«Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп»
«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды» Абай атындағы ДБА мектебінің директордың ОІЖ ӘОБ жиналысы ХАТТАМА №1
директоры Садвакасова Ж. М. орынбасары Таубаев Н. З. Сүлейменова Ж. А.
«___» ______ 2022 ж. «___» ______ 2022 ж. «___» ______ 2022 ж.
КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Пән мұғалімі: Ниязова С.
Сыныбы: 5
2022/2023 оқу жылы Түсінік хат Тақырыптық – күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары мен 2020-20201оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат негізінде әзірленді.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:
Тыңдалым және айтылым;
оқылым;
жазылым;
әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;
2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі;
3) жазылым: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп жазуды; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазуды; эссенің бөлімдерін меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазуды үйренеді.
4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар:
1) орфографиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;
2) орфоэпиялық норма бойынша ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата алады;
3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздер мен синоноим, омоним, антоним туралы білімдерін кеңейтеді;
4) грамматикалық норма бойынша туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлерін; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлерін; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді.