Сутегі атомы ең қарапайым атом болып табылады. Басқа атомдардың шығару спектрлері де серияларға бөлінуі мүмкін, бірақ олар бағынатын заңдылықтар әлдеқайда күрделі. Осы жұмыста, сутегі атомының спектрін зерттей отырып, спектрлік заңдылықтардың пайда болуын кванттық-механикалық түсіндірілуінің әділеттігіне көз жеткізу керек. Тәжірибені дұрыс орындаған кезде әртүрлі сызықтар бойынша есептелген Ридберг тұрақтысы оның теориялық мәніне жақын болуы тиіс
. (7)
Құрылғы және қондырғының жұмыс жасау принципі
Қондырғы зерттеу объектісінен (сәуле шығарғыштан) және өлшеу құрылғысынан тұрады, ал өлшеу құрылғысы ретінде құрылымдық аяқталған бұйым түрінде орындалған сериямен өндірілетін монохроматор қолданылған. Монохроматор зертханалық үстелде, ал зерттеу нысаны рейтердің (монохроматор жинағына кіреді) көмегімен монохроматор тұғырына орнатылады да оған бекітіледі. Қондырғы құрылғыларының жұмыстық күйдегі схемасы 2-суретте келтірілген.
2-сурет. Қондырғының сыртқы түрі
Зерттеу объектісі (сәуле шығарғыш) құрылымы жағынан сутекті шам, оның қоректендіру көзі және дәлдеуіш торабы орнатылған құралмалы корпус түрінде жасалған. Қоректендіру блогы шамды қоректендіруге қажетті жоғарғы кернеуді алу үшін және шам арқылы өтетін разряд тоғын шектеу үшін қызмет атқарады. Дәлдеуіш торабы монохроматордың кіру терезесіне қатысты шамның сәуле шығару бағытын дәлдеу үшін қолданылады. Сәуле шығарғыштың бүйір қабырғасында сәуле шығаруға арналған ақ дақтардан қорғалған шығу терезесі орналасқан. Сәуле шығарғыштың артқы панелінде желінің қосылу индикаторы бар ЖЕЛІ ажыратқышы және шамның дәлдеу винтіне қол жеткізуге болатын саңылау орналасқан. Корпустың түбінде жерге қосу клеммалары, сақтандырғышты ұстағыштар (сақтандыру қапсырмасымен жабулы), ашалы желілік шнур орналасқан. Оған сәуле шығарғышты рейтерге орналастыруға арналған тіреуіш бекітілген. Сәуле шығарғыш желілік шнурдың көмегімен 220 В, 50 Гц желісіне қосылады. Қондырғыда өлшеу құралы ретінде сериямен шығарылатын МУМ типті монохроматор қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |