Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет192/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Натрий ацетатының 0,1 М ерітіндісінің рН мен гидролиздену дәрежесін есептейміз.

Шығарылуы. СН3СООNa гидролиздену реакциясының теңдеуін жазамыз:

CH3COONa + H2O CH3COOH + NaOH

қысқартылған иондық молекулалық түрде:

СН3СОО- + Н2О СН3СООН + ОН-

с – х х х



Гидролиздену константасы



Егер х моль ацетат-иондар гидролизденсе, онда [CH3COOH] = [OH] = x, [CH3COO-] = c – x , мұндағы с – тұздың бастапқы концентрациясы. (Тепе-теңдік концентрациялары теңдеудегі бөлшектердің астында жазылған). Енді осы белгілеулерімізді гидролиз константасының өрнегіне қойсақ, Ал тұздың өте аз бөлігі ғана гидролизденетінін ескерсек с – х ≈ с, ал болады. екендігі белгілі, осыдан pOH = -lg [OH-] = -lg 7,4∙10-6 = -lg 7,4 – (-6) = 5,1; pH = 14 – pOH = 14 – 5,1 = 8,9.

Гидролиздену дәрежесін h деп белгілесек:



[OH-] = ch, немесе

1. Нәтижесінде аз еритін тұнба, газ және аз диссоциацияланатын қосылыс түзілетін реакция теңдеулерін иондық-молекулалық түрде жазыңыз:

BaCl2 + K2SO4 = NH4Cl + KOH =

K2CO3 + HCl = Ca(HCO3)2 + H2SO4 =

FeCl3 + KOH = NaHSO4 + KOH =

HCl + Ba(OH)2 = AgNO3 + FeCl3 =

Pb(NO3)2 + NaI = Ba(OH)2 + H2SO4 =

AlBr3 + AgNO3 = Pb(CH3COO)2 + K2S =

Na2S + H2SO4 = KHSO3 + H2SO4 =

CuSO4 + KOH = NiCl2 + K2S =

2. Берілген реакциялардың жүруі мүмкін бе? Олар қай бағытта жүреді? (Түсіндіру үшін ерігіштік көбейтіндісінің кестесін пайдаланыңыз).


  1. AgCl + NaI = AgI + NaCl

  2. PbS + K2SO4 = PbSO4 + K2S

  3. BaCO3 + Na2SO4 = BaSO4 + Na2CO3

  4. 2AgBr + K2SO4 = Ag2SO4 + 2 KBr

3. Берілген тұздар үшін гидролиз реакциясының теңдеуін қысқартылған иондық-молекулалық түрде жазып, тұздың ортасын көрсетіңіз:

  1. K2S; 2) Na3PO4; 3) CuSO4; 4) NaCl; 5) FeCl3

4. Берілген тұздар үшін гидролиз реакциясының теңдеуін жазып, тұздың ортасын көрсетіңіз:

  1. Na2SiO3; 2) AlCl3; 3) Na2CO3; 4) K2SO4; 5) CuCl2

5. Берілген тұздарды сулы ерітінділерінің рН өсуі бойынша қатарға орналастырыңыз (тұздардың концентрацияларын бірдей деп алыңыз):

1) Cu(NO3)2; 2) K2CO3; 3) NaCl; 4) Na2S.

6. Натрий ацетаты мен формиатының ерітінділері берілген. (Ерітінділердің СМ бірдей деп есептейміз). Осы ерітінділердің қайсысында сілтілік орта басым?

7. Құрамында 0,2 моль/л натрий ацетаты бар ерітіндінің рН анықтаңыз.

8. Құрамында 0,2 моль/л аммоний хлориді бар ерітіндінің рН анықтаңыз.

9. Фосфат ерітінділерінің Na3PO4, Na2HPO4, NaH2PO4, (ωтұз=1%) рН мәндері 12,1; 8,9; 4,6 сандарына сәйкес. Реакция теңдеулерін жазып, ортаның қышқылдағы неге артатынын түсіндіріңіз.

10. Темір (ІІІ) хлориді (FeCl3) ерітіндісіне Na2CO3 eрітіндісін қосқанда темір (ІІІ) карбонаты емес, Fe(ОН)3 тұнбаға түседі. Неліктен?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет