Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет33/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Әдебиеттер
1. Бурдье П. «Социальное пространство и генезис «классов» // Бурдье П. 
Социология политики. - М.: Socio-Logos, 1993. 
2. Вебер М. Основные понятия стратификации // Вебер М. Хозяйство и 
общество: очерки понимающей социологии: в 4 т. / сост., общ. ред. и предисл. 
Л. Г. Ионина; Нац. исслед. ун-т «Высшая школа экономики». - М.: Изд. дом 
Высшей школы экономики, 2016. – 445 c. 
3. Дэвис К., Мур У. Некоторые принципы стратификации. // Социальная 
стратификация. Отв. редактор Белановский С. А. Вып. 1. М., 1992 
4. Ильин В.И. Социальное неравенство. М., 2000. 
5. Парсонс Т. Аналитический подход к теории социальной стратификации. 
// Социальная стратификация. Отв. ред. Белановский С. А. Вып.1. М., 1992. 
6. Радаев В.В., Шкаратан О.И. Социальная стратификация. 2-е изд. М., 
1996. 
7. Сорокин П. А. Социальная стратификация и мобильность // П.Сорокин 
Человек. Цивилизация. Общество. М.,1992. – С. 295-424 
8. Уорнер Л. Социальный класс и социальная структура /Уорнер Л. Янки 
Сити // Рубеж 1999, Т. 10-11 
9. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.А. Социальная стратификация в Республике 
Казахстан. Алматы, 1997. 
 
 
 
 
 


Дәріс 12. Экономика, жаһандану және еңбек 
 
Дәріс жоспары: 
1. Жаһандық экономика және еңбек бөлінісі. 
2. Еңбек әлеуметтануы. 
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең 
маңызды обьектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке 
ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар 
адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибиесіне жауап 
ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. 
Экономикалық әлеуметтанудың обьектісіне зерттеушінің қалауына қарай 
алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-
бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, 
экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының 
әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, 
әлеуметтік 
институттар 
(фирмалар, 
акционерлік 
қоғамдар, 
(АО), 
корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, 
еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); 
экономикалық процестер, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар (үстемдік 
ету-бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, 
жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, 
экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық 
жағдайы, 
көңіл-күй, 
тәртіп, 
мұқтаждық, 
талап-тілек, 
әлеуметтік 
құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. 
жатады. 
Экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни 
жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, 
әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай 
әсер ететінін де зерттейді. 
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті – экономикалық құбылыстар 
мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың 
мүдделері тұрғысынан әлеуметтанутұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса 
нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың 
әсер етуін зерттеу болып табылады. 
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық 
құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың, оның ішінді жіктің 
экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқатын, одан туатын сана, ойлау 
және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы 
реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық 
сананы, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі 
экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.
Еңбек – адам өмірінің мәңгілік, табиғи және ең басты шарты. Кең мағынада 
еңбек ұғымы адамдардың материалдық байлықтарды ғана өндіруін айтпайды, 
сонымен қатар рухани құндылықтарды жасауын білдіреді. Осылайша еңбек – 


адамдардың материалдық және мәдени құндылықтарды жасауға бағытталған 
мақсатты тіршіліктері. 
Әлеуметтану 
еңбекті 
әлеуметтік-экономикалық 
процесс 
ретінде 
қарастырады. Еңбек процесі – бұл күрделі және көпаспектілі құбылыс. Оның 
негізгі айқындалу түрлері – адам энергиясының жұмсалуы, жұмысшылардың 
өндіріс құралдарымен өзара әрекеттесуі (еңбек заттары және құралдары) және 
өндіріс барысындағы адамдардың қалай көлденеңінен (біркелкі еңбек процесіне 
қатысу) әрекеттесуі болса солай тегінен (басшылар мен қарамағындағылардың 
қарым-қатынасы) әрекеттесуі. 
Еңбектің 
қоғам 
дамуындағы 
рөлі 
материалдық 
және 
рухани 
құндылықтарды жасау ғана емес, сонымен қатар еңбек процесі барысында адам 
өзінің қабілеттерін көрсетеді, қажетті дағдылар мен білімдерді меңгереді, оны 
толтырады және байытады. Еңбектің шығармашылық мазмұны, өз кезегінде 
сұраныстардың дамуына әкелдіретін жаңа идеялардың пайда болуымен, 
жетілдірілген және жоғары өнім шығаратын еңбек құралдарын, өнімнің, 
материалдардың, энергияның жаңа түрлерін жасаумен байланысты. Еңбек 
процесі барысында адамдар әлеуметтік-экономикалық, бір-бірімен өзара 
қатынасқа түседі. 
Еңбек әлеуметтануының пәні болып, арнайы әлеуметтанулық теория 
ретіндегі, еңбек саласындағы әлеуметтік-экономикалық қатыныстардың, 
әлеуметтік процестер мен құбылыстардың құрылымы мен механизмдері 
табылады. 
Еңбек әлеуметтануының мақсаты – бұл әлеуметтік құбылыстарды, 
процестерді зерттеу, оларды реттеу және басқару бойынша ұсыныстар жасау, 
қоғамның, ұжымның, топтың, жеке индивидтің қызметі үшін оңтайлы жағдай 
жасауға 
бағытталған 
болжамдар 
мен 
жоспарлаулар 
жасау. 
Еңбек 
әлеуметтенуінің міндеттері: 
1. Қоғамның, еңбек ұйымының (ұжымның) әлеуметтік құрылымын оқу 
және оны оптимизациялау. 
2. Еңбек нарығын еңбек ресурстарының оптималдық және рационалды 
мобильділіктерінің реттеушісі ретінде сараптау. 
3. Қазіргі заманғы қызметкердің еңбек потенциалын жүзеге асырудың 
оптимальді жолын қарастыру. 
4. 
Моральдік 
және 
материалдық 
ынталандырудың 
оптималды 
қиюласуының, нарық жағдайындағы еңбекке қатынасты жетілдірудің 
жолдарын іздестіру. 
5. Еңбектік дау-дамайды, конфликтілердің себептерін оқу және оларды 
болдырмаудың және шешудің шаралар жүйесін жасау. 
6. Қызметкерді қорғайтын әлеуметтік кепілдіктердің тиімді жүйесін 
анықтау. 
Тұтастай еңбек әлеуметтануы, бір жағынан, еңбек аясындағы нақты бар 
тіршілік туралы білімді кеңейтуге, екінші жағынан – жаңа байланыстар мен 
процестердің бекітілуіне жағдай жасау. Еңбектік іс-әрекет ылғида нақты бір 
еңбектік – әлеуметтік шарттармен өрімдесіп жатады, белгілі бір әлеуметтік-
кәсіптік топтармен байланыста болады, уақыт пен кеңестік бойынша 


шектелген. Сондықтан әлеуметтану еңбектің әлеуметтік түрлерін және 
шарттарын, оның әлеуметтік ұйымдастырылуын (ұжымдық, жеке бастық, 
еріксіз, өз еркімен) оқытады. Адамның еңбек іс-әрекетіне кіруі механизмін, 
яғни оның құндылық бағдарларын, мотивтерін, еңбекпен қанағаттандырылуын 
және көптеген білу аса маңызды. 
Ғылыми – техникалық прогресс барысында техника және технология жетіле 
түседі.Бұл өз кезегінде адамның өндірістік қызметтерінің өзгеруіне, қол, 
механикаландырылған және автоматтандырылған, күш – жігерлік және ақыл- 
ойлық еңбектердің арасалмағын, оны ұйымдастырудың күрделенуіне әкеліп 
соқтырады. Еңбектің мазмұнындағы терең сапалы өзгерістер оның сипатының 
өзгеруінің де алғышарты болып табылады. 
Еңбек сипатын техника –экономикалық мазмұны, қоғамдық түрі, еңбектің 
әлеуметтік – экономикалық сапасы, әлеуметтік айырмашылықтар: қоғамдық 
жағдайы, әлеуметтік статус, материалдық хал – ахуал, бос уақытын дұрыс 
пайдалану және т.б. анықтайды. Министр, академик, мұғалім, бухгалтер, 
жұмысшы, құрылысшы, ауылдық механизатор, үй жинаушы – бұл мамандық 
өкілдерінің арасындағы әлеуметтік – кәсіптік айырмашылық негізінде еңбек 
сипаты жатыр. 
Еңбек адамның қоғамдық өміріндегі барлық процестерге, құбылыстарға да 
әсер етеді. Еңбек тек қана қандай да бір әрекетпен шектелместен басқа 
қатынастармен қосылады: адамның қоғамдағы қатынастардағы орын және оған 
берілетін бағаны белгілейді. Сондықтан еңбектің өзі де кейде құнды болып 
табылады6 себебі: ол бағалаудың бір өлшемі болып табылады. Мысалы, 
жалқау, еріншек, ұйқыбас т.б. Еңбек басқа да қатынастар сияқты нақты 
қоғамдық шарт ережелеріне белгілер құндылықтар жүйесінде жүзеге асады. 
Бүгін де еңбек адам өмірінің 20-30 бөлігін алады. Бұрындары 50-60 алған. 
Еңбек адамды байыту мүмкін, яғни қоғамдағы орнын өзгертуі мүмкін. Еңбек 
әлеуметтануы еңбек процесіндегі қатынастарды зерттейді. Сонымен қоса еңбек 
әлеуметтануы еңбектің жұмысшыға қоятын талаптары технологияларының 
өзгеруіне байланысты қатынастардың өзгеруі еңбек процесінде адамның 
өзгеруін зерттейді. Мысалы, технологиялардың өзгеруімен асардың өзгеруі. 
Бұл пән еңбек саясатындағы әлеуметтік процестерді зерттейді. Мысалы, еңбек 
бөлісудің өзгеруі, ерлер мен әйелдердің еңбек орнының ауысуы. Маркс пен 
Энгельс адамның тарихи қалыптасуын зерттегенде еңбекке үлкен орны береді 
«еңбек- маймылдан адамды жаратты». 
Еңбек тәрбиелеуге үлкен рөл атқарады. Еңбекке байланысты зерттеулер 
капитализмнің қалыптасуымен бірге дамыды. АҚШ пен Германияда бұл ілім 
өндірістік социология болып табылады. Францияда еңбек процесіндегі барлық 
қоғамдық таптар зерттеді. Негізгі зерттелетін мәселе еңбек ұжымы болып 
қалыптастырылады. Ян. Шипанский еңбекті қоғамдық құбылыс ретінде 
қарастырады. Ондағы жағдайлары мен ниеттемелерді құрылымдағы өзгерістер 
мен ұжымдар мен дамуын қарастырады. Оның пікірінше еңбек – бұл белгілі 
қажетті қанағаттануға бағытталған қоғамдық мәнге не мақсатталған әлеумет. 
Еңбек әлеуметтануы индустриялық қоғамға өту кезеңінде жаңа технологиялар 
игеру кезінде маңызды орын алады. 


ХХ ғасырдың еңбек әлеуметтануында еңбекті қарастырғанда 2 – негізде 
құндылықтар жүйесіне негізделіп зерттеді. 
1) социолистік 
2) капиталистік 
Социолистік жүйеде – еңбек ерекше құндылық ретінде қарастырылды. 
Қандай болмасын еңбек абыройы деп есептеледі. Жезөкшелік еңбек ретінде 
қарастырылған жоқ. Ол қылмыс болып есептеледі. 
Капиталистік жүйеде – еңбектегі бәсекелестіктегі жеке жетістіктер жоғары 
бағаланды. Маңызды ерекшелік мүлікке байланысты болады. Социолистік 
қоғамда негізгі жалдаушы – мемлекет болады. Кішігірім кооператив сияқты 
мекемелерде болады. Бірақ олардың мүмкіндіктері аз болады. Капиталистік 
жүйесінде мемлекетпен қатар маңызды бөлігі – жеке ұйымдар, мекемелер жеке 
адамдар жолдаушы болып табылады. Социолистік жүйенің тығырыққа тірелуі 
экономикалық 
ерекшеліктерге, 
нәтижелерге 
байланысты 
болады. 
Экономикалық өмірдің маңызды саласы – еңбек саласы. 1985 жылы М. 
Горбачев кезінде СССР-да жұмыссыздық жоқ деп есептеген. Қазақстанда 
социолистік еңбек қатынастары жойылғаннан кейін, капиталистік, батыстық 
түсініктер қатынастар еңбек саласында да дамуда. Қазақстан Республикасында 
маңызды проблемалардың бірі – травматизм және жұмысшылардың құқықтары. 
Кейде құрылыста адам өлса, ешқандай шара қолданбайды. 
Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып 
табылатын 
шаруашылық 
нормалардың, 
жүріс-тұрыс 
үлгілерінің, 
таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби 
білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени 
құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік 
зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық 
ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық 
мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа 
маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, 
жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап 
отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана 
мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа 
технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу). 
Отандық 
экономикалық 
социологияның 
табысты 
дамуы 
Батыс 
социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу 
схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Социологиялық-экономикалық 
зерттеулердің: жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, 
келісм-шарттық қатынастар, формальді емес экономикада экономикалық жүріс-
тұрыс саласын зерттеудің кеңеюі талдау категориясының мазмұнын тереңдете 
түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі. 
Еңбек әлеуметтануында қарастырылатын мәселелер: жұмысшылардың 
еңбекке қатынастарын, кәсіби мобильділік, жұмысшының жұмыс орнында 
тұрақтанбауы, еңбектегі тәртіп, престиж (бағаланбау), кәсіби бағдар немесе 
білім беру (ғылыми және технологиялық мәселелер, ортаның физикалық және 
т.б. мәселелері). Бұл жерде жеке сала ретінде жанжалдар, адаптация, 


