38
Психолог Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы
заңдарын түсіну
кейпін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді.
Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын
көрінеді.
Белгілі балалар психологі Е.Е.Кравцова жас дағдарысының ролін ерекше
бағалайды «баланың бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас
дағдарысы пайда болады». Осы дағдарыстың өтуі нәтижесінде балалардың мектепке
психологиялық даярлығы қалыптасады. (Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер).
Жеті жас
дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде
белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы
дағдарыс кезеңі баланың тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ , алтыдан аса бере,
немесе сегіз жасқа толу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдай анық: ол –7 жас
шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең
аралығындағы шекара іспеттес екендігі. Сондықтан осы дағдарыс кезеңін «мектеп алды
дағдарысы» деп атау орынды.
6-
7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлемдедегі өз орнын түсіне бастайды.Ол өзі
үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын
оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа орынды иелену тілегі қай
кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын
түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И.Божовичтің пікірінше , 7 жас дағдарысы баланың
әлеуметтік «менінің » қалыптасу кезеңі. Өзіңдік сананың өзгеруі- құндылықтар
сипатының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұрын аса маңызды болған жағдайлар қазір
қосалқылық роль атқарып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: