«бекітемін» «келісілді»


Өндірістік эргономика талаптары



бет12/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Өндірістік эргономика талаптары адамның сезім органдарының қалыпты жұмыс істеу ерекшеліктерінен шығады, мысалы, көздің физиологиялық негізделген бұрыштары, белгі үдемелік деңгейі, қабылданатын және қайта өңделетін өндірістік ақпараттың көлемі. Бұл құрал конструкциясы адам органының құрылуы мен қызмет етуінің анатомды-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерге сәйкес келуін білдіреді.

3. Еңбек қорғау бойынша негізгі заңды актілер, нормативтік құжаттар

Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады.

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен берілген тәсілдерді қолдана отырып, жеке ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтыгына демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. Сондай-ақ, 2015 жылында ҚР «Еңбек Кодексі» шықты.

Осы кодекстің бірінші тарауында негізді ұғымдар келтірілген. Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет