Негізгі әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық.
2006ж.
3. Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4. Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5. Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6. Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7. Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8. Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9. Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.
Қосымша әдебиеттер
1. Abdiraiymova G. S., Burkhanova D. K. Social structure of society and middle
class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44 p.
2. Abdiraiymova G. S., Burkhanova D. K. Sociology of youth / Textbook. –
Almaty: Qazaq university, 2016. – 98 p.
3. Забирова А. Т. Қолданбалы әлеуметтану: оқу құралы / А. Т. Забирова. -
Алматы: Эверо, 2019. - 206 б. - Библиогр.: 176-179 б.
4. Бейсенова А. А. Гендер әлеуметтануы: оқу құралы / А. А. Бейсенова; ҚР
білім және ғылым мин-гі, Акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
ун-ті. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2018. - 143 б.
5. http://www.sociograd.ru/
Дәріс 7. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Дәріс жоспары:
1. Девиация ұғымы және оның түрлері.
2. Әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, кейде
дұрыс жолдан ауытқып кететін ауытқымалы мінез – құлық - аномия орын алуы
мүмкін. Әлеуметтік норма - адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы
қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет. Әлеуметтану
ғылымының мақсаты әлеуметтік құндылықтарды зерттей отырып, әлеуметтік
норманы орындау және орындамаудың әлеуметтік себептеріне талдау жасап,
девианттық қылықтардың алдын алу шараларын мүмкіндігінше анықтау.
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлықтары көптеген ауытқушылықтарға
ұшырап отырады. Бұл социологиядағы келесі ұғым девианттық мінез құлықтың
көрінісі болып табылады.
Әлеуметтанулық бiлiмнiң шеңберінде арнайы, жеке әлеуметтанулық теория
– девиантты мiнез-құлық әлеуметтануы қалыптасып, дамуда. Ғылымның бұл
саласының негізін қалаушы болып Эмиль Дюркгейм есептеледi, сондай-ақ,
оның дамуына Р. Мертон, А. Коэн, Т. Селлин, Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон,
т.б. ғалымдар әсерін тигізді. Әлеуметтанулық бiлiмнiң бұл саласы қоғамдағы
девиантты (лат. deviatio – ауытқу) мiнез-құлқын зерттеуге бағытталған.
Әлеуметтануда девиантты мiнез-құлыққа өте көп анықтама берiледi.
Көбiнесе «девиантты мiнез-құлық қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен
типтерге сәйкес келмейтiн әрекеттер» ретінде анықталады.
Тар мағынада девиация дегеніміз индивидтiң немесе адамдар тобының
нормалардан жағымсыз ауытқуы (мысалы, заңнан ауытқу). Н. Смелзердiң
ойынша, девиантттылық – бұл iс-әрекеттердiң әлеуметтiк күтулерге сай келуi
немесе келмеуi, сонымен бiрге, «топтың нормаларынан ауытқуы болып
табылатын және оқшаулауға, емдеуге, түзетуге немесе басқа жазаға әкеп
соғатын мiнез-құлқы».
«Девиация термині латынның «deviatio-ауытқу» деген сөзінен шыққан.
Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы
әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға
болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-
әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды
немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз.Ал тар мағынада
девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік
нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.
Позитивті девиация дегеніміз – бұл мінез-құлықтың ауытқуы көптеген
адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық
тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс
берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.
Негативті девиация дегеніміз - керісінше көптеген адамдар тарапынан
жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады.
Латын тiлiнен аударғанда delinguens – «қылық», «кiнәлi» болуды бiлдiредi. Бұл
термин бойынша, бiз тұлғалардың құқыққа қарсы мiнез-құлқы-тұлғаның нақты
iс-әрекетi, қоғамда, заңда тұрақтандырылған норма-ережелерден ауытқу,
бiреуге қоқан-лоққы көрсету немесе қылмысы бойынша жазасын тартатын
азаматтардың нақты iс-әрекетiн түсiнемiз. Заңға қарсы iс-әрекет ететiн адам
деликвенттi тұлға (деликвент) деп аталады.
И. С Кон бойынша девиантты мiнез-құлық екi үлкен категорияға бөлiнедi.
Бiрiншiден, девиантты мiнез-құлық – бұл психикалық денсаулық нормаларынан
ауытқу, мұның негiзiнде анық немесе көрiнбейтiн психопатология жатыр.
Екiншiден, девиантты мiнез-құлық қоғамға қарсы мiнез-құлық болып
табылады. Мұның негiзi әлеуметтiк, мәдени және құқықтық нормалардан
ауытқу арқылы құрылады.
Бұл әрекеттер аса маңызды болмаған жағдайда оларды құқық бұзушылық
деп атайды. Ал қатал және қомақты жазаланатын әрекет болса оны қылмыс деп
атап, әңгiме делинквенттi мiнез-құлық туралы болады. Сонымен делинквенттi
мiнез-құлық дегенiмiз ресми белгiленген нормалардан ауытқу.
Әлеуметтiк күрделi ауытқуды «әлеуметтiк патология» деп атайды. Мұның
салдарынан қоғам мен тұлға мүдделерiне үлкен зиян келедi. Әлеуметтiк
патологиялық құбылыстар деп қоғам үшiн едәуiр қауiптi әлеуметтiк
ауытқуларды, мысалы, қылмыс, нашақорлық және миға зиян келтiретiн
заттарды пайдалану, өзiн-өзi өлтiру, алкоголизм және т.б.
Я. И. Гилинскийдiң айтуынша, әлеуметтiк ауытқу қоғамға пайдалы да
болуы мүмкiн. Оның мысалы жаңалық енгiзу, әлеуметтiк шығармашылықты
жатқызады. Көбiнесе девиантты мiнез-құлықты бұзылған норманың түрiне
байланысты (құқық, мораль, дiни, саяси, т.б. нормалар) бөледi. Сонымен бiрге
сыртқы ортаға бағытталған экстравертивтi (ол мiнез-құлық мақсатты немесе
аффективтi болуы мүмкiн, мысалы, қинау себебiнен қылмыс жасау) және өз-
өзiне бағытталған интравертивтi мiнез-құлықтарды бөледi (мысалы, iшу,
нашақорлық, өзiн-өзi өлтiру).
Сондай-ақ, девиантты мiнез-құлықтың институционалданған формалары,
яғни оны мәдениет элементi ретiнде қарау, кең таралған мысалы өзiн-өзi өлтiру,
(харакири, сати, т.б.), жезөкшелiк (ежелгi храмдар), наша қабылдау салттары.
Ауытқу адамдар санасы мен мiнез–құлқында бiртiндеп қалыптасады,
сондықтан «алғашқы және екінші ретті девиация» түсiнiктерін бөледі. Алғашқы
девиация – маңызды емес немесе адамгершiлiкке жатпайтын әрекеттер жасауды
білдіреді. Кейбiр ауытқуларға қоршаған адамдар көз жұма қарайды, ал кейбiр
ережелердi мойындамайтын адам өзiн оларды бұзушы ретінде қарастырмайды.
Бiр уақытқа дейiн мұндай әрекеттерге мән берiлмейдi, мысалы, спирттiк
iшiмдiктердi кездейсоқ адамдармен iшу.
Ауытқу мiнез–құлқының екiншi деңгейiнде адамды қоршаған әлғуметтiк
орта немесе ресми ұйымдар ашық түрде мораль мен құқық нормаларын бұзушы
деп мойындайды. Мұның нәтижесiнде оның әрекеттерiне белгiлi бiр жауап
болады. Ауытқу мiнез-құлқын қарастырғанда жеке және топтық девиация
түрлерін бөлуге болады. Жеке девиация мораль мен құқық нормаларын бiр
адамның бұзуын айтады, ал топтық девиация кей әлеуметтiк топтың әрекетiнiң
бейнесi болып табылады, мысалы, қылмыстық топ немесе жағымсыз
секталардың субмәдениеті. Ғылыми әдебиеттерде ауытқу мiнез-құлығын
зерттеуге бағытталған теориялық концепциялар өте көп. Кем дегенде үш
теориялық-методологиялық көзқарасты айтуға болады.
Бұл әлемдiк
әлеуметтануда және психология шеңберiнде дамыды. Бiрiншiден, әлеуметтiк
құрылымдық әдiс, бұл ең алдымен Маркс пен Энгельстiң әлеуметтiк дау
теориясы мен экономикалық детерминизм теориясын, құрылымдық
функционализм теориясын, әлеуметтiк дезорганизация мен аномия теориясын
қамтиды. Екіншіден, девиантты мiнез–құлықты зерттеудегi мәдениеттанулық
көзқарас, оған Р. Мертонның социомәдени аномия теориясы, Т. Селлиннiң
мәдениеттер конфликтiсi теориялары жатады. Үшіншіден, тұлғалық көзқарас –
Ч. Ламброзоның антропологиялық үлгiсi, Э. Сатерлендтiң дифференциациалану
теориясы, Э. Фроммның әлеуметтiк сипат және және адамның деструктивтiлiк
теориясын енгiзуге болады.
Рұқсат етілген, яғни қоғаммен мақұлданған мінез-құлық деңгейінің
маңызды көрсеткіштері болып қоғамның, топтар мен индивидтердің
мәдениетінде, өмір сүру салтында бекітілген әлеуметтік нормалар табылады,
олардан ауытқуды патология ретінде қарастырады.
Санкциялар – әлеуметтік нормалардың сақталуына кепілдік беретін
жазалаулар мен марапаттаулар. Құндылықтар – жақсылық, әділеттілік,
патриотизм, достық, т.б. не екені туралы көпшілік адамдардың әлеуметтік
мақұлдайтын және бөлісетін көзқарастары.
Әлеуметтік нормалардың сақталуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік
институт болып әлеуметтік бақылау табылады. П. Бергердің ойынша адам
әлеуметтік бақылаудың түрлері мен формаларын бейнелейтін шеңберлердің
ішінде өмір сүреді. Әрбір шеңбер – бақылаудың жаңа жүйесі.
Ең сыртқы шеңберде қоғамның саяси – заңдық жүйесі тұр. Ол адамның
заңға бағынуына әсер етеді.
Екінші кезекте қоғамда қалыптасқан мораль, дәстүрлер, олар адамды
мәдени жағынан реттейді.
Кәсіби жүйе адамның жұмыс орнындағы іс-әрекеттерін реттеп отырады.
Қоғамдық орта – бұл таныс адамдар, дүкендегі кезек, көліктегі, т.б.
орындардағы адамның қоршаған ортасы, олар адамның қоғамдағы әрекеттерін
реттейді.
Отбасы, достар – адамның тікелей қоршаған ортасы, олар адамның өмірдегі
мінез-құлқын реттеуге әсер етеді.
Жұбайлар
бір-бірінің
өмірлік
ұстанымдары
мен
мінез-құлқын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Ауытқу мінез-құлқының ең қауiптi түрi ретiнде қылмысты атауға болады.
Қылмыс Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi тыйым салатын
қоғамдық қауiптi әрекет.
Девианттық мінез-құлықтың себептерін социологтар бірнеше бағыттардан
іздейді.
1. Адам бойындағы бірқатар кемшіліктерден - эгоизм, көре алмаушылық, өз
мақсатын орындауға деген шектен тыс ұмтылыс, т.б.
2. Олардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен.
3. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдан. (тәрбие, білім, қоршаған орта, жұмыс
істеу мүмкіндігі т.б).
Ғалымдар ауытқушылық мінез – құлық көріністерінің себептерін ашып
көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар. Біріншісі
девианттылықтың себебін биологиялық факторларға қатысы бар деп есептейтін
бағыт.
Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен конформизм -
бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп көңіл бөлінеді?
деген сұрақ қояды. Бұған Дюркгейм былайша жауап береді. Біріншіден,
девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңілін өзіне
тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын
оған деген халықтағы, мемлекеттегі қобалжулықтың көтеріңкі болуымен
байланыстырады. Басқа ғалымдар девиацияның себебін әртүрлі жолдармен
түсіндіреді. Мәселен, ХІХ - ғасырдың аяғында итальян дәрігері Цезаре
Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді
айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай
белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды
әдетте
адам
қалыптасу
эволюциясының
алғашқы
сатысына
ұқсас
болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның иегі шығыңқы,
сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл
концепцияны жақтаушылар көп болды. Мәселен атақты американдық психолог
және дәрігер Уильям Шелдон да (1940) девиацияға байланысты адамның дене
бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын. Мысалы, эндоморфты
адамдар, яғни, біршама дөңгелектеу келген орташа толық адамдар әдетте
көпшіл, елмен тіл табыса алатын жән өз басын бірінші орынға қоймайтын,
басқаның иіне көнгіш болып келеді. Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон
мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар
әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді.
Праис ауытқымалы мінез - құлықтың себебі дене құрылысының
ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдардың бұзылуынан
іздейді.
Екіншісі, девианттылықтың себебін психологиялық факторларға қатысты
деп санайтын бағыт. Зигмунд Фрейд адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы,
есалаңдығы (психопат) теріс мінез - құлықтарды тудыратын себептер деп
дәлелдейді.
Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі жоғарыда
келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы мінез-
құлықтардың басты себептерін әлеуметтік – мәдени факторлардан іздейді.
Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың
себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны
өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу
концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы
аномияға байланысты болады деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың
anomie деген сөзінен шыққан, заңның болмауы деген мағынаны береді. Аномия
- әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің
бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары
сәйкес келмеуі. Аномиялық жағдай заманның өтпелі кезеңдеріне болатын
экономикалық деңгейінің, имандылық дәрежесінің төмендеуіне байланысты
пайда болады. Аномия адамдардың механикалық бірлігінен органикалық
бірлігіне өтуінің толық анықталмау нәтижесі. Аномия ұғымының мәнін Э.
Дюркгейм «Суицид» еңбегінде толық ашып көрсетеді. Ол суицидтің: эгойстік,
альтруистік, аномиялық түрлерін бөліп көрсетеді.
Девиантты әрекеттің әлеуметтік мәдени себептерін ашып көрсеткен Р.
Мертон болды. Аномия ұғымы Р. Мертонның қөзқарасынша адамдардың
мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары арасындағы алшақтықты
білдіреді. Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз
мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе
алмаған жағдайда туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |