Тілдегі паратілдік амалдарды қолданудан алынатын мәліметтерді бірнешеге топтастыруға болады: 1.индивидтің жеке белгілері; 2.әлеуметтік-топтық сипаттамасы; 3.сөйлеушінің ұлттық немесе территориялық атрибуттары
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар: 1) бейвербалды амалдар бір сөзбен беріледі. Мысалы, құшақтасу, тізерлеу, ыржию т.б. 2) бейвербалды амалдар еркін сөз тіркесімен беріледі. Мысалы, қолын бұлғау, иегін көтеру, бетінен сүю т.б. 3) бейвербалды амалдар фразеологизмдермен беріледі.
Фразеологизмдердің жасалуына бет, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ т.б. денемүшелері қатысады.
Ғалым Г.Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін «кинетикалық» фразеологизмдер деп атап, оларға табанынан тік тұру, қол қусыру, зыр жүгіру, елбек қағу, құрақ ұшу т.б. секілді мысалдар келтірген. Мұндай тұрақты тіркестер қатарына бармағын тістеу, қабағынан қар жауу, екі көзі шарасынан шығу, мұрнын көкке көтеру, мұрнын тыржиту, теріс қарау, білегін сыбану, тісін қайрау т.б. сияқты адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға болады.
Тіл білімінде бейвербалды амалдар төмендегідей жіктеледі:
фонациялық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктер);
кинесикалық (қимыл, бет қимылы, ым, поза);
графикалық ( жазу, почерк, символдар т.б. )
«Бет-әлпет» ұғымының ауқымына маңдай, көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай сияқты мүшелері қатысады.
Ым (мимика) ұғымына Ж.Нұрсұлтанқызы өз еңбегінде анықтама береді:
«мимика дегеніміз- көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай т.б дене мүшелерінің көмегімен орындалып, белгілі бір ақпарат беретін бейвербалды амалдар жиынтығы»
Тілдегі бейвербалды амалдарды жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады. Қазақ тілінде тек ерлерге тән, (қамшымен көзге шұқу, төс қағыстыру, арқаға қағу) тек әйелдерге тән (бет жырту, бетін шымшу, шашын жайып жіберу т.б) және аралас қолданатын ым-ишараттар бар. Мұндай ишаралар қатарына бас изеу, қол бұлғау, бет сипау, басын шайқау т.б. жатқызуға болады. Қ.Жұбанов күшығыс пен Кавказ халықтарының әдет-ғұрыптарындағы айырмашылықтарының қатарына әйелдердің «ым тілін» атай отырып, осындай үлгілердің қазақ ұлтында да кездесетінін атайды: «...Мұндай, әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, әйел тілінің өзгешелігі қазақта жоқ емес. Сол өзгешелктің бірі-әйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). Бұлар әйелдердің специфик тілі болып табылады»-дейді /3,41/.
Ым-ишарат
|
Білдіретін мағыналары
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
амандасу
|
ашулану
|
«бәрі жақсы»
|
еркелету
|
достық,
мейірбандық
|
қуану
|
қастық
|
күш
көрсету
|
немқұрай-
дылық
|
өзімшілдік
|
ойлану
|
риза болу
|
сөз сұрау
|
таңдану
|
ішімдік
белгісі
|
шақыру
|
ыза болу
|
Арқаға қағу
| | | |
+
|
+
| | | | | | |
+
| | | | | |
Бармағын шығару
| |
+
| | | | | | | | | | | | | | | |
Бас бармағын көрсету
| | |
+
| | | | | | | | | | | | | | |
Бөркін аспанға ату
| | | | | |
+
| | | | | | | | | | | |
Жағадан ұстау
| | | | | | |
+
| | | | | | | | | | |
Жұдырық түю
| |
+
| | | | | | | | | | | | | | | |
Жұдырығымен өзін соғу
| | | | | | | | | | | | | | | | |
+
|
Кеңірдегін шерту
| | | | | | | | | | | | | | |
+
| | |
Кеудесін соғу
| | | | | | | | | |
+
| | | | | | | |
Қабырғаны жұдырығымен ұру
| | | | | | | | | | | | | | | | |
+
|
Қамшыны кеудеге ұстау
|
+
| | | | | | | | | | | | | | | | |
Қамшы сілтеу
| | | | | | | | |
+
| | | | | | | | |
Қамшысын білемдеу
| | | | | | | |
+
| | | | | | | | | |
Қамшыны алдына тастау
| | | | | | | | | | | | |
+
| | | | |
Маңдайын жерге ұру
| | | | | | | | | | | | | | | | |
+
|
Сақалын шошайту
| | | | | | | | | | | | | |
+
| | | |
Сақалын саумалау
| | | | | | | | | | |
+
| | | | | | |
Төс соғысу
|
+
| | | | | | | | | | | | | | | | |
Тымағын бұлғау
| | | | | | | | | | | | | | | |
+
| |
Ер адамға қатысты бейвервалды коммуникация
Балалардың қарым-қатынасындағы ым тілін зерттеуші Н.А.Лемяскина мен И.А.Стерниннің бақылауы бойынша балалар (мектеп оқушылары) бейвербалды амалдарды орташа жиілікте қолданады екен. Атап айтар болсақ, жасы кіші мектеп оқушыларының 37% бейвербалды амалдарды - жиі, 56% кей кездері қолданады. Бірінші сынып оқушысы өз анасымен (балалардың 48%) , әжесімен (37%), достарымен (37%) сөйлеу барысында ым-ишараттарды жиі пайдаланады. Ал әкесімен (18%), ағасы және әпкесімен (12%), іні-қарындастарымен (6%) пікір алмасу кезінде аталған сынып оқушылары қимылды аз қолданады екен. Іскерлік әңгімеде (оқытушымен, үлкен адамдармен) балалар бейвербалды амалдарды аз қолданып, ұстамдырақ болады /29,84/.
Балалар қатынасындағы ерекшелік
Достарыңызбен бөлісу: |