30
құрал-сайманның ерекшелігіне қарай ыңғайлау). Әліде болса балада құрал саймандық
іс-әрекет жетілмеген.
Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең
өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере
бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі.
Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды
игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше
түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен
бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі
сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу
пайда болады.
Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз.
Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін «апаайым»,
екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі
графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: