«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы Мектеп-лицей директорының



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата19.09.2023
өлшемі368,86 Kb.
#108440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
7-Әдебиет ЖББ 2022-23

Әдіс-тәсілдер туралы.
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта 
оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-
коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі 
мынадай жіктемеде жүйеленді: 

әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері

классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу 
ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім 
алу әдістері; 

импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем 
әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері; 

көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – 
шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер; 
-
пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер. 
Ресурстармен жұмыс.
Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, 
электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар 
мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді. 
7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі 
7-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын 
толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық 
оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, 
интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет