4. Әдістеме. «Равен матрицасы » Әдістеме көрнекі –бейнелік ойлауды бағалауға арналған ( тапсырманы шешуде әртүрлі бейнелер мен көрнекілер ұсынылады).
Тапсырмалар Равеннің тестісінен алынған 10 біртіндеп күрделендірілген бір типттегі 10 тапсырманың сериясы беріледі: іздеу заңдылығына сүйеніп бөлшектерді матрицаға орналастыру; ( суреттер үстіңгі бөлігінде үлкен төртбұрыш түрінде көрсетілген) және төмендегі 8 суреттің ішінен сапа жағынан жетпей тұрған жерлерін қосып біріктіру, ол суретке сәкес келуі керек. (берілген матрицианың бөлігінде төменде кішкене жалаушаларға салынған әртүрлі суреттер түрінде көрсетілген.
Бала үлкен матрицианың құрылымын түсінп болған соң, сол матрицаға, суретіне дәлме-дәл сәйкес келген датальді көрсетуі керек немесе көлденеңнен және тігінен оның детальдарын қисынын келтіріп қосады.
Барлық 10 тапсырманы орындау – 10 минут. Содан соң дұрыс шешілген матрицалар саны аныталад және баланың дұрыс шешуде жинаған жалпы балалар қосындысы алынады. Әрбір дұрыс шешілген матрица – 1 балл.
Даму деңгейінің қортындысы:
10 балл- өте жоғары
8-9 балл жоғары
4-7 балл –орташа
2-3 балл – төмен
0-1 балл - өте төмен
Ескерту: матрицианың дұрыс шешімдері :
1-7, 2-6, 3-6, 4-1, 5-2, 6-5, 7-6, 8-1, 9-3, 10-5
Жеткіншек жасындағылардың жаңарыстары мен психикалық процестерін диагностикалау. Әдістеме. Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау (5-6 сынып).
Балаға Ландольттің дөңгелектері бейнеленген бланкі ұсынылып, келесі құсқау беріледі: Қазір екеуміз мынандай ойын ойнаймыз. Ол ойынның аты «Мұқият бол және жұмысты тезірек орында». Бұл ойында сен басқа балалармен сайысқа түсесің, сосын көреміз, сенің қандай нәтижеге жеткеніңді, менінше сенкіде басқа балалардікінен кем шықпайды. Сосын балаға бланкіні көрсетіп, түсіндіріледі, яғни ол қарап, олардың арасынан үзілгендерін (бөлінгендерін) тауып, белгілеу керек. Жұмыс 5 минутқа созылады. Әр минуттан соң зерттеуші «сызық» деген сөзді айтады. Сол кезде бала бланкінің қай жерінде осы сөзді естиді, сол жерге сызық белгісін қояды, 5 минуттан соң, зертеуші «тоқта»деген сөзді айтады. Бала жұмысын аяқтап, бланкінің толтырып келген жеріне осы сөзді естісімен екі сызықша қояды.
Нәтижені өңдеу барысында зерттеуші баланың әр миунт саыйн және 5 минут барсындағы қарастырған дөңгелектердің санын анықтайды. Снымен қатар 5 минут бойына және әр минут бойына жіберген қателерінің санын анықтайды.
Бала зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығы мына формуламен анықталады:
0,5N-2,8 п
S---------------; мұнда
60
S зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші;
Nбаланың бір минутта қарстырған дөңгелектер саны / егер бұл формуланың көмегімен зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығының 5 минут бойындағы жалпы көрсеткіші анықталса, онда N 5 минутт қарастырған дөңгелектер санына тең, п- 5 минут бойында жіберілген қателер саны, ал берілген формуланың бөлімі – 300/.
пбаланың бір минутта жіберген қате саны, өңдеу барысында бес әр минуттік көрсеткіштер S және барлық жалпы бес минут көрсеткіші есептелінеді.