Сөзсіз (вербалды емес) қарым - қатынас келесі ғылымдарды зерттейді:
Кинесика - адам сезімі және эмоцияның сыртқы көрінісін; Мимика – бет бұлшықетінің қозғалысын; Жестика - дененің жеке бөлігінің қол қимылдары; Пантомимика- бүкіл дененің моторикасын - қалып, тұла бойы, иілу, жүрісті.
Такесика – қатынас кезінде жанасушылық жағдайын: қол алысу, сүйісу, тису, сипау және т.б.
Проксемика – қатынасу кезінде адамның ортаға орнығуы.
Визуалды қатынасу (көз жанасуы) көзқарас арқылы контакт, вербалды коммуникацияның әсерін күшейте түседі.
Көзбен жанасу – вербалды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Өзара көзқарасы адамнан туындаған ситуацияға араласуға құштарлығын, немесе керісінше, қарсылығын айқындайды. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |