«Бекітемін» дтжо



бет3/4
Дата01.05.2022
өлшемі0,69 Mb.
#32997
1   2   3   4
Байланысты:
Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6

Ой қозғау.

Мұғалім:

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (30 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)



(Оқушылар стикерге өз ойларын жазады. )


- Ендеше, балалар, бүгінгі сынып сағатымыз тәуелсіздік жетістіктеріне арналмақ. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұр. Тағыда айта кететін жайт қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы,

фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қазақ КСР-ы Халық әртісі кеңес және қазақ мемлекетінің музыка танушысы, композитор, дирижер ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына, Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жоспарланып отыр.

- Онда келесі кезекті Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған видеороликті көрейік.


__________

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
___________________

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

____________________

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлындай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
____________________

- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


____________________

- Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.


_____________________

- Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады.


_____________________

- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.


___________________

- Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

______________________

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.
________________

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.
_________________

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
________________________

- Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге

танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.
________________

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
_________________

- 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка самғады.


__________________

- 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

Жаса Қазақстаным!

Белді, бекем, буын да.


______________

- 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заны қабылданды. 5 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.


________________

- 1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

____________

- 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

___________

-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай

халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.
_______________

Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.

Кең даламдай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім, тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
__________________

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенсің әрбір тынысыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,



Ана тілім егер сені білмесем.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет