«Бекітемін» И. Панфилов атындағы



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі27,18 Kb.
#21429
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Оқу тақырыптық жоспар

6-сынып



Сабақтың тақырыптары

Теория

Практика

Мерзімі

1

Кіріспе сабақ. Қазақ тіл білімі туралы.

1







2

Күрделі сөздерді қайталау

1







3

Бірге жазылатын сөздерге жаттығу жұмыстары




1




4

Бөлек жазылатын сөздерге жаттығу жұмыстары

1







5

Екпін.Екпіннің түрлері

1







6

Тест тапсырмалары




1




7

Тұрақты тіркестер

1







8

Неологизмдер

1







9

Диалект сөздердің тарихи мәні

1







10

Термин сөздер

1







11

Көнерген сөздер

1







12

Архаизм мен историзм

1







13

Тест тапсырмалары




1




13

Есімдік туралы түсінік

1







14

Есімдіктердің түрленуі

1







15

Біріккен сөздер

1







16

Жаңа сөздер

1







17

Кірме сөздер

1







18

Тест тапсырмалары

1







19

Етістіктің құрылысына қарай бөлінуі

1







20

Сабақты және салт етістіктер

1







21

Етістің түрлері

1







22

Етістің түрлеріне жаттығу жұмыстары

1







23

Үстеудің мағыналық түрлері

1







24

Үстеудің мағыналық түрлеріне жаттығу жұмыстары

1







25

Тыныс белгілер туралы түсінік

1







26

Үндестік заңын қайталау

1







27

Зат есімнің құрамдық,мағыналық түрлері




1




28

Сын есімнің құрамдық,мағыналық түрлері

1







29

Сан есімнің құрамдық,мағыналық түрлері

1







30

Төл сөз .Автор сөзі.Төлеу сөз.

1







31

Төл сөз .Автор сөзі.Төлеу сөзінің тыныс белгілері

1







32

Тест тапсырмалары



1




33

Бақылау жұмысы: қима қағаздармен жұмыс




1




34

Қорытынды сабақ

1













26

8







Барлығы:

34





Оқу курсының тақырыптарының мазмұны

Кіріспе сабақ. Қазақ тілі туралы (1 сағат)

Түркі тілдер тобының 6 топқа бөлінуі. Оңтүстік тобы (түрік, гагауыз, әзірбайжан, түркімен), батыс тобы (қарайым, қарашай, балқар, қырым татарлары, құмық, татар, башқұрт), орталық топ (қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз), шығыс тобы (өзбек, ұйғыр, сары, слар), солтүстік тобы (алтай, шор, хакас, тува, тофа, саха), чуваш тобы. Көне түркі тілдері (хазар, бұлғар, ғұн, көктүрік, сақ, авар) мен әлемдегі түркі тілді халықтар тіл туыстығы жағынан 6 топқа бөлінеді. Қыпшақ бұтағы, оғыз бұтағы, қарлық бұтағы, аралық бұтақ, чуваш, саха. Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заңдары (1998., 1995., 1997 ж.ж.) Қазақстан Республикасының Ата Заңында қазақ тіліне берілген бабы (7 бап), қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, дамыту мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы» (2001-2010 ж.ж.) басшылыққа алу. Заң тұжырымдамаларын жаттау.



Қазақ тіл білімі тараулары туралы тусінік.

Фонетика туралы (1 сағат)

Қазақ лингвистика ғылымы үлкен 3 салаға бөлінеді. Лингвистика қай тілден енгенін айту. Фонетика, лексика, грамматиканың зерттеу зерттеу салаларына қысқаша тоқталу. Фонетика және орфография.



Дауысты дыбыстардың емлесі (1 сағат)

Дыбыс, фонема, әріп, алфавит. Тіл дыбыстары туралы түсінік. Дауысты дыбыстардың емлесі: а,ә,е,о,ө,ү,ұ,у,ы,і,и,я,ю,е,э., әріптерінің қолдануы



Үндестік заңы (1 сағат)

Буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар. Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдың түрлері. Екпін. Ой екпіні, сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар.



Тест (1 сағат)

Орфография және орфэпия (1 сағат)

Орфография дұрыс жазудың нормасы, орфоэпия дұрыс сөйлеудің нормасы. Орфографиялық заңдылық негізделетін принциптер: А) фонетикалық; ә) дәстүрлі принцип; б) морфологиялық принцип.



Лексика тарауы туралы түсінік (1 сағат)

Лексиканың негізгі салалары: Сөз бен ұғым. Сөз бен мағына. Сөз мағыналары.



Омоним мен полисемияның айырмашылығын түсіндіру (1 сағат)

Табу сөздер мен этимология тарауы туралы түсінік беру. Ономастика,топонимикалық сөздердің шығу тарихы.



Эвфемизм мен дисфемизм (1 сағат)

Тілдің суреттеме құрал троптарын оқыту. Метафора, эпитет, синекдоха, метонимия, теңеуді көркем мәтіндерді пайдалана отырып ұғындыру. Термин сөздер, олардың қолдану аясын айту. Басқа тілден енген сөздерді ажырата білуге үйрету. Араб-Иран тілдерінен, Монғол тілдерінен, Түркі тілдерінен енген сөздерді білуге бағыт беру.



Фразеологиялық сөз тіркестері (1 сағат)

Фразеология грк тілінен шыққан термин. Фразеологиялық сөз тіркесі екіге бөлінеді. Олар фразалық тіркес пен идиомалық тіркес. Мақал мен мәтелдердің айырмашылығын оқыту.



Диалектология туралы жалпы түсінік (1 сағат)

Арготизм: жергілікті диалектілер мен әлеуметік диалект, әдеби тілдің ара салмағын ұғындыру. Говор, диалект, метатеза туралы түсінік беру.



Сөздіктің түрлері (1 сағат)

Сөздік дегеніміз не?

Омоним, энциклопедиялық, синонимдік, аударма, түсіндірме, терминдік сөздіктер



Тест (1 сағат)

Грамматика тараулары туралы жалпы түсінік

Сөзжасам және орфография (1 сағат)

Сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық ұя, сөзжасам жүйесі. «Грамматика» терминіне түсінік беру. Тарихи грамматика, сипаттама (синхрондық) грамматика, салыстырмалы грамматика бөлімдеріне шолу жасау. Грамматикалық тәсілдер, грамматикалық құрылым,грамматикалық форма, грамматикалық мағынаны ажврату. Граматикалық тәсілдер үшке бөлінеді: олар синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдер. Жұрнақтар, нөлдік форма, көмекші морфема, сөз тұлғаларын оқыту. Дара сөздер мен күрделі сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. Негізгі және көмекші сөздерді мысалдармен ұғындыру. Туынды сөздер бес түрлі жолмен жасалатынын дәлелдеу: лексикалық жолмен, жұрнақтар арқылы, бірігу арқылы, қосарлану, тіркесу жолдарымен.



Сөзжасам жүйесі (1 сағат)

Зат есімнің сөзжасамы. Сын есімнің сөзжасамы, сан есімнің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы (шақ, рай, есімше, көсемше, етіс, тұйық етістік, болымды болымсыз етстік категориялары.) Есімдіктің сөзжасамы: (құрамына қарай, тұлғасына қарай, мағынасына қарай бөлінуі) Еліктеуіш сөздердің сөзжасамы: (дыбыстық және бейнелік түрлері) одағайдың сөзжасамы: (шақыру, жекіру , көңіл-күй одағайлары) шылаудың түрлері: жалғаулық, демеулік, септеулік, сұраулық.



Синтаксис және пунктуация туралы жалпы түсінік (1 сағат)

Синтаксис грек тілінен енген сөз (Sintaxis-құрастыру деген мағынаныбілдіреді.) сигтаксистің басты арнаулы объектісі екеу: бірі-сөз, екіншісі-сөйлем. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері төртеу: интонация арқылы , орын тәртібі арқылы, жалғау арқылы, шылау арқылы. Сөз тіркесінің байланысу түрлері: қиысу, меңгеру, матасу, жанасу, қабысу. Сөз тіркесінің топтастыру принциптері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері екеу, олар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.



Сөз тіркесінің құрылысы (1сағат)

Сөз тіркесінің лексика - грамматикалық мағыналарын оқыту.

Тұрақты сөз тіркесі мен еркін сөз тіркесінің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.



Сөйлем туралы түсінік (1сағат)

Сөйлем, және оның негізгі белгілерін білу. Айтылу мақсатына қарай сөлемдер: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.



Сөйлем мүшелері, оның негізгі белгілері (1 сағат)

  1. Бастауыш, негізгі белгілері; құрамы, мағынасына қарай бөлінуі.

  2. Баяндауыштың негізгі бегілерін оқыту: есім, етістік, құрама баяндауыштар. «Предикат» деген термин баяндауыш екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Предикативтік қатынас: Толықтауыштың негізгі белгілері: мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері: Анықтауыш, негізгі белгілері:мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері. Пысықтауыш: негізгі белгілері:мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері.

Үстеудің мағналық түрлерне жаттығу жұмыстары(1сағат)

Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің өзіндік ерекшеліктері, олардың тыныс белгілері, орын тәртібі туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы. Оңашаланған айқындауыш, тыныс белгілері. Қосарлы айқындауыш. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы.



Тыныс белгілері (1 сағат)

Сөздердің орын тәртібі және ой екпіні



Етістің түрлері(1сағат)

Жақты және жақсыз сөйлем. Жақсыз сөйлемнің жасалуы. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Атаулы сөйлем. Тірек сызбаларды қолдана отырып, мысалдармен түсіндіру.



Үстеудің мағналық түрлері(1 сағат)

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем. Тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем: көп бағыныңқылы сабақтас пен көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін ажырата білу. Көп бағыныңқы сабақтас, оның екі түрі: сатылы және жарыспалы көп бағыныңқы (Бірыңғай және әралуан жарыспалы сабақтас)



(1сағат)

Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.



Тест тапсырмалары (1сағат)

Үндестік заңын қайталау (1 сағат)

Үндестік заңы туралы түсінік түсінік беру, ұғымды тереңдету.



Зат есім (1сағат)

Ауызекі сөзге ерекшелік беретін түрдері лексикалық тұлғалар. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері: дидарласу, полемикалық, көпшілікке арналған сөз.



Сын есім (1сағат)

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді тану.



Сан есім (1 сағат)

Іс-қағаздары стилінің ерекшеліктері.



Төл сөз.Автор сөзі. Төлеу сөздің түрлері (1 сағ

Төл сөз.Автор сөзі. Төлеу сөздің тыныс белгілері (1 сағат)

Қорытынды сабақ (1 сағат)

«Пунктуация» термині латын тілінен аударғанда «Punctum»-нүкте деген сөзден шыққан. Тыныс белгілердің қойылу ерекшеліктері: 1. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. 2. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер. 3. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. 4. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша.



Тест (1 сағат)

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер (1сағат)

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер (1 сағат)

Төл сөз (1 сағат)

Төлеу сөз (1 сағат)

Төл сөз бен төлеу сөздегі тыныс белгілер (1 сағат)

Қорытынды сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақтар

«Практикалық қазақ тілі » таңдау курсына төрт практикалық сабақтар берілген.

5 сабақ. Бақылау диктанты. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай сөз саны бойынша берілген бақылау диктанты алынады. Диктант соңында қосымша тапсырмалар, талдау жұмыстары беріледі.

13 сабақ. Деңгейлік тапсырмалар. Деңгейлік тапсырмалар дайындалып, қай деңгейдегі тапсырмаларды орындауды оқушы қалауына мүмкіндік беру.

25 сабақ. Тест тепсырмалары. Қазақ тілінің барлық тараулары қамтылған тест тапсырмаларын орындау.

33 сабақ. Бақылау жұмысы. Қима қағаздармен жұмыс. әр оқушыға қима қағаз таратып, қорытынды бағаларын шығару.



Білімді меңгеру деңгейін бағалау
Оқушылардың өз білімдерін қаншалықты меңгергені, күнделікті сабақ барысында жауап бергендеріне қарай бағаланады. Сонымен бірге бағалау критерийлерін құру арқылы практикалық сабақтарды өткенде бақылауға болады.
«Өте жақсы» - тіл байлығының молдығы, қажетті мәліметті дер кезінде еске түсіруі, қосымша мәліметтерді тиімді қолдануы, талдау жұмыстарын жоғары деңгейде орындауы.
«Жақсы» - ойының дәлдігін жалаң мысалдармен келтіруі, ережені дер кезінде еске түсіре алмауы, ойын жеткізуде тіл байлығының шорқақтығы.
«Қанағаттанарлық» - ойын жеткізуде көп кібіртіктеуі, ережелерді мүлдем білмеуі, тек оқулықпен шектелуі.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. І. Кеңесбаев., Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» (лексика, фонетика)

2. Т. Айдаров «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» - Алматы 1975 ж.

3. Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» - Алматы

«Мектеп» 1981 ж.

4. Т. Ахтанов «Тіл білімінің негіздері»

5. Фразеологиялық сөздік.

6. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі – Алматы 1998 ж.

7. Г.Т. Тұрсынова., А.А. Қасымбек «Қазақ тілі әдістемелік құралы»

8. Г. Қасымова., Н. Құрманова «Қазақ тілі әдістемелік нұсқауы» - Алматы

«Мектеп» 2008 ж.

9. Т. Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» - Алматы

«Мектеп» 1987 ж.

10. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениеті» - Алматы 1971 ж.

11. Қазақ тілі мен дәбиеті журналы

12. Б. Құлмағамбетова., Т. Мұқашев «Қазақ тілі»

13. Шың кітап

14. Қазақ тілініңанықтама сөздігі – Алматы 2010 ж.



Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы

1. Кестелер (Венн диаграммасы., ішіне-сыртына т.б.)

2. Қима қағаздар

3. Бүктемелер

4. Интербелсенді тақта (слайдты көрсетілімдер., деңгейлік тапсырмалар

т.б.)


5. Проекторлар

6. Суреттер



7. Тест жинақтары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет