Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»


Қондырғы құрылғысы және жұмыс жасау принципі



бет33/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Қондырғы құрылғысы және жұмыс жасау принципі.

ФПК-12 қондырғысы жоғарғы мектептердегі инженерлік техникалық мамандықтарға «Кванттық физика» курсы бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған.


Қондырғы есептеуіштің шығыс импульстарының кернеулер спектрін алу жолымен және фотоэлектронды көбейткіштің қоректендіру кернеуіне тәуелді оларды санау арқылы сцинтилляторлық есептеуіштің жұмысын зерттеуге арналған.
Қондырғы зерттеу объектісі мен өлшеуіш құралдан тұрады, олар зертханалық столдарға орнатылатын және өзара кабель арқылы байланысатын, конструктивті түрде аяқталған бұйым ретінде жасалған (4-сурет).
Зерттеу объектісі тіреуіштің көмегімен штативке орнатылған цилиндр түрінде конструкторлық орындалған. Онда сцинтиллятордың кристалы, қорек көзінің тізбегі бар фотоэлектроонды көбейткіш және байланыстыру құрылғысы орналастырылған. Цилиндрдің жоғарғы бөлігінде -сәулелену көзін ұстайтын ұстағыш, ал корпустың төменгі бөлігінде зерттеу объектісін өлшеуіш құрылғыға жалғауға арналған екі разъемды кабель шығарылған (біреуі – жоғарғы вольтті қоректендіру көзіне фотоэлектронды көбейткішті қосу үшін, ал екіншісі – зерттеу объектісінен шыққан сигналды өлшеуіш құрылғысына жіберу үшін және зерттеу объектісінің байланыстыру құрылғыларын қоректендіру кернеуін беру үшін).



4 сурет. Қондырғының сыртқы түрі


Гамма-сәулелену (фондық және қорек көзінен фондық қосу) сцинтилляторға әсер етіп, оның кристалында -квант энергиясына пропорционал жарық импульстарын тудырады және олар фотоэлектронды көбейткіш және байланыстыру құрылғысымен күшейтіледі. Соның нәтижесінде, зерттеу объектісінің шығысында амплитудасы сцинтилляторға әсер ететін -квантының энергиясына пропорционал болатын кернеу импульстерін аламыз. Бұл импульстер әрі қарай өңделуге өлшеуіш құрылғының кірісіне келіп түседі.


Өлшеуіш құрылғы конструкторлы аяқталған бұйым түрінде орындалған. Ол байланыстыру құрылғысынан, жоғарғы вольтты түрлендіргіштен, сандық вольтметрден және қоректендіру көзінен тұрады (4-сурет).
Байланыстыру құрылғысы күшейткіштен, таңдау-сақтау құрылғысынан, күшейткіштен, аналогты-сандық түрлендіргіштен және басқару схемасынан тұрады және зерттеу объектісінен келіп түскен импульстерді өңдеуге, алынған ақпаратты жеке ЭЕМ-на беруге және соңғысымен байланысты ұйымдастыруға тағайындалған.
Жоғарғы вольтты түрлендіргіш пен сандық вольтметр реттелетін жоғары кернеуді алуға және өлшеуге және де зерттеу объектісінің ФЭК-ін қоректендіруге тағайындалған.
Қоректендіру көздері өлшеуіш құрылғы мен зерттеу объектісінің төменгі вольтты тізбектерін қоректендіруге қызмет етеді.
Өлшеуіш құрылғының алдыңғы панелінде келесідей басқару органдары мен индикаторлар орналастырылған:

  • НАПРЯЖЕНИЕ тұтқасы зерттеу объектісінің ФЭК-ін қоректендіретін жоғары кернеуді орнатуға және реттеуге тағайындалған.

  • кВ индикаторы зерттеу объектісінің ФЭК-ін қоректендіретін жоғары кернеу шамасының мәнін индикациялауға тағайындалған.

Өлшеуіш құрылғының артқы панелінде ажырытқыш ЖЕЛІ, жерге қосу клеммасы, сақтандырғышты ұстағыштар (сақтандырғыш тұтқамен жабылған), ашалы желілік шнур, зерттеу объектісін және ЖЭЕМ-сын қосуға арналған разъем бар. Өлшеуіш құрылғы желілік шнур көмегімен 220 В, 50 Гц желіге қосылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет