Байланыстардың реті мен энергиясы: МО әдісінде байланыс еселігінің орнына байланыстың реттілігі n түсінігін енгізеді, ол байланыстырушы Nб және қопсытушы Nк молекулалық орбитальдардағы электрондар айырымының жартысына тең:
Егер Nб = Nк болса, онда n = 0 және молекула түзілмейді.
МО әдісінің ВБ әдісінен айырмашылығы сол, онда химиялық байланыс бір электронмен де түзіле беріледі; тиісінше байланыс реті бүтін сан болуымен қатар бөлшекті сан да бола береді: n = ½, 1, 3/2, 2, 5/2, 3 ...
Бірінші период элементтерінің екі атомды молекулалары мен молекулярлық иондары. Сутек молекуласындағы химиялық байланыстың түзілуін электрондық конфигурациямен беруге болады:
2Н [1s1] → Н2[ (σ1s)2].
Байланыстың түзілуі кезінде энергетикалық диаграммамен сәйкестікте 1s – электрон σ1s-молекулярлық орбитальда табылады, ал σּ1s-орбиталі толтырылмай қалады.
Байланыстың реті тең.
Сутек молекуласындағы электрондардың спиндері жұптасқан, және ол диамагнитті.
Сутектің атомы мен оң зарядталған сутек ионы әрекеттескенде молекулярлық Н2+ түзіледі:
Н [1s1] + Н+ [1s0] → Н2+ [ (σ1s)1].
МО байланысының реті молекулярлық Н2+ ионына қарағанда Н2 молекуласының байланыс ұзындығы аз, ал байланыс энергиясы үлкен. МО әдісі теріс зарядталған Н2– ионының түзілу мүмкіндігін нұсқайды:
Н [1s1] + Н– [1s2] → Н2– [ (σ1s)2 (σּ1s)1 ]
Байланысының реті тең. Оның байланыс энергиясы мен ұзындығы Н2+ ионының байланыс энергиясына және ұзындығына жақын болуы керек. Н2+ және Н2– иондарында жұптаспаған электрондар бар және олар парамагнитті.
Оттек молекуласының МО электрондармен толуын қарастырайық:
2О [K2s22p4] →
→ О2 [ KK (σ2s)2 (σּ2s)2 (π2py)2 (π2pz)2 (σ2pх)2 (πּ2py)1 (πּ2pz)1 ]
Қопсытушы πּ2py және πּ2pz-орбитальдарында спиндері бірдей екі жұптаспаған электрон болады. Байланыс реті екіге тең. Сондықтан оттек парамагнитті. Оттектің парамагниттік қасиетін алдын ала болжамдау МО теориясында маңызды жетістік болып табылады.
МО әдісі әмбебаптау және көптеген қосылыстардағы байланыстардың пайда болуы мен сипатын түсіндіре алады. Бірақ та бұл әдіс молекуладағы жекеленген атомдардың және молекула бөліктерінің сипаттамасын ашпайды. ВБ әдісі көрнекілеу және химиялық байланыстар мен көптеген қосылыстардың қасиеттерін түсіндіреді. Сондықтан ВБ және МО әдістері бірін бірі толықтырады.
Иондық байланыс
1916 жылы В.Коссель енгізген иондық байланыс жайлы түсінік бойынша элементтердің реакцияласу қабілеттілігі, олардың атомдарының асыл газдардың электрондық конфигурациясын алуға ұмтылуына әкеледі. Мұндай конфигурацияның түзілуі электрондардың бір атомдардан басқа атомдарға толық ауысу салдарынан болады. Мұндайда түзілген әртүрлі таңбамен зарядталған иондар электростатикалық тартылу күштерімен ұсталады.
Иондардың электростатикалық тартылу күштері арқылы жүзеге асатын химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады.
Na0 – e → Na+
Cl0 + e → Cl–
Na + + Cl - → NaCl
Осындай жолмен түзілетін қосылыстарды иондық деп атайды. Иондық байланыс тек өзінің электртерістілігі бойынша едәуір өзгеше болатын атомдардың арасында ғана түзіледі. Бұл қосылыстардың балқу және қайнау температуралары жоғары, суда ерігенде немесе балқығанда күшті электролиттің қасиеттерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |