«Жаңа-Үлгі негізгі орта мектебі»кмм тақырыбы: «Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс»



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі69 Kb.
#111063
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
0007ffd9-6cc3ac93


«Жаңа-Үлгі негізгі орта мектебі»КММ
Тақырыбы:
«Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс»

Нургалиева Гульназ Кажимуратовна -


физика, информатика пәндерінің мұғалімі


Жаңа-Үлгі ауылы
Алғы сөз

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңарту. Ол үшін алдымызда отырған оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруіміз шарт. Өкінішке орай алдымызға келетін оқушылардың барлығының деңгейі бірдей емес, оқу материалдарын меңгеруі қиынға түсетін, яғни үлгерімі нашар оқушылар да бар. Оқушылардың үлгерімін жақсарту арқылы оқу сапасын көтеру үшін үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізу әдістемемді ұсынып отырмын.



Тұжырымдама.

Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.


Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық әлеуетке де ие болып отыр. Физика дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептік физика курсының білім берудегі ең басты мәнін анықтайды.


Физика пәнін оқытудағы алға қойған мақсаттар:



  1. Даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.




  1. Оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды-құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.



Міндеттер:



  1. Білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми-таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру.




  1. Оқушылардың санасында табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру.




  1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту.




  1. Планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатынасы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру.




  1. Оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет