молекулалардың санын және де бірқатар басқа құбылыстарды түсіндіре алмайды.
Бұл деректер ғалымдарды ізденіске жетеледі. 1928 – 1930 жылдары ғалымдар Роберт Малликен және Фридрих Гунд молекулалық орбитальдар (МО) әдісін ойлап тапты. МО әдісінің негізгі ережелері:
1. Молекула өзінің дербестілігін (индивидуальділігін) сақтайтын атомдардың жиынтығы ретінде емес, ол ядро мен электрондардың біріккен жүйесі ретінде қарастырылады;
2. Молекулалардағы электрондар молекулалық орбитальдар бойынша таралады, олар атомдық орбитальдар (АО) сияқты белгілі энергиямен және түрпішінімен сипатталады;
3. Молекулалық орбитальдар екі – немесе көпцентрлік болады.
МО әдісінде атомдық орбитальдардың сызықты қиыстыруы (АОСҚ) барынша кеңінен пайдаланылады. Мұндайда бірнеше ереже сақталады:
МО саны АО санына тең, АО жалпы санынан МО қиыстырылады;
Берілген АО энергиясынан бір МО энергия жоғары болып келсе, басқасынікі (МО) – төмен. Түзілген МО энергиясы шамамен АО орташа энергиясымен бірдей, ал одан өздері (АО) түзіледі;
Электрондар энергияның өсу ретімен АО толтырған сияқты, МО толтырады, мұндайда Паули тиым қағидасы және Гунд ережесі сақталады;
МО түзілуіне тек энергия шамасы бойынша жақын болатын және байланыс осімен салыстырғанда шамамен бірдей симметриясы бар АО қатысады;
Байланыстың беріктілігі атомдық орбитальдардың қайта жабылу дәрежесіне пропорционалды.
Достарыңызбен бөлісу: |