«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет27/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

Нейроглия (грекше “neuron” – “жүйке”, “glia” – “желім”) – жүйке ұлпасының қосымша клеткаларының жиынтығы. Ол нейрондардың және оларды қоршап жатқан капилляр қантамырларының арасын толтырып тұрады да нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Бұл терминді ғылымға алғаш рет 1846 жылы неміс ғалымы (клетка теориясын ашқандардың бірі) Р.Вирхов енгізген. Орталық жүйке жүйесі көлемінің 40 пайызға жуығын нейроглиялар құрайды.
Нефрон (грекше “nephros” – “бүйрек”) – омыртқалы жануарлардың бүйрегінің негізгі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі. Адамның екі бүйрегіндегі нефрондар саны 2 млн-ға жуық. Ол бүйректен зәрдің түзілуін қамтамасыз етеді.
Организм (латынша “organizo” – “белгілі бір тұрпат (түр) беремін”) – жалпы алғанда, тірі организм – биологиялық біртұтас жүйе. Ол өзара бір-біріне байланысты түрде қызмет атқарады. Организмдер бірклеткалы және көпклеткалы деп бөлінеді. Организм қазақша ағза деген ұғымды білдіреді.
Онтогенез (грекше “onthos” – “жеке”, “genesis” – “шығу тегі”) – жеке даралардың ұрықтанған кезден бастап өз тіршілігін жойғанға дейінгі даму кезеңі. Бұл терминді 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель алғаш рет ғылымға енгізді. Онтогенез кезінде дамып отырған организм өседі және оны құрайтын ұлпалар, мүшелер құрылысына және атқаратын қызметіне сәйкес жіктеле түседі.
Остеобластар (грекше “osteon” – “сүйек”, “blastos” – “өскін”, “бүршік”, “ұрық”) – сүйек ұлпасының негізгі заттарын құрайтын клеткалар тобы. Сүйектің түзілуі кезінде кальций иондарының шоғырлануын реттейді. Остеобластар дамып келе жатқан сүйек ұлпасының сыртқы бетіне шоғырланады.
Остеокластар (грекше “osteon” – “сүйек”, “klao” – “сындырамын”, “бұзамын”) – сүйек ұлпасының түзілуі кезінде оны ыдырататын көп ядролы ірі клеткалар тобы. Олар шеміршектен сүйектің дамуын қамтамасыз етуге қатысады.
Остеон (грекше “osteon” – “сүйек”) сүйектің тығыз заттарын құрайтын құрылымдық бірлік. Олар бірінің ішіне бірін салып қойған іші қуысты цилиндр пішінді сүйек ұлпасының 5-20 тақташаларынан түзілген. Остеонды кейде гаверс жүйесі деп те атайды. Өйткені остеон орталық гаверс өзегін қоршап жатады.
Перикард (грекше “peri” – “айналасы”, “cardiа” - жүрек) жүректі сыртынан қоршап тұратын дәнекер ұлпалы берік қалта. Оны кейде жүрек қалташасы деп атайды. Перикардты қазақша үлпершек дейді.
Питекантроптар (грекше “pithekos” – маймыл, “anthropos” - адам) архантроптардың (ежелгі адамдардың) қаңқа қалдықтары табылған жеке тобы. Олардың қаңқа қалдықтарын алғаш рет 1890-1892 жылдары нидерланд ғалымы Э.Дюбуа Ява аралынан тапты.
Плевра (грекше “pleura” – “қабырға”, “айнала”) – құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың жалпы дене қуысын астарлап жататын және өкпенің сыртын қоршап жататын серозды қабық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет