Бейвервалды (вервальды емес) коммуникация Орындағандар: Зиноллаева Аяжан, Зиноллаева Анар, Қоңырбай Нұрай, Самалбаева Назкен Филология мамандығының



бет7/8
Дата02.01.2022
өлшемі127,57 Kb.
#23879
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аяжан, Анар, Нұрай, Назкен Вербалды емес коммуникация

ҚОРЫТЫНДЫ

Бейвербалды амалдар қарым-қатынас кезінде тілдік амалдармен қатар қолданылып, адамдар арсындағы қарым-қатынасты жеңіл іске асырып, біреудің ойын екінші адамға түсінікті, жан-жақты жеткізуге ықпал етеді.

Ұлттық-мәдени айырмашылықтарына байланысты бейвербалды амалдар да бір-бірінен ажыратылып отырады. Ұлттық ерекшелік этностың салт-санасына, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады. Әр елдің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмыс-салтындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігі мен дүниетанымының сипаты көрінеді. Осыған орай қазақ жазушылырының шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін терең білуге мүмкіндік береді, адам танымын кеңейтеді. Көркем шығармаларды зерттеу арқылы біз халық қолданысындағы кинемалардың ерекшеліктерінен көптеген қызықты мәліметтер ала аламыз.

Бейвербалды амалдар соған қоса, коммуниканттардың әлеуметтік жағдайы, дәрежесі, жас ерекшелігі,білімі, жасы, мінез сипаты жөнінде қосымша ақпарат беретінін аңғаруға болады. Амандасу, қоштасу рәсіміне байланысты бейвербалды амалдар қай ұлттың болмасын мәдениттілігінің белгісі болып табылады

Ерлер мен әйелдер арасында бейвербалды қарым-қатынас жасау процесі ерекшеленеді. Жыныс арасындағы бейвербалды амалдардың қызметі ұлттық, мәдени, салт-дәстүрлерімен, олардың психологиялық, биологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне орай жеке әйелдерге тән және жеке ерлерге тән, аралас қолданылатын әдет, дағды, ым-ишаралар өмір сүреді. Бұлардың жыныстар арасында орны ауысып келуі салт-дәстүр, тәртіптерге қайшы келіп отырған. Балалардың сөйлеу әрекетіндегі тілдік амалдар табиғи болып келеді, сондықтан өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады

Бейвербалды амалдарды саралай келе ым мен ишараттардың сөз, сөз тіркестері, фразеологизмдер сияқты тілдік бірліктер көмегімен берілетіндігін аңғаруға болады. Ым-ишараттардың арасында моносемантикалық, полисемантикалық, синонимдік, антонимдік, омонимдік, паронимдік, вариантты, окказионалды, архаизмдік, ұлттық, кәсіби, диалектілік, тұрпайы, басқа халықтардан ауысқан кірмелері т.б. болады. Ым-ишараттар лексикологиялық тұрғыдан сөздерге өте ұқсас. Олар сөздер секілді құбылыстардың, түсініктердің атауларын беріп, адамның эмоциясын, көңіл-күйін білдіре алады.

Сонымен қатар бейвербалды амалдар коммуникацияға қатысып отырған екі жақтың эмоциясы мен сезімін анықтаудың бірден-бір құралы, олардың қатысуымен ойды жеткізу әлдеқайда тиімді, әрі жылдам жүзеге асырылады, бұған қоса бейвербалды синонимдер және бевербалды омонимдер тізбегін құрай алатынына көз жеткізуге болады Мұндай бейвербалды синонимдер мен омонимдерді саралап өз орнымен қолдану тек адамның эмоциясын білдіру үшін ғана емес, уақытты үнемдеу үшін, ақпаратты барынша түсінікті жеткізу үшін де тиімді. Ым-ишараттардағы синонимдердің ерекшелігі, лексикалық синонимдер секілді мағыналық реңктерінде. Оларды кейде бірінің орына бірін алмастырып қолдана беруге болмайды. Ал бейвербалды омонимдерге келер болсақ, олардың білдіретін мағынасы тек контексте, ситуацияда ғана анықталады.

Ым-ишараттар теориялық тұрғыдан әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тіл білімінің дербес, жаңа ғылым саласы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет