Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»


Қондырғының құрылғысы және жұмыс істеу принципі



бет29/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Қондырғының құрылғысы және жұмыс істеу принципі
Қондырғы металдар мен жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігінің температураға тәуелділігін зерттеуге арналған.
Қондырғы зертханалық электропеште металл және жартылай өткізгіш үлгілерін қыздырып, температурасын өзгерткен кезде үлгінің электрлік кедергісін тікелей өлшеу арқылы электрөткізгіштіктің өзгерісін зерттеуге мүмкіндік береді.
Қондырғы зерттеу объектілері мен конструкциялық аяқталған бұйым ретінде орындалған, зертханалық столда орнатылған және өзара кабельмен жалғанған өлшеу құралдарынан тұрады (3-сурет).



3-сурет. Жартылай өткізгіштің электрөткізгіштігін зерттеуге арналған қондырғы

Зерттеу объектісі конструкторлық құрама корпус түрінде жасалған. Онда ішінде үлгілер, датчик, пеш қосылғанда жанатын лампа, электрпешті суытатын желдеткіш орналасқан электрпеш және басқару схемалары бар электрпеш пен желдеткіштің қоректендіру көздері, сондай-ақ индикация мен коммутация құрылғылары орналасқан. Электропеш үлгілерді қыздыруға арналған және температурасы температура өлшеуіш датчикмен өлшенеді. Желдеткіш қондырғымен жұмыс аяқталғаннан кейін электропешпі тез суытуға арналған. Басқару схемалары бар қоректендіру көздері электропеш пен желдеткішті қоректендіруге және олардың жұмысын өлшеуіш құрылғы арқылы басқаруға арналған. Зерттеу объектісінің алдыңғы панелінде оның ішіне орнатылған пеш пен үлгіні бақылауға арналған терезе бар. Осы панельде тағыда келесідей басқару органдары мен индикациялар орналасқан:



  • «СЕТЬ» ажыратқышы – зерттеу объектісінің қоректендіру көзін қосуға немесе ажыратуға арналған;

  • «ОБРАЗЕЦ» ауыстырып-қосқышы – үлгіні кезекпен өлшеуіш құрылғысының өлшеу кірісіне қосуға арналған;

«ОБРАЗЕЦ» ауыстырып-қосқышының орындары келесі үлгілерді қосуға сәйкес келеді:
«1» - металл (мыс);
«2» - кедергінің төмен температуралық коэффиценті бар балқыма (манганин немесе константан);
Ескерту: Берілген үлгі кедергінің төмен температуралық коэффиценті бар балқымаларды көрсету үшін қондырғыға енгізілген. Температураның жұмыстық диапазонында үлгінің кедерісінің өзгерісі 0,5 % құрайды, температураға қатысты берілген үлгінің кедерісінің өзгерісін зерттеу мәнсіз.
«3» - жартылай өткізгіш (жартылай өткізгіштік термотезистр);
«0» - бұл жағдайда өлшеуіш құрылғының кірісі қысқа тұйықталған.

«СЕТЬ» және «ВЕНТ» индикаторлары – зерттеу объектісінің қоректендіру көзінің қосылуы мен желдеткіштің қосылуын индикациялауға тағайындалған.


Зерттеу объектінің артқы панелінде жерге қосу клеммасы, сақтандырғыштарды ұстаушылар, ашалы желілік шнур және зерттеу объектісіне өлшеуіш құрылғыны қосатын жалғағыш сым орналасқан. Зерттеу объектісі желілік сым арқылы 220 B, 50 Гц желіге қосылады.
Өлшеуіш құрал конструкторлық аяқталған бұйым ретінде жасалған. Мұнда сәйкес толықтырушы құралдары бар бір кристаллды микро-ЭЕМ қолданылған. Бұл зерттеу объектісі үлгілерінің температурасын өлшеуге және қыздырған кезде үлгінің кедергісін өлшеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қондырғыны басқару функцияларын жүзеге асырады. Өлшеуіш құрылғының құрамына оның қоректендіру көздері мен сұйық кристалды индикатор жатады.
Өлшеуіш құрылғының алдыңғы панелінде келесідей индикациялар мен басқару органдары орналасқан:

  • сұйық кристалды индикатор - өлшенетін шамаларды (жоғарғы бөлігінде – температура градуста, Цельсии, төменгі жағында кедергі Омда) және де жұмыс режимін индикациялауға арналған.

  • «НАГРЕВ» және «ВЕНТ» кнопкалары – электрпеш пен желдеткішті сәйкесінше (қайта басу арқылы) қосуға және ажыратуға арналған; пешті қосқан кезде индикаторда "Wаrm" жазуы, желдеткішті қосқанда "Сооl" жазуы пайда болады.

  • «СТОП ИНД» кнопкасы – индикатордан температура және кедергі көрсеткіштерін жазып алу үшін индикацияны тоқтату режиміне қосуға және ажыратуға арналған. Бұл режимді қосқан кезде, “СТОП ИНД” кнопкасын басқанда индикатор көрсеткішіндегі мәндер тұрақталады, осы кезде қондырғының жұмыс режимі өзгермейді (егер кнопны басу алдында пеш қыздырылып жатса, қыздыру жалғаса береді, егер желдеткіш қосылған болса, онда ол жұмысын жалғастыра береді) және индикаторда "Fixed" деген жазу пайда болады. Қайта басқан кезде стоп индикация режимі тоқтатылады да, индикаторда өлшенетін шамалардың ағымдағы мәндері мен жұмыстық режимі пайда болады.

Өлшеуіш құрылғының артқы панелінде “СЕТЬ” ажыратқышы, жерге орнату клеммасы, сақтандырғыш ұстағыштары мен ашалы желілік шнур орналасқан. Өлшеуіш құрылғы желілік шнур арқылы 220 B, 50 Гц желіге қосылады. Құрылғының жұмыс істеу принципі қыздыру процесі кезінде үлгінің кедергісін анықтауға негізделген.


Зертханалық жұмысты орындау процесінде қоршаған орта температурасынан жұмыстық температураның максимумына дейін үлгіні қыздырған кездегі үлгі кедергісінің оның температурасына тәуелділігі алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет