Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ



бет17/22
Дата18.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#108339
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сабақтың мақсаты

Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасай алады, таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
4 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ой түрткі
Сұрақтарға жауап бер.
Алтын киімді адам жайлы не білесің?
Ең алған алтын киімді адам қай жерде табылған?

Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың
ортасы
15 минут

20 минут

9-тапсырма


Ұлы даланың төртінші қыры туралы мәтінді мұқият оқы. Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біліп, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жаса.
Формасы:
Мәтін түрі:
Жанры:
Мәтіннің мақсаты:
Мәтіннің мазмұны
Көздеген аудиториясы:
Стилі:
Тілі:
10-тапсырма
Мәтіннің әр абзацына тезис жаз.


11-тапсырма оқулық 20-бет
Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жаз.
Аннотация жазу
Аннотация жазуға нұсқаулық
Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның
мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша
сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады.
Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады.
Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді
ұстаныңыз:
Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлемі шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін.
Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы: талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды, анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер
баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады,
жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі, анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады,
көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б.
Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз.
12-тапсырма
Қосымша ақпарат көздерінен Алтын киімді адам мен Тутанхамонға қатысты мәліметтерді тауып оқыңдар. «Венн диаграммасы арқылы ескерткіштердің ерекшелігі мен ұқсастығын таза ғылыми стильде жазып, салыстырыңдар.

Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біліп, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Мәтіннің әр абзацына тезис жазады.


Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жазады.


Қосымша ақпарат көздерінен Алтын киімді адам мен Тутанхамонға қатысты мәліметтерді тауып оқиды. «Венн диаграммасы арқылы ескерткіштердің ерекшелігі мен ұқсастығын таза ғылыми стильде жазып, салыстырады.



Дескриптор
Білім алушы
-мәтіннің формасын анықтайды;
-мәтін түрін ажыратады;
-жанрын көрсетеді;
-мәтіннің мақсатын анықтайды;
-мәтіннің мазмұнын қысқаша жазады;
-көздеген аудиториясын айқындайды;
-стилі мен анықтайды.
-дәлелдек келтіреді.


-мәтіннің әр абзацына аннотация жазады;
-аннотацияның құрылымын сақтайды;

«Жапондық бағалау» әдісі бойынша Осы бағалау арқылы оқушы өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.



Дұрыс,келісемін



Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.

Менің сұрағым бар


Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл

https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy


Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың аяқталуы
2 минут

Үйге тапсырма: 16-тапсырма





Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл

4 минут

Рефлексия 3-2-1
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
1.Сабақта маған пайдалы болды.
1. ................... 2. .............................. 3. .........................
2. Маған көмек қажет?
1. ................... 2. ..............................
3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?
1. ...................


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет