1 Кесте – Сульфат-анионның массалық концентрациясы
Суспензия бағанның
биіктігі (һ), мм
|
Сульфат-анионның массалық концентрациясы мг/л
|
Суспензия бағанның биіктігі (һ), мм
|
Сульфат-анионның массалық концентрациясы мг/л
|
100
|
33
|
65
|
50
|
95
|
35
|
60
|
53
|
90
|
38
|
55
|
56
|
85
|
40
|
50
|
59
|
80
|
42
|
45
|
64
|
75
|
45
|
40
|
72
|
70
|
47
|
─
|
─
|
Тапсырма В Судағы хлоридтерді анықтау
Жұмыстың мақсаты: хлоридтерді судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Ұсынылған әдіс хлорид-анионның массалық концентрациясын анықтауы күміс нитраты ерітіндісімен хлорид-аниондарын титрлеуге негізделген, нәтижесінде ерімейтін күміс хлоридінің суспензиясы пайда болады. Химиялық реакциясы келесі түрде жазылады
Ag+ + Cl- = AgCl ↓
Күміс нитратының артықшылығына, күміс хроматының сарғыш-құба тұнбасының пайда болуымен көзге түсіп, әсер ететін индикатор ретінде, калий хроматы қолданылады
Ag+ + CrO4- = Ag2CrO4 ↓
Осы әдіс аргентометриялық титрлеу атауын алды. Титрлеуді рН 5,0-8,0 шегінде орындауға болады.
Хлорид-анионның массалық концентрациясын (Схл) мг/л (6) формулаға сәйкес есептейді
Схл = Vхл х Н х 35,5х1000 (6)
VA
мұндағы VХЛ – титрлеуге кеткен, күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, мл;
Н – түзетілген коэффицентті есепке алғандағы күміс нитратының титрленген ерітіндісінің концентрациясы, г-экв/л;
VА- анализге алынған, судың көлемі, мл;
35,5 – хлордың эквивалентті массасы;
1000 – г/л-ден мг/л-ге бірлік өлшеудің қайта есеп коэффиценті.
Ауыз су үшін хлорид бойынша ШРК – 350 мг/л. Судың сору және гидрохимиялық анализінде құрамында хлор болуының негізгі операциялары:
1) су (10 мл) үлгісін іріктеу;
2) үлгіге калий хроматы ерітіндісінің 3 тамшысын қосу;
3) үлгіні күміс нитраты ерітіндісімен кетпейтін құба бояуға дейін титрлейді және титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемін анықтайды (VХЛ);
4) жоғарыда келтірген формула бойынша хлорид-анионның массалық концентрациясын есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |