Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович


Р. Мертонның индивидуалды бейімделу тәсілдерінің типологиясы



Pdf көрінісі
бет21/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Р. Мертонның индивидуалды бейімделу тәсілдерінің типологиясы 
Бейімделу тәсілдері 
Мәдени 
мақсаттар 
Институттық 
құралдар 
Конформизм 


Инновация 


Ритуализм 


Ретритизм 


Төңкеріс 
+ - 
+ - 
Р. Мертон мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін жоғарыдағы кестеде 
бейнелейді: 1) конформизм (қоғамың мақсаттары мен құралдарын 
қабылдайды);
2) инновация, реформизм (мақсаттарды қабылдайды оған жету 
құралдарынан бас тартады. Байлық пен табыстың жаңа заңсыз жолдарын 
іздейді мысалы, рэкет) (racketeering);
3) ритуализм (сол қоғамның мақсаттарын қабылдамайды бірақ жету 
құралдарын қабылдайды. Ол күндердің бір күнінде сәттілікке жететініне яғни, 
тағдырына сенеді мысалы, бюракрат);
4) ретритизм, тұйықталу (мақсаттарды да оларға қол жеткізу құралдарын да 
қабылдамайды. Сол қоғамнан алшақтаған нашақор, маскүнем, қаңғыбастыққа 
бой бергендер);
5) төңкеріс (мақсаттар мен оларға жету құралдарынан бас тартып оларды 
жаңасымен ауыстыру. Қоғамдағы тәртіпті ауыстырғысы келетіндер: саяси 
радикалдар, діни ұйымдардың мүшелері, төңкерісшілер). Адамдар аномияға 
осылайша бейімделеді. Бұл көбіне девиантты әрекеттер арқылы жүзеге асады. 
Аталған әрекеттердің ішінде конформизм – ең қалыпты мінез құлық үлгісі 
болса, қалғандары ауытқыған мінез құлық үлгілері болып табылады. Р. 


Мертонның ойынша, қоғам қаншалықты тұрақты дамыса девиантты әрекет те 
аз орын алады яғни адамдар қоғамға конформды қөзқараста болады. 
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу 
арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу 
жолымен қамтамасыз ететін және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып 
табылады. “Әлеуметтік бақылау” ұғымын айналымға алғаш рет енгізген Г. Тард 
бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде 
қарастырған болатын. Шет ел социологтары Ф. Знанецкийдің, Р. Лапьердің, Д. 
Мартиндейлдің, У. Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы 
әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ 
ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын 
жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл 
социологтар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік 
ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-
қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды 
жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Р. Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік 
күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз 
ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп 
қарайды:
1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар;
2) қоғамдық пікір;
3) әлеуметтік институттар.
Санкция – әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау 
мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, 
солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық 
үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін 
жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере 
отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне 
сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын 
түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы 
жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы 
конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен 
әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы 
қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның 
топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке 
аясы болады. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын 
болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет