Қарым-қатынас негізінде ақпарат берудің және алудың екі формасы болады:
Сөз арқылы (вербалды) коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. Тіл –сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Сөзсіз (вербалды емес) қарым-қатынас – “дене тілі”, “ым-ишара тілі” деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.