«бекітемін» «келісілді»


Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөліктерге бөлуге



бет16/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77

Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөліктерге бөлуге:


1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда;

2) егер бұл жұмыскердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгіленген ұзақтығынан аспауға тиіс. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері, жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар жұмыс үшін жұмыскерлерге төленетін өтемақылардың түрлері мен мөлшерлері еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады.



Ауысымдық жұмыс

1. Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың ұзақтығынан асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді. Жұмыс беруші ауысым кестелерін кемінде к он күн бұрын жұмыскерлердің назарына жеткізеді. Жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.


Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Жұмыс беруші: 1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;   2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет