10. Автомобильдің аккумуляторына құю үщін қажетті 35%-тік күкірт
қышқылының ерітіндісінің (тығыздығы 1,260 г/мл) 6 литрін дайындау
үшін 98%-тік концентрлі күкірт қышқылы (тығыздығы 1,84 г/мл) мен
судың қандай көлемдері қажет?
Шешуі: 1-әдіс. Дәстүрлік әдіс. Алдымен 6 л 35%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін қажетті H
2
SO
4
массасын есептейміз. Көлемі 6 л ерітіндінің массасы:
m(ер) = V(ер-ді) ∙ ρ(ер-ді) = 6000 мл∙1,260 г/мл = 7560 г.
Оның құрамындағы сусыз H
2
SO
4
массасы:
m(H
2
SO
4
) = m(ер-ді) ∙ ω(H
2
SO
4
) = 7560 г ∙ 0,35 = 2646 г.
Енді күкірт қышқылының осы қажетті массасы 98%-тік ерітіндінің
қандай көлемінде болатындығын есептейміз.
Егер 100 г ерітіндінің құрамында - 98 г H
2
SO
4
болса,
Онда х г ерітіндінің құрамында - 2646 г H
2
SO
4
болады. Бұдан: х = 2700г.
Оның көлемі:
V
1
=
m
ρ
=
2700 г
1,84 г/мл
= 1467,4 мл
Яғни, V(H
2
O) = 6000 мл – 1467,4 мл = 4532,6 мл.
2-әдіс. Математикалық әдіс. m
1
ω
1
= m
2
ω
2
+ m
3
ω
3
теңдеудегі массаны көлем мен тығыздық арқылы өрнектесек:
V
1
·ρ
1
·ω
1
+ V
2
· ρ
2
·ω
2
= V
3
·ρ
3
·ω
3
V
1
·1,84 ·0,98 + V
2
· ρ
2
·ω
2
= 6000 мл · 1,26 г/мл · 0,35
V
1
·1,84 ·0,98 +(6000 – V
1
)· 1·1 = 6000 мл · 1,26 г/мл · 0,35
Бұдан: V
1
= 1467 мл; Яғни, V(H
2
O) = 6000 мл – 1467 мл = 4533 мл.