«бекітемін» «келісілді»



бет51/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жұмыс орындарын еңбек шарттары бойынша аттестаттау жүргізу ере-желері

2. Аттестаттау мақсаттары мен міндеттері

3. Аттестацияға дайындық және оны өткізу тәртібі

4. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау

5. Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі

1. Жұмыс орындарын еңбек шарттары бойынша аттестаттау жүргізу ережелері Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет. Жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта және еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объекті-лерге аттестаттау

жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жұмыс беруші жүргізеді. Жұмыс берушінің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға арналған жеке зертханасы болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар тартылады немесе жеке зертханалардың қызметі пайдаланылады.

Өндірістік объектілерді аттестаттау:

1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор-ғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;

2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды: еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды; жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды; қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

2. Аттестаттау мақсаттары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері аттестаттауға жатады. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:

1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойы-латын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;

4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқын-даған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқ-тата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;

6) еңбек жағдайлары жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;

7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;

8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызмет-керлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнама-сында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;

9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор-ғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.

Аттестаттауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерге аттес-таттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты

(атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, білікті кадрлары туралы мәлімет, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналас-тырады.

Өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

3. Аттестацияға дайындық және оны өткізу тәртібі

Өндірістік объектіні аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.

Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипатта-маларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өзінің мүмкін-діктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;

4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жа-сайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәти-желерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

6) өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;

7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;

8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машина-ларды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;

9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;

10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндірістік процестерде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында

зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіт-кен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәти-желері хаттамалармен ресімделеді.

Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет. Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларына (деңгейіне) сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.

Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:

1) өндірістік жабдықтар;

2) құрылғылар мен құрал-саймандар;

3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;

4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттар, мемлекеттік стандарттар, қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорт параметрлері мен өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.

Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтардың нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі нақты осы жабдықта қолданылатын конструкциялық қауіпсіздік элементтері көрсетілген жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.

Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия жасайды. Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертифи-каттар немесе актілер болмаған кезде олардың техникалық жағдайына қара-мастан, жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен ресімделеді. Қызметкерлердің ЖҚҚ-ымен қамтамасыз етілуін бағалау: Әр кәсіп қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтама-сыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады.

Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс.

ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді. Қызметкерлер еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана «қамтамасыз етілді» деген баға қойылады.

4. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау

Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау: 1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;

2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;

3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.

Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп

есептеледі. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі:

1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;

2) жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған;

3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы норма-ларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.

Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын және аттестаттау нәтижесін қоса отырып, өндірістік объектіні аттестациялау актісімен ресімдейді.

Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс. Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

5. Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі

Аттестаттау нәтижелері:

1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);

2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);

3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;

4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;

5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне бір ай мерзімде қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет