Атомдық радиустар период бойымен солдан оңға қарай кішірейеді және топ бойымен жоғарыдан төмен қарай артады. Бұл ядро зарядының өсуімен, оған сәйкестікте ядроға электронның кулондық тартылу күшінің өсуімен байланысты түсіндіріледі, ал ол өз кезегінде электрондардың өзара тебілу күшінен басымдау келеді. Нәтижеде электрондық қауыздар сығылады.
Иондану энергиясы сілтілік металдар үшін ең кіші (минималды) мәнде болады, ал сонан соң период бойымен оңға қарай өседі де асыл газдарда ең үлкен (максималды) мәнге жетеді (бұл ядро зарядының өсуінен туындайды); иондану энергиясы топ бойымен жоғарыдан төмен қарай азаяды (бұл атом радиусының кішіреюі есебінен жүреді). Иондану энергиясы элементтердің химиялық қасиеттерімен байланысқан: иондану энергиясы кіші болған сайын, элементтердің металдық қасиеті айқындау көрінеді және де керісінше.