Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет32/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам 
 
Дәріс жоспары: 
1. Масс-медиа мен технологияларды зерттеудің теориялық бағыттары. 
2. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, 
мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері. 
 
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, 
технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған 
бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 
1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника 
аталады, соның арқасында «ақпараттық қоғам» ұғымы біртіндеп басқаларды 
ығыстырады; 
2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және 
әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. 
Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі 
аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі – индустриалды, үшіншісі – 
ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды 
мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен 
супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке 
«кәсіптік» жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі 
стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, 
қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың 
пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, 
адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша 
ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер 
мыналар: 
- экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және 
стандарттық сипаттардан арылту; 
- қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың 
жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда 
ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың 
төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген 
«ақпараттық қауымдастықтармен» алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). 
Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға «шағын» экономикалық 
қалыптарды – үйдегі жеке индивидуалды қызметті, «электронды коттеджді» 
қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының 
басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер 
қызметі және энергетика синтезі негізінде «Ғаламдық электрондық өркениет» 
жобасы – «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). «Компьютерлік 
төңкеріс» біртіндеп дәстүрлі баспаны «электрондық кітаптармен» алмастыруда, 
идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге 
айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам 
теориясында «микроэлектронды төңкерістің» тікелей нәтижесі ретінде 
қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы 


таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін 
азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың 
пікірін есепке алатын телекоммуникациялық «кабельдік желіден» көреді. 
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, 
қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік 
бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.
Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап 
дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа 
шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында 
орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация 
құралдарын бір арнаға тоғыстырған интернет пайда болды.
Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнімділігін
пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға жол ашты. Көне түркі жазулардан 
бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе 
жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ 
интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ 
айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық 
интернет желісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-
тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ 
дәстүрлі түрден заманауи мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді 
контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, 
қолжетімді бола түсті. Осының қарыштап дамуы нәтижесінде және оның 
базасында интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа 
формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика. Академик Ғ. Есімнің: «... 
біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор – 
ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге 
сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі, жетілген коммуникация 
әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» сақтауы мүмкін 
емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария 
етілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, 
тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде» – деген пікірі интернеттің зор 
мүмкіндігін паш етеді.
Орыс ғалымы, журналист В. В. Ворошилов: «Жиырмасыншы ғасырдың 
аяғында бұқаралық ақпарат құралы ретінде глобальды жүйе «Интернет» 
ортамызға сіңісті» – деп интернеттегі ақпаратты журналистиканың түрі ретінде 
қабылдаса, И. Давыдов: «Интернет – ақпарат таратушы жаңа құрал», Я. 
Засурский интернетті «Масс-медиа второй республики» кітабында «Интернет – 
біртұтас жүйелі коммуникациялар каналы» ретінде деп мойындайды. Интернет 
– журналистика, дәстүрлі журналистика ағымына көп өзгеріс алып келді. Ол 
қойнауы шексіз, алмағайып көлемдегі ақпараттарымен ерекшеленеді. Заманауи 
ақпараттық технологиялардың даму нәтижесінде дәстүрлі масс – медианың 
электрондық нұсқалары бәскелестікке түсетін жағдайға жетті.
Қазіргі таңда қоғамның БАҚ-на қояр талабы зор. БАҚ өкілдерінің рухани 
адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-
жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз ісінің маманы болуы шарт.


Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы 
нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор 
құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ 
құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық 
саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, 
жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз 
байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқаралық ақпарат 
құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға көтерді. Ғаламтор 
ақпарат 
ағымының 
тиегін 
ағытты, 
әлемдік 
ақпараттық 
кеңістікті 
қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа 
медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып 
өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ 
интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы 
жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-
жаманын сұрыптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа 
медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек.
Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медианың болашағы алаңдатпай 
қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм 
көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-дың дәурені жүріп тұр. 
Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат 
кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі 
форматтан мультимедиалық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған 
саятындай. Сонымен қатар, 2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан 
Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі 
тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 
бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, 
отандық интернет–БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін 
мәселе.
Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері: 
- қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру; 
- жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер 
бөлігін өсіру; 
мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік: 
- адамдардың тиімді ақпараттық өзара іс-қимылы; 
- әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі; 
- ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын 
қанағаттандыру болып табылады. 
Бұл қызмет негізгі үш стратегиялық бағытта жүзеге асты. Олар: 
- Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызметтер көрсету. 
- Халықты және ұйымдарды қол жетімді және сапалы байланыс 
қызметтерімен қамтамасыз ету. 

Азаматтар 
мен 
ұйымдарды, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру.
Электронды БАҚ-тың халық өмірінде орын алуға септігін тигізген – үшінші 
стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік нүктелерден 


халықтың негізгі бөлігінің қашықтығы олардың қысқа мерзімде алу 
мүмкіндігінің болмауы мен республикада ақпараттық инфрақұрылымдарды 
құру үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі негізгі проблема болып 
көрсетілді. Оларды болдырмау үшін келесі шаралар жүргізілді: 
1) желілік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен дамытуды, 
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру мақсатында 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 
қаулысымен Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай 
ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 – 2012 жылдарға 
арналған тұжырымдамасы қабылданды; 
2) халыққа арналған танымдық порталдар мен Қашықтықтан оқыту 
орталықтары құрылды (ақпараттық технологиялар мен менеджмент 
саласындағы Қашықтықтан және күндізгі оқытудың оқыту-консалтингтік 
орталығы); 
3) халықаралық ІТ-Университеті құрылды; 
4) ұлттық іздеу порталы және балалардың әлеуметтік желісі құрылуда; 
5) www. kaztube. kz бейне-порталдар құрылды.
Осы арқылы интернет желісіне жоғары қолжетімділік деңгейін қамтамасыз 
ету, 
азаматтар 
және 
ұйымдар 
күнделікті 
тұрмыста 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану үшін қазақстандық интернет 
желісі сегментін мемлекеттік қолдаудың шаралар жүйесін құруға қол жеткізді. 
Ал, бұның бәрі электронды БАҚ-ты жиірек қолдануға жол ашты.
Яғни, қарап отырғанымыздай, бағдарламаның негізгі идеясының өзі 
халықты ақпараттандыру, электронды сауаттылығын арттыру, интернет 
кеңістігінде ұлттық ақпараттық қоғам қалыптастыру. Аталған мәселелер алдағы 
уақытта оң шешімін тауып жатары сөзсіз. Себебі қазірде Интернеттің белсенді 
тұтынушыларының саны ел тұрғындарының шамалы бөлігін ғана құрап отыр. 
Азаматтарымыздың басым бөлігі, ауыл тұрғындары. Ал олар, әрине 
интернеттің, электрондық ақпарат алмасу құралдарының не екенін түсіне де 
бермейді. Қалалар мен ауылдарда бұқара қауымның жұмыс жасауына 
мүмкіндіктер ашатын қоғамдық интернет пайдалану орталықтары жоқтың 
қасы. Елімізде интернеттің баяу дамуы мен бұл саладағы бәсекелестіктің 
әлсіздігі провайдерлер қызметінің қымбаттығына себеп болып, халықтың 
басым бөлігі төлем қабілетінің төмендігінен өзінің рухани сұраныстарын 
қамтамасыз етуде интернетті пайдаланудан тыс қалып отыр. Интернетке 
тарифтер планы АҚШ пен Ресейге қарағанда бізде жоғары. Мысалы абоненттік 
төлемақы «Мегалайн Hit»тарифтік план бойынша айына 4104 теңге. Қосылу – 
7182, модемді құру – 2098, оған қоса ADSL-модемінің құнын қосуға болады, ол 
6000-нан жоғары. Сондықтан да әлеуметтік жағдайы орташа кез келген 
мемлекет тұрғыны, оның ішінде студенттің бұған қалтасы келе бермейді. 
Internetworldstats сайтында мына деректер көрсетілген: Қазақстанда интернет 
тұтынушылар 2,7% құрайды. Мысалы, Эстония – 51,8%, Латвия – 45,2%, 
Белоруссия – 35,1%, Ресей – 16,5%, Украина – 11,5%, Әзірбайжан – 8%, 
Армения – 5,5%, Қырғыстан – 5,2%, Өзбекстан – 3,3%, Түркменстан – 0,5%, 
Тәжікстан – 0,1%. Соңғы жылдары «Алтел», «IDnet» шығып, интернет 


қолданушылардың саны біршама артты. Мобильді интернетті қолдану да 
қолжетімді болды. Әртүрлі пакеттер мен мегабайттар сатып алу арқылы 
интернетті қолдану әлдеқайда жеңіл. Алайда, бәсекенің төмендігінен әлі де 
болса интернеттің құны қымбатқа түседі.
Күні бүгінге дейін ақпараттық коммуникациялық технологиясына қатысты 
субъектілердің іс-шараларын құқықтық реттеуге байланысты елімізде бірде–бір 
заң жоқ. Әлемдік аренада мемлекетаралық банк төлемдері мен басқа да іскерлік 
мақсаттарда кеңінен қолданыла бастаған электрондық құжат, электрондық қол 
қою туралы заңдардың болмауы көп ұзамай-ақ республикамыздың саяси-
экономикалық өмірінде орны білінері сөзсіз.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың халықты интернет арқылы 
хабардар етіп отыруын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық талаптар мен 
міндеттердің болмауы себебінен ақпараттық технологиялардың басқару 
органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің жұмысына ену барысы өте 
баяу. Республика деңгейіндегі орталық басқару органдарының ақпараттық 
сайттарының сапасы да сын көтере бермейді, олардың басым көпшілігі 
мемлекеттік тілде жұмыс істемейді. Ана тілімізде интернет жүйесі арқылы төл 
әліпбиімізбен ақпарат алмасу проблемасы да әлі күнге дейін біржақты шешімін 
таппай келеді. Интернетте халқымыздың сауатын жетілдіріп отыратын қазақ 
тіліндегі ақпараттық сайттар тіпті жоқтың қасы. Жоғары білікті мамандар 
даярлау, компьютерлік техника жасау өнеркәсібін жолға қою, ана тіліміздегі 
компьютерлік бағдарламалар секілді проблемалар да мемлекет тарапынан 
арнайы қолдау күтеді.
Бүгінде интернет жүйесі – ақпарат алмасу, әлемдік рынокқа шығу, 
инвестиция тарту, отандық экономиканың әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті, 
ғылым мен білімді, мәдениет саласын, азаматтардың белсенділігін арттыруда 
шешуші рөл атқаруда. Мәселен, қазірде интернет конференциялар өткізу 
дәстүрге айналып келеді. (бұл әдістер әлем мемлекеттерінде де қолданылуда). 
Тіпті бұл үрдіс қарым-қатынастың тиімді түрі болуда. Алғашқыда Елбасының 
қатысуымен электронды үкімет базасында интернет конференциялар өткізіліп 
отырса, бүгінде олардың қатарына телеарналар, ғылым, білім саласындағы 
мекемелер, т.б. қосылды. Мәселен, «Қазақстан ұлттық телеарнасында» 
аптасына бір рет интернет конференция өткізіліп отырады. Мұнда ел өмірінде 
саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы бар мәселелерді талқылап, осы салаға 
қатысты арнайы мамандар шақырылады. Кез келген азамат интернет арқылы 
сұрақ қойып, байланыса алады, айталық, сұрақтар тек интернет желісі арқылы 
ғана қойылады. Веб-сайттардың өзінде де интернет форумдар өтеді. 
Қарағандыдағы Жайық Бектұров атындағы балалар мен жасөспірімдер 
кітапханасы интерактивті интернет конференциялар өткізуді дәстүрге 
айналдырған.
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі 
агенттігінің ұсынған бағдарламасы жоғарыда аталған мәселелердің шешімін 
табуға септігін тигізер. Себебі мұндай көрсеткіштерге жету қоғамның 
инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан 
индустриалдан кейінгі – ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі. 


Сондықтан бұл бастамалар ақпараттық қоғам мен отандық интернеттің дамуын 
арттыратын өзекті мәселелер болмақ.
Дәстүрлі масс-медианың электронды форматқа көшу жолдары мен 
кезеңдері 
Халықта «шамаң жетсе, уақыттан оза жүр, жетпесе қатар жүр, бірақ еш 
уақытта заманнан қалма» – деген сөз бар. Жаһандасу жүйесіне тереңдеп енген 
сайын біздің елімізде де ғаламторды пайдаланушылардың саны артып келеді. 
Түрлі есеп бойынша, Қазақстанның қамтылуы 85-90% аралығында. Қазіргі 
қарқынмен өсетін болса, алдағы 10 жылдың ішінде жер беті интернетпен толық 
қамтылмақшы. Ендігі ретте, адамзаттың индустриалдық дәуірден ақпараттық 
дәуірге өту процесін байқауға болады. Ақпарат пен коммуникация жылдам 
дамып отырған қоғамда ақпаратты пайдалану және оның өндірісін дамыту 
маңызды болып саналмақ. Әсіресе, бұл әлем елдерінің басым бөлігінде ақпарат 
индустриясын дамыту үдерісінен байқалуда.
ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясының жыл сайынғы интернет 
аудиториясын зерттеу қорытындысы бойынша 2009 жылы Қазақстандағы желі 
қолданушыларының саны 3,16 млн адамды, яғни, республика тұрғындарының 
19,8 % құрайды.
Халықаралық электробайланыс одағының 2014 жылдың мамыр айында 
жүргізген есептемелерінің көрсеткіші бойынша, 2014 жылдың соңында 
әлемдегі интернет қолданушылардың саны 3 млрд. жеткен. Осы жылдың 
аяғында Африка елдерінің 20% ғана интернет желісіне қосыла алса, Еуропаның 
75%-ы үшін ғаламтор қолжетімді. Ал, тәуелсіз зерттеу компаниясының 
мәліметтеріне сенсек, 2010 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 
интернет қолданушыларының саны 4,3 млн адамды құраған, бұл дегеніңіз ел 
халқының 26,5 пайыз үлесі. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 
елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға артқанын көрсетеді. 2014 
жылдың сәуір айында Алматы қаласында еліміздегі интернеттің дамуына 
арналған дөңгелек үстелде, сол кезде инвестициялар және даму вице-министрі 
болған Асқар Жұмағалиев елімізде интернет қолданушыларының санының 
өскенін мәлімдеді. Осы жылдың соңында Қазақстандағы интернет 
қолданушылар саны 12 млн. -ға дейін жеткен екен. Вице-министр: «Осыдан 
жыл бұрын ғана интернет қолданушылардың саны халықтың 4% -ын да 
құрамайтын. Ал, қазір қарқынды дамуда. Барлық қалалар мен көптеген аудан 
орталықтарында жедел 3G ұстаса, облыс орталықтарында, тіпті 4G кедергісіз 
ұстайды» – деді өз сөзінде. Сонымен қатар, 2015 жыл толығымен ауылдардағы 
интернет жылдамдығын арттыруға арналатынын мәлімдеген. «Ал қалған 
мектептер e-learning жүйесіне телекоммуникациялық инфрақұрылымның 
дамуына, тиісті қаражаттардың бөлінуіне орай қосылады. Бүгінгі күні 
«Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, үлкен жобалар жасалып жатыр. Ол 
бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері ауылға барады. Бұл 
жобаның бірінші кезеңі 55 миллиард теңгені құрайды. Жоба жүзеге аса 
бастады, яғни жақсы интернет пен талшықты-оптикалық байланыс желісі 
ауылда қолжетімді бола түседі», – деді вице-министр. Жобаның бірінші 
кезеңінде мыңға тарта ауыл осындай байланысқа қол жеткізсе, барлық 


санаттағы ауылды қамтуға 3 жыл кетпек. «Бізде қазір тек 880 елді мекенде ғана 
ескі технология қолданылады, ал біз осы жобаның аясында оларды спутниктік 
технологияларға ауыстырып, сәйкесінше жақсы Интернет ұсынатын боламыз. 
Жалпы, бізде интернет пайдаланушылар саны 70 пайызға жетті, мектептердің 
барлығы дерлік интернетке қосылды. Бұндай дәрежеге жете алмаған елдер де 
бар. Сондықтан да, біз телекоммуникациялық дайындық деңгейі бойынша 
әлемде 38 орында тұрмыз», – деді А. Жұмағалиев.
Қазіргі таңда журналистиканың жекешеленуі кең етек жайып отыр. Әрбір 
тұлға еш шектеусіз, бақылаусыз ақпараттың шығарушысы мен таратушысы 
бола алады. Алайда, отандық интернет басылымдарымыз заңмен реттеліп 
отырады. Ғаламтордағы саясатты реттеп отырған бірден-бір құзырлы мекеме – 
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.
Мәжіліс депутаттары мақұлдаған «Ақпараттық-коммуникациялық желілер» 
туралы Заң жобасы қазақ блогшыларының наразылығын тудырды. Блогшылар 
заң жобасының Қазнеттің болашағына тигізер әсер-ықпалын сараптауға 
тырысты. Дегенмен, қазақ блогшыларының пікірі бір жерден шыға қоймады. 
Кейбіреулері бұл заң жобасына ашық қарсылығын білдірсе, енді біреулері 
шетелдік тәжірибеге сүйеніп, «бұған таңданудың қажеті жоқ» деген пікірлерін 
білдірді.
Аталмыш заң жобасын жасауға атсалысқан жұмысшы тобы мен 
журналистер қауымы бас қосқан жиында ЕҚЫҰ-ның өкілі де пікірін білдірген 
болатын. Сөз бостандығы мәселесі бойынша бюро эксперті Андрей Рихтердің 
айтуы бойынша, бұл заң жобасы интернетте ойды еркін білдіру мүмкіндігін 
шектейді және ең бастысы ЕҚЫҰ принципіне қайшы келеді екен.
Сарапшылардың пікірінше, интернет кеңістігін реттеу туралы заңға 
өзгерістердің еңгізілуі кезекті проблемалардың бірі болып табылады. Бұл 
отандық Қазнет секторындағы тұтынушылардың Рунет зонасына миграциялану 
процесін арттыра отырып, жалпы саяси коммуникативтік процестердің, 
виртуалдық саяси ақпарат кеңістігінің, интернет бизнестің, интернет-
жарнаманың дамуына кедергі келтіреді деп санайды. Бұқаралық медиа және 
интернет секторындағы аталмыш проблемалар отандық ақпараттық 
ағындардың әлсіреуіне әкелмек. Бұл, өз кезегінде, қазақстандық азаматтардың 
ұлттық Қазнет аймағынан ресейлік, шетелдік Интернет секторына ауқымды 
түрде ауысуына ықпал етуде.
Заңға сәйкес барлық интернет-ресурстар БАҚ болып саналғанымен, Қазнет 
есептегіші тек атқаратын функциясына байланысты үндес порталдарды сол 
қатарға жатқызады. Мәселен, Resurs. kz каталогында көрсетілген 201 
электронды БАҚ сайтының тек 123-інде ғана Countzero есептегіші 
қондырылған. Бір қызығы, бұл сайттарда алдыңғы жылы 155 электронды БАҚ 
беттері тіркелген болатын.
Қазақстандық интернеттің «туған күні» қашан деген сұрақтың екі жауабы 
бар. Біріншісі – 1991 жылдың көкек айы. Сол жылы «Парасат» фирмасы 
базасында RELKOM жүйесінің Қазақстандағы алғашқы аймақтық торабы 
ашылған болатын. Бұл торап UUCP бойынша электрондық пошта қызметін 
көрсететін. Ал екінші туған күні – Қазнет дүниеге келген 1994 жылдың 19-


қыркүйегі. Осы күні алғаш рет KZ домені тіркелген болатын. Сол жылдың 
аяғында қазақстандық сайттардың саны 15-ке жеткен. Олардың қандай сипатта 
болғаны туралы мәліметтер, адрестері қазіргі уақытта нақты сақталмаған.
Интернеттің ғаламдық желісіндегі «Интернет-Қазнет»–қазақстандық 
сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігі. Қазнет – Интернет 
желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі. Біз ресейлік 
әлемтордың, яғни Рунеттің бөлігі болып табыламыз. Рунет – бүкіл орыстілді 
интернет. 
Қазнет 
ақпараттық 
ресурстар 
желісінің, 
ақпараттық-
телекоммуникациялар жүйесі мен желісінің, ұйым мен азаматтардың 
ақпаратпен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар мен 
жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін, оларды жүргізу және пайдалану 
технологияларының, 
сондай-ақ 
олардың 
ақпараттық 
қажеттілігін 
қанағаттандыру жиынтығынан тұрады. Осылайша, Қазнет бірыңғай ақпараттық 
кеңістігі мынадай басты құрамдас бөліктерден тұрады деуге болады. Мәселен: 
1) Қазнеттегі ақпаратты, деректерді, мәліметтерді және білім беруді 
құрайтын ақпараттық желілік ресурстар; 
2) Бірыңғай ақпараттық кеңістіктің (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, 
іздеу және беру бөлігінде) жұмыс істеуі мен дамытуды қамтамасыз ететін 
ұйымдық құрылымдардан тұратын және тиісті технологиялар мен 
бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланумен, олардың ақпараттық 
ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін азаматтар мен ұйымдардың өзара 
ақпараттық іс-қимылының құралдарынан тұратын ақпараттық инфрақұрылым.
Желілік ақпарат ресурстар – веб-сайттары Қазнеттің негізгі бөлігі болып 
табылады. Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен басталады. Ал 
1995 жылы маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың – Kazakh 
Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін) каталогы шықты. 1997 
жылы желтоқсан айында қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық веб-
ресурстар рубрикаторы каталогының – «Весь WWW Казахстан» (Catalog. Site. 
KZ) жобасы жарық көрді. Қазнет тарихын дамытудың және сақтаудың жалғыз 
ақпараттық ағартушы портал Lyakhov. kz – Қазнеттің үлкен энциклопедиясы – 
Александр Ляховтың жеке жобасы болып отыр. Александр Егорович Ляхов – 
«Интернеттегі пиар-бұл шекарасы жоқ соғыс» деген пікір айтқан Қазақстанның 
танымал спорт журналисті, жеке блогының уеб баспагері. «Қазақстандағы 
интернет бірлестігінің» вице-президенті.
«Қазнет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады: 
- kz аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары; 
- Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық 
аумақ ресурстары; 
- Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар; 
- Қазақстандық ұйымдардың шетелдік өкілдер ресурстары; 
Қазнет тарихына қысқаша тоқталсақ: 
1996 жылдың 24 желтоқсанынан бері Александр Е. Ляхов «Lyakhov. KZ – 
Большая энциклопедия Казнета» ақпаратты-ағартушы порталының негізін 
салды.


1997 жылы «қазақстандық Интернеттің биресми әкесі» саналатын 
Александр Ляхов «Весь WWW Казахстан» қазақстандық веб-ресурстар 
каталогының жобасын іске қосты.
1998 жылы Интернеттің қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуаль дүкені 
мен Guide Park тауарлар каталогы пайда болды; 
1998 жылдың маусымында Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт пайда 
болды – Физико-технический институт МН-АН РК 
1998 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда Интернет арқылы тұрақты 
радиохабар жүзеге асырылады – Алматы қалалық радиохабар түйінін 
Алматытелеком МОТ сервері арқылы RealAudio технологиясын қолдана 
отырып хабар тарату.
1998 жылдың қазан айынан бастап, тұңғыш рет Казнетте университет 
ресурстарына – «ҚазМУ электронды каталогы» (авторы Мамбеталиев Қ.) қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе қазір 
lib. kazsu. kz сайтында қолданылады.
1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ 
орталығын» жоғары деңгейлі. kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менеджері 
ретінде тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет