2.Әдістеме: Зейіннің бөлінуін анықтау.
Сол материал қолданылады. Бірақ бала әр жерінен үзілген екі дөңгелекті бір уақытта белгілеу керек және әр түрлі етіп белгілеу қажет. Мысалы, жоғары және сол жағынан үзілген дөңгелектерді екі түрлі етіп белгілеу. Ескерту: Жоғырда қарыстырылған нәтижеге қарап өңдеуге болады.
3.Әдістеме : «Сөзді тап».
Мұғалім алдын ала тақтаға әріптерді жазып қояды, ал одан оқушылар сөз құрастырулары қажет. Шешімін табу үшін әріптер жинағын оңнан солға қарай оқуы қажет, өйткені буындардың орны ауыстырылып қойылған.
Үлгі әріптер жинағы:
қ, я , а (аяқ)
з, а, в, а (ваза)
о,и,н,к (кино)
з,а,р,о (роза)
у, а, т (тау)
Ескерту: бұл тәсіл талдау және жинақтау процесін дамытуға ықпал етеді.
3.Әдістеме: «Көру диктанты»
Балаларға төмендегі 2-5 секунт көрсетіледі (6-9 ға дейін).Содан соң есте сақтау бойынша ол суреттерді жаңғыртып салу қажет.
Ескерту: тікелей көріп есте сақтауды, әрекет ізділігіне байланысты есте сақтауды дамытуға ыпал етеді.
5. Әдістеме: Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.
Сіздерге қазір адамның қасиеттері мен эмоционалды көріністеріне қатысты модалды ұғымдар ұсынылады. Олар :ашушандық,көкіректік,намыскерлік, сенімпаздық, көре алмаушылық, тұйықтық, кекшілдік, адалдық,ашықтық , жан- тәнімен сүйе алу қасиеті, секемпаздық, өштеушілік, табандылық, нәзіктік, батылсыздық, өкпешілдік, қайырымдылық, ұялшақтық, күдіктенушілік, кейігіштік, түнілімпаздық, шыдамсздық, ұстамдылық, бір нәрсеге бар зейін салып қадалушылық, ынтызарлық , төзімділік, мысқылшылдық. Осы берілген сөздерден өзіңізге «үлгілі» адамның бойынан емес өз бойыңыздан табылғанын қалайтын қасиеттерді сараптау (ажырату) үшін қажет. Реттік сандары жазып алып, соның қатарында бірішіден өз бойыңыздан табылған армандайтын қаиетті көрсетесіз. Сонан соң қажетті деп есептеген қасиеттерді, соңынан өзіңізге ұнамсыз қасиеттер ұғымын жазасыз. Бұл жұмысты орындау барсында тапсырманы басынан және аяғынан бірдей бастауға болады. Басына ең жақсы деген ұғымдары, аяғына ең ұнамсыз деген қасиеттер аттарын жазасыз. Мысалы: басына ең жақсы 10/ 15 қасиет, аяғына да солай бересіз. Ұнамды, ұнамсыз қасиеттер саны тең түсіп жатуы мінедтті емес. Ұнамдысы мол, ұнамсызы азырақ немесе керісінше де болуы мүмкін. Зерттеушілер эталондар қатарын жазып болғанан кейін, оларға екінші нұсқау беріледі. Енді екінші қатарды жаза бастаңыздар – бұл қатарда көрсететіндеріңіз өз басыңызда бар, айқын білінетін қасиеттер және өз бойыңызда жоқ, көрініске ие болмаған қасиеттер. Қатарды баынан және аяғынан бірден бастауға болады. Бұл байқау кезінде бізге керегі қасиеттер сапасы емес, аталған қасиеттердің біліну және көріну деңгейі. Есіңізде болсын, қатардың ең соңында сізге тән емес, бойыңызда кездеспейтін, жоқ қасиет тұруы керек. Яғни қатар басында ең көрнекті қасиетіңіз, аяғында керісінше болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |