Қондырғының жұмыс істеу принципі -кванттар сцинтилляторға келіп түскеннен кейін (сцинтилляция деп аталатын) жарықтың жарқ етуін тудырады. Сцинтилляциялар ФЭК арқылы электрлік импульстерге тербелістеріне түрленеді және олар өз кезегінде екілік жүйеде жеке ЭЕМ-ге импульс амплитудасының салыстырмалы шамасын жеткізе отырып аналогты-сандық түрлендіргіште талдаудан өтеді.
Зертханалық жұмысты орындау процесінде -сәуле әсер еткен кездегі (фон немесе фон + сәулелену көзі) сцинтилляциялық есептеуіштің жұмысын зерттеледі. Сонымен қатар есептеуіштің шығыс импульстері санының олардың салыстырмалы амплитудасына тәуелділігін көрсететін гистограмма алынады. Сондай-ақ фотоэлектронды көбейткіштің қоректендіру кернеуіне тәуелді және амплитудалық шектеу кезінде шығыс импульстарының қосынды санын бөліп алып есептеу.
Сәулелену көзі үлгіні ұстағышқа орналастырылған, Сәуле көзімен бірге сақтауға ыңғайлы болу үшін жеңіл алынатын етіп орындалған.
Ескерту 1.-сәулелену көзін пайдаланғанда ұстағышқа сәуле көзін орналастырыңыз. Ол үшін үлгі ұстағышының қақпағын бұраңыз, сәуле көзін қақпаның бағытымен ұстағыштың жұмыстық бетіне орнатыңыз және қақпақты қаттырақ бұраңыз (қорек көзіне бөтен заттар енбеуі үшін үлгі ұстағыштың байланысын бояу арқылы қаптаңыз). Ескерту 2.ЭЕМ-ын пайдалану құжатына сәйкес қосуға дайындаңыз.
Жұмыстың орындалу тәртібі 1. Өлшеуіш құрылғыны жүйелік сым арқылы жүйеге қосып, СЕТЬ өосылғышы арқылы қондырғыны іске қосу. Бұл кезде индикатор кВ 0,00 шамасы болуы керек.
2. Жеке ЭВМ деі эксплуатациялық қағазына сай іске қосу.
3. Аппаратты 5 мин көлемінде қыздыру.
4. НАПРЯЖЕНИЕ қол бұрандасын реттец отырып, индикатордағы кВ кернеу шамасын 0,60...1,00(ФЭҚ көзінің кернеуі) қою.
5. Көрсетілетін бағдарлама, Windows 95/98/Ме операциялық жүйелеріне бағдарламаларды енгізу ережелері және солармен жұмыс істеу мағлұматтар біздің сайтымызда бар: http://www.uch.tech.com.ua Бағдарламаны қондырыңыз және оны графикалық сурет түрінде дисплейге шығарыңыз.
6. Зерттеу нысанасына қорек көзі бар үлгі ұстағышын қондыру.
7. Дисплейдегі деректерді қолдана отырып,тербелістерді өткізу сызықтарын орнатыңыз.Тербелістер жоғарғы және төменгі жағынан шектелген.
8. Enter пернесін баса отырып, өлшеу режимін және тіркелген бөлшек санын индикациялауды іске қосу.Өлшеуді қондырғының 50каналы толғанға дейін(автоматтандырылған демалыстар немесе уақыт бойынша қадағаланған аралық арқылы)жасауға болады.
9. Дисплейдегі деректерді пайдалана отырып, тербелістер санын анықтаңыз.Бұл сандарды белгілі аралықтағы берілген амплитуда диапазонда блок детекторлары тіркейді немесе автоматтандырылған демалыс уақытында тіркеледі.
10. 4 пунктіне байланысты тербелісті өткізу жолағын өзгертіңіз.5,6 пунктері бойынша әрекеттерді қайталаңыз.
11. FIO пернесін басып,бағдарлама жұмысын аяқтаңыз.
12. Жұмыс аяқталған соң өлшеу қондырғысының НАПРЯЖЕНИЕ көрсеткіш қолбұрамасын сол жаққа бұрап қою қажет.Жеке ЭВМ ді эксплуатациялық қағазына сай сөндіру және қондырғының көзін СЕТЬ сөндіргіші арқылы өшіру.Өлшеуіштің артқы бөлігінде орналасады.Барлық токқа қосылған сымдарды өшіру, зерттеу нысанасынан өорек көзімен бірге үлгі ұстағышты шешу және оны сақтауға тапсыру.
Әдебиет Лабораторные занятия по физике /под редакцией Л.Л. Гольдина/ изд. «Наука», Москва, 1983 г.