гуманизация қарастырылмайды. Біз қазір түрлі еңбек түрлерінен құндылықтық 
ұстанымдардың өзгеруін байқаймыз. Бұл процеске қажеттіліктер, мүдделер, 
құндылықтар, түсініктер, еңбек жағдайлары әсер етеді. Саудагер – бұл кәсіпкер 
орташадан жоғары мәртебе иесі. Бұрындары саудагердің мәртебесі төмен 
болған. Еңбек процесінде біз мыналарды қарастырамыз. Субьект – қатынасқа 
түсуші. Биліктің көлемі, мүмкіндіктері, табысы, бөлісуі сипаты, қатынастар 
рәсімдестірілуінің деңгейі, жұмысшылардың қатынас тәсілдері. Еңбек 
саласындағы арақатынастың 3 жағы бар: 
1. Прецевтивтік – жұмысшылардың бірін-бірі қабылдауымен және соның 
негізінде түсінікті қалыптастырумен байланысты. 
2. Коммуникативтік – өндірістік, информацияны алмасуымен байланысты. 
3. Мінез-құлықтық әрекет – алмасумен, ара-қатынасты ұйымдастырумен 
байланысты. 
Еңбек әлеуметтануында бірнеше бағыт бар: 
1. Менеджерлік бағыт – қазіргі заманғы ұйымдарды олардың құрылымын, 
дамуын, қызмет ету тұжырымдары мен критерилерін және басқару стилдерін 
зерттейді. Бұл бағыттың өкілдері мекеме құрылымын ұйымдастырушылықтың 
тиімділігі жағынан, рационалдық және өзара байланыстылығы жағынан, 
тиімділігі жағынан құрастырылады. Бұл жерде адамның еңбегі экономикалық 
жағынан қалыптастырылады. Ал, еңбек әлеуметтануы мекемеде адам факторын 
басқаруға бағытталған деп түсіндіріледі. 
2. Психологиялық бағыт–оның өкілдері еңбектің мативациясын, 
адамдардың қажеттіліктерін, жанжалдарды, бейімделуді, еңбекпен қанағаттану 
деңгейін, инновациялық өнерлік әрекеттерді реформалауға қатынасын 
зерттейді. 
3. Гуманистік бағыт – әлемдік әлеуметтанудың жағымды тиімді 
тәжірибиесін пайдаланады, әлеуметтік процестерді, материалдық және 
әлеуметтік тарихи жағдайында қарастырады. Еңбек әлеуметтануытеориялық 
және қолданбалы ғылым. Оның негізгі мақсаттарының бірі басшыларды адам 
факторын пайдалану негізінде мекеменің тиімділігін арттыру. Автоматизация 
дамыған сайын материалдық стимулдар азая береді. Бұл жағдайларда адам 
еңбек, оған қызықты, тартымды болған жағдайда, онымен жанасатын жағдайда 
жұмыс істейді. 
Бұрынғы Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда 
олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты 
критерийлері болмады. Осының салдарынан миллиондаған адмдар еңбекке 
қалай болса, солай қарап, жұмыс істеу қабілетін жойды, еңбекке 
жауапкершілікпен қарау болмады. Бұл ойымыздың растығын 1997-1998-
жылдары орта мектепті бітіруші оқушылардан сұрау арқылы алынған 
деректерден көруге болады. Орта мектепті бітірушілердің 7%-ы ғана өндірістік, 
маманданған еңбекке құлық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді, ал, 
37% – еңбекті жағымсыз процесс ретінде қарайды. 
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет 
істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам 
жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі 


себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-
техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы 
кеңінен қолданып, қөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз 
қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. 
ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс 
істеуге мәжбүр болатын түрі бар. 
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір 
жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет 
көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, 
денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы 
өсуде. 
Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың 
жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген 
елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай 
көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы 
уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып 
айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік
тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. 
Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып 
қалды. Өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа 
салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың 
кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері 
кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, 
шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір 
көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе 
жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен 
интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр 
түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды. 
1997-1998 
жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір 
деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы 
оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл 
аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік 
шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері 
жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың 
көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. 
Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның 
әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – 
зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек 
көрсету қажет. 
Соңғы жылдары цифрлау, ғаламдастыру және дерегуляция деп аталатын 
факторлар дербес ықпалды күш ретінде қалыптасып келеді. Заманауи нарық 
әсіресе ақпараттық технология саласында технологиялық процестердің әсеріне 
қатты ұшырауда. Сол себепті стратегияны М.Портер үлгісінің негізінде ғана 
дайындап, дамыту мүмкін емес. Алайда тиімді стратегиялардың ешқайсысы 
шектеулі үлгілер шеңберінде қалып қоймайды. 80-жылдардың өзінде 


стратегияны Портер үлгілерінің негізінде ғана құруға болмайтыны туралы сөз 
болған еді. әрбір стратегияда ең алдымен, ішкі және сыртқы факторлар егжей-
тегжейлі талданып, олардың болашақтағы дамуы негізге алынуы керек. Портер 
үлгісі аясындағы дәстүрлі ойлау белгілі деңгейде бәсекеге қабілетті бір 
қатысушының басқаға немесе нарықтың басқа қатысушыларына қатысты жай-
күйі ретінде шектеулі болған еді. Қазіргі кезде өзара тиімді түрде бірлесе 
қызмет ету көзделіп отыр. Бұл мамандандырылған серіктестік байланыстар, 
ортақ стандарттар, стратегиялық одақтар т.б. түрінде болуы мүмкін. 
Ұлттық 
нарықтағы 
бәсекелестік 
әлемдік 
нарықтағы 
дамыған 
сегменттеріндегі бәсекелестікпен салыстырғанда, көптеген әлеуметтік-
экономикалық факторлармен ерекшеленеді:
а) өтем қабілетті сұраныс құрылымының дамымауы мен деңгейінің 
төмендігі;
ә) ұқсас тауарлардың ішкі және әлемдік бағалары арасындағы алшақтық;
б) Бүкіләлемдік сауда ұйымдарына (БСҰ) мүше елдерден бөлек экспорт 
және импорт шығындары;
в) макро- және микродеңгейдегі бәсекелі экономикалық орта сапасының 
төмендігі т.б. Ұлттық нарыққа қатысушы отандық және шетелдік 
қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігіне монополизм, бақыланбайтын 
экономика, коррупция, негізсіз қатерлер елеулі ықпал етеді. Мысалы, жаңа 
қалыптаса бастаған Қазақстан экономикасы жоғары технологиялық өнімдер 
мен ой еңбегін қажет ететін қызмет үлесі басымдық танытатын әлемдік 
нарықтың дамыған сегменттерімен салыстырғанда, жылу-шикізат түрінде сипат 
алған. Нәтижесінде бәсекелесуші субъектілер құрамының ұлттық және сыртқы 
нарықтарда өзіндік ерекшеліктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет