Әлеуметтік жағдайының дамуы . Бала әлі де болса үлкендерге тәуелді, өйткені
үлкендер олардың затпен әрекет етуіне жағдай жасайды. Демек, «
бала- зат- үлкендер». Ерте сәбилік кезендегі жетістіктері: Сөйлеуі. Ерте сәбилік шақ- сөйлеуге үйренуге
қолайлы кезең. Сөз үйренуге интенсивті әзірлік, біздің жоғарыда байқағанымыздай,
нәрестелік кезеңнен- ақ басталады: балада фонематикалық естудің негізі қалыптасады,
сөз дыбыстарын қайталау дағдыға айналады, ақырында, алғашқы сөздерді түсіну және
айту пайда болады. Мұның өзі үлкендермен қарым –қатынасын кеңейтеді.
Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүргізіледі: үлкендердің сөзін
түсіну жетілдіріледі және баланың мүлдірмей сөйлеуі қалыптасады.Осы кезде ана
тілінің граматикалық құрылымын игеру де басталады. Әуелі – шамамен 1 жас 10 айға
дейін балалар бір сөзден, кейін екі сөзден тұратын,септеліп,жіктелмейтін сөйлемдермен
шектеледі. Соның өзінде мұндай әрбір сөздің –сөйлемнің әр түрлі мазмұны болуы
мүмкін. Сәби «
мама» дегенді оны бірде «
мама» ,
«мені көтерші » дегенннің, бірде
»
мама, менің далаға шыққым келеді » дегеннің орнына айтуы ғажап емес. Кейінірек
баланың сөздері өзара байланысып, заттар арасындағы пайым қатынастарды білдіретін
болады.
Осы кездегі баланың сөйлеуі
– активті және
пассивті. Баланың белсенді сөйлеуін
дамыту (тілдік қорының дамуы) 1,5 жасқа дейін баяу өтеді Бұл кезде 30-40 және100
сөзді меңгереді. Бірақта оларды өте жиі қолданбайды. 1,5-5 жастан кейін баланың
сөздік қоры жылдам белсенді дамиды. Жасқа қарай баланың сөздік қоры 300 сөзге
дейін, ал 3 жастан кейін 300-1,5000 ға дейін сөздік қоры дами түседі.
Автономиялық сөйлеу дегеніміз –
бұл балалар әдетте үлкендер қолданбайтын сөздерді
айтады немесе тілі келмегендіктен сөздерді өзгертеді. Демек, баланың өзіне тән
сөйлеуі. Мысалы: ав-ав, нәм-нәм т.б.
Сонымен, сәбилік шақтың басында бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп,
олардың арасындағы қарапайым қатынастарды байқап, сол байланыстарды өзінің іс-
әрекетінде пайдалана бастайды. Бұл баланың заттық іс-әрекетті және сөзді игеру
арқылы болатын ақыл- ойының онан әрі дамуына алғышарттар жасайды. Дайын
байланыстарды немесе үлкендер көрсеткен байланыстарды пайдаланудан оларды өзі
орнатуға көшу – бала айлауын дамытудың маңызды басқышы. Алғашында жаңа
байланыс орнату іс жүзінде байқап қарау арқылы жүзеге асады, соның өзінде балаға
кездейсоқ жағдай көмекке келеді.
Көрнекі -әрекеттік ойлауы –
бұл баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің
көмегімен орындалатың ойлауы. Баланың ойлауын дамытуда қорытуды қалыптастыру
–
жалпы белгілері бір заттарды немесе іс-әрекеттерді ойша біріктіру үлкен орын алады.
29
Қорытудың негізі – сөйлеуді үйренуден құралады. Сондықтан да үлкендер баланы
сөздің манызын түсінуге және дұрыс қолдануға үйретудің өзінде қорыту жатыр.