Есептер мен жаттығулар
Мысал 1. Берілген кешенді иондардағы орталық атом орбитальдарының будандасу типін валенттік байланыс әдісі [ВБ] тұрғысынан анықтаңыз:
1) [Zn(NH3)4]2+; 2) [CoF6]3-; 3) [Co(CN)6]3-
1 мен 2 – диамагнитті, ал 3 – парамагнитті кешендер екені белгілі.
Шығарылуы. 1. Zn2+ ионының электрондық конфигурациясы: [Ar]3d10. Бұл жағдайда Zn2+ - орталық ионның бос орбитальдарына төрт аммиак молекуласының бөлінбеген электрон жұбы келуі қажет. Лигандармен 4δ-байланыс түзу үшін 4 орбиталь қажет: олар 4s-орбиталь және 4р-орбитальдар, яғни sр3-будандасу орын алады. Кешендік ионда тетраэдр түрі болады, оның ортасында Zn2+ ионы, ал төрт төбесінде – NН3 молекулалары орналасады.
2. Орталық Со3+ ионының электрондық конфигурациясы: [Ar]3d6. Алты донорлы-акцепторлық δ-байланыстар түзілуі үшін алты вакантты Со3+ атомдық орбитальдары пайдаланылады. Орталық атомның d-электрондарын жұптастыру үшін лигандтардың өріс күші жетіспейтіндіктен (парамагнитті кешен) алты байланыстың түзілуі сыртқы 4s, 4р және екі 4d-орбитальдар есебінен жүреді.
Будандасу типі – sр3d2. Сыртқы (төртінші) электрондық қабатының d-орбитальдары байланысқа қатысқандықтан, мұндай кешенді қосылыстар «сыртқы орбитальдық» деп аталады. Со3+ ионының электрондық қабатында жұптаспаған (жалқы) электрондардың болуы кешендік қосылыстың парамагниттік қасиеттерін түсіндіреді. Кешендік ионның геометриялық пішіні – октаэдр.
3. Диамагнитті [Co(CN)6]3- кешендік ионындағы Со3+ ионы мен CN- иондарының арасындағы алты донорлық-акцепторлық байланыс түзуге қатысатын вакантты будандасқан (гибридті) орбитальдар түзілу схемасы [CoҒ6]3- ионынан басқаша.
Лигандтар өрісінің әсері есебінен төрт d-электрондарының жұптасуы жүреді де, нәтижесінде екі ішкі (3d) d-орбиталі босатылады. Аммиактың алты молекуласы алты байланысты түзу үшін екі 3d-орбитальдар, бір 4s-орбиталь және 4р-орбитальдар d2sр3 будандасқан орбитальдар пайдаланылды. Кешеннің геометриялық пішіні – октаэдр. Будандасуға сыртқы 4d-орбитальдар емес, ішкі 3d-орбитальдар қатысатындықтан [Co(CN)6]3- кешенін «ішкі орбитальдық» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |