Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «
Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін
меңгереді:
•
салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру;
•
салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;
•
салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру.
Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен
байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне
берген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады. Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын
қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі
керек.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндермен тығыз байланыста үйлесім табады
.
Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет
сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық
пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен
ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.