«бекітемін» «келісілді»



бет49/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Электр тогының адамға әсер етуі.

2. Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдай-

ларын талдау.

3. Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу.

4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныстық жерлендіру, нөлдік сымға

қосу, токтан ажырату.

5. Электр қорғаныс құралдары және сақтандыру құрылғылары.

1.Электр тогының адамға әсер етуі Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортаның жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаңның барлығы, жермен қосылған металл заттардың көптілігі, бөлменің ыстықтығы, ауада электр изоляциясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б. Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басты мүшелері (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.

Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен жүйке жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады.

Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады.

Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.

Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен ағзада әр түрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін. Бұл көрсетілген электр тоғының ағзаға тигізетін әр түрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы.

Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жатады электр күйіктері, терінің металлдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар. Күйіктер денеден үлкен тоқ өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен пайда болады. Терінің металлдануы электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, тоқтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады. Электр офтальмиясы деп электр дугасының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен көздің сыртқы шырышты қабығының қабынуын (ісінуін) айтады. Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп,

еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақттар болмайды, тек барлық ағза біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеті бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқталуы мүмкін.

Электр соққысының төрт дәрежесі болады:

1. Адам естен танбайды, бұлшық еттер еріксіз дірілдеп, құрысып, тар-тылады.

2. Адам естен танады, бұлшық еттер дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді.

3. Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеті бұзылады.

4. Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процесі тоқталады.

Электр тоғынан болған өлімнің себептері:дем алу және жүрек соғуының тоқтауы, жүрек фибрилляциясы, электр шогі. Фибрилляция дегеніміз жүректің ырғақсыз (ритмсіз), ретсіз соғуы болады.Бұл жағдайда жүрек қанды айдамай, қан айналысы тоқтап, асфикция болады.

Электр шогі деп денеден өткен тоқтың әсіріне жауап ретінде ағзаның ауыр жүйке рефлекторлық реакциясын айтады. Бұл реакция қан айналысын, тыныс алысын, заттар алмасуын тағы басқа қауіпті зиянды өзгерістер туғызады. Басқа қауіпті құралдарға қарағанда электр тоғынан зақымдану қауіптілігін арнайы құралдарсыз кернеуді ажырата алмайды.

Адам денесі арқылы электр тоғының жүруі органның кейбір мүшелерін немесе ағзаны толығымен зақымдауы мүмкін. Электр тоғымен зақымдалудың көптеген маңызды факторлары: адам денесі арқылы өтетін тоқ күші; тоқтың әсер ету ұзақтылығы; тоқ жиілігі; тоқ жолы мен адам ағзасының жеке қасиеттері болып табылады.

2. Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдайларын талдау Электр тоғымен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі көбінесе адам денесінің тоқ өткізгіштерге қалай тиіскендігі арқылы анықталады. Бұл тиісу әр жағдайларда электр желісі схемасымен, оның нейтраль (нөлдік өткізгіш) режимімен адамның тоқ өткізгішке тиіскен кезінде қандай кейіпте (тұрыста) болғандығымен байланысты болады. Өндіріс электр қондырғыларында айнымалы тоқтың үш фазалық желісі ең көп қолданылады. Үш фазалық трансформатор (генератор) орамдарының қосылған жерін (нүктесін) нейтраль деп атайды. Бұл нейтралға жалғанған сымды нөлдік өткізгіш дейді. Үш фазалық электр желісінің екі түрлі нейтраль режимі (жағдайы) болады: бөлектенген (оқшауланған) нейтраль және жерге қосылған нейтраль. Оқшауланған нейтраль деп жермен жалғаспаған нейтральды айтады.

Электр желісінің тоқ өткізгіштеріне адамның тиісу формасы екі түрлі болады: екі фазалық тиісу және бір фазалық тиісу. Екі фазалық тиісу адам денесінің екі мүшесімен (мысалы, екі қолымен, бір қолы және аяғымен т.с.с.) электр тоғы бар екі фазалық өткізгіштерге тиіскен жағдайда болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының толық жұмыс кернеуі әсерін тигізеді.

Бір фазалық тиісу адам бір мүшесімен (мысалы, бір қолымен) бір фазалық тоқ өткізгішке тиіскенде болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының фазалық кернеуі әсер етеді. Мұнда адам денесіне өтетін тоқтың күші фазалық кернеу және дене кедергісі арқылы анықталады.

Сонымен, фазалық кернеу толық кернеуден кіші болғандықтан 1,73 есе бір фазалық тиісудің екі фазалық тиісуден анағұрлым қауіптілігі төмен болады. Электр жарақаты пайда болғандағы біршама қауіптісі өндірістік жиілігі 50 Гц-тағы ауыспалы тоқ болып табылады. Ауыспалы тоқтар жүйке жүйесіне, ал тұрақты тоқтар ағзаға термиялық және электрлік әсер етеді. Ағза жағдайы тоқпен зақымдануда маңызы зор. Электр тоғымен зақымданудың көп бөлігі жұмыс күнінің соңында болады. Анықталған дәлелдерге қарағанда адам ағзасындағы әр түрлі сырқат аурулар тоқ соғу қауіптілігін ұлғайтады. Сонымен қатар адамның қажығандығы, шаршағандығы, көңіл жабырқануы, мас болған күйі тағы басқа жағдайлар тоқ соғу мүмкіншілігін жоғарлатады. Өйткені бұл жағдайларда адам денесінің электр кедергісі азайып, өтетін тоқтың күші соншама көбейіп, тоқпен зақымданудың ауырлығы ұлғаяды. Тоқпен жарақаттану кезінде ағзаның жағдайы өте маңызды болып табылады. Электр тоғымен жарақаттанудың көпшілігі жұмыс күнінің аяғына қарай болатыны белгіленген. Жұмыс жасаушының ауыру жағдайы, әсіресе, жүрек қызметінің нашарлауы, сонымен қатар алкогольмен масаю кезінде адамның токқа қарсыласу күшін азайтады, зақымдану мүмкіншілігін арттырады және оның ауыртпалығын күшейтеді.

Электр тоғымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әр түрлі қорғану шаралары қолданылады: тоқтың аз шамалы кернеуі, тоқ өткізгіштердің жақсы электр изоляциясы болу, қоршаулар қою, блокировка орнату, сигнал беру жабдығы, тоқ өткізбейтін еденжасау, электр қондырғыларының корпусын тоқ өтпейтін қылу, тоқ өтетін бөлшектерді адам тиісе алмайтындай өтіп орнату, электр машиналарын аулақтан басқару, сақтық құралдарын орнату, ескерту плакаттарды пайдалану, қызметшінің мамандық дәрежесі істейтін жұмысына сай болу, қолданылатын электр қондырғыларының түрін дұрыс белгілеп алу, қорғаныш жержалғанысын орнату, қорғаныш нөлденуін орындау, қорғаныш ағытылу аспаптарын пайдалану, қорғану құралдарын қолдану тағы басқа шаралар.

Адам ағзасына тоқтың физиологиялық әсер етуі бойынша тоқтың шектік, өзгермелі, тартушы түрлерін бөледі. Шектік тоқтар шамасы күш жұмсалған қуат шамасына, адамның қарсылық күшіне, токқа жеке сезімділігіне, тоқ күшінің өту жолына байланысты және 0,6-дан 5 мА-ге дейінгі шекте болады. Өзгермелі тоқ деп, адам денесінен тоқ өткен кезде электр тізбесін өз беті-мен тоқтата алатын тоқты атайды. Жиілігі 50 Гц өзгермелі ауыспалы тоқтың шамасы 10 мА-ді құрайды. Ал, тұрақты тоқ үшін 70 мА болады. 100 мА және одан жоғары тартушы тоқ жүрек параличіне әкеледі, ал, тоқ денесінде ұзақ (8 секундтан артық) бөгелген жағдайда адам өліп те кетеді.

3. Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу Электр қондырғылары деп электр тоғын өндіретін, түрлендіретін, тарата-тын және пайдаланатын қондырғыны айтады. Әр түрлі электр қондырғыларында электр тоғымен зақымдану қауіптілігі әр түрлі, яғни электр қондырғыларының орнатылуы электр тоғының көрсеткіш-теріне, электр қондырғыларын пайдалану жағдайларына және бөлме ортасының сипатына байланысты болады.

Аз шамалы кернеу деп 42 В дейін тоқ кернеуін айтады. Мұндай кернеу көбінесе қол электр саймандарында, жергілікті жарық жасауға, тасымал шырақ-тарда тағы басқа қажеттерге қолданылады. Қауіптілігі жоғары және өте үлкен бөлмелерде немесе далада болса бұлар үшін кернеу 12 В-тан аспау керек. Жұмыскерлер қол электр саймандарымен жиі және ұзақ уақыт қатыста болғандықтан, олар үшін аз кернеуді қолдану тоқпен зақымдану қауіптілігін едәуір төмендетеді.

2. Электр изоляциясы адам тоқ өткізгіштерге тиіскен жағдайда оны зақым-данудан сақтау үшін керек. Электр изоляциясының төрт түрі болады: жұмыс изоляциясы, еселенген (екі) изоляция, күшейтілген изоляция. Өткізгіштердің жұмыс изоляциясы электр қондырғылардың әдеттегі жұмысын және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналады. Қосымша изоляция жұмыс изоляциясы бүлінген жағдайда оған үстеме ретінде қолданылады. Еселенген изоляция жұмыс және қосымша изоляция-сының бірлескен түрі болады. Күшейтілген изоляция деп еселеген изоляция сияқты сондай қорғау дәрежесін қамтамасыз ететін изоляцияны айтады.

3. Қоршаулар изоляциясы тоқ өткізгіштерге және жоғары кернеулі өткізгіштерге адамның абайсыз тиісуінен сақтау үшін қолданылады. Қоршау ретінде темір шарбақ, қалқан, жәшік, шкаф, камера, бөлме тағы басқа құрылғыларды пайдаланады.

4. Блокировка арнайы құралдардың көмегімен адамның қызмет бары-сында қате әрекеттерін болғызбау үшін қолданылады. Ол қауіпті жағдай-ларды туғызбау мақсатпен жұмыскерлерді іс әрекеттерін белгіленген ретпен орындауға мәжбүр етеді.

5. Ескерту сигналы электр қондырғыларында электр тоғы (кернеу) пайда болғанын білдіреді. Сигнал дыбыс немесе жарық түрінде болады. 6. Еден тоқ өткізгіш материалдан жасалған жағдайда (металл, цемент, су ағаш т.б.) адамдар үшін тоқ соғу қауіптілігі жоғары болады, ал материал тоқ өткізбейтін болса (резеңке, асфальт, құрғақ ағаш т.б.) қауіптілік азайады.

7. Электр қондырғыларының корпусы эмаль, лак, сыр тағы басқа бояу-лармен боялған немесе полимер заттардан жасалған болса, тоқпен зақымдану қауіптілігі біршама азайады.

8. Тоқ өткізгіштерді оларға тиісе алмайтын жерлерге орналастыру (биікте, еден астында, қабырға сылақ балшығының ішінде, түтіктерден өткізу т.т.с.) электр зақымдар тууын азайтады. 9. Электр қондырғылардыаулақтан (қашықтан) басқару олармен қызмет-шілердің тікелей қатысуын болдырмай, тоқ соғу мүмкіндігін кемітеді.

10. Электр желісінде тоқтың күші шамадан үлкейген жағдайда (тоқтың қысқа тұйықталуы, желіге көп тоқ тұтынушылардың қосылуы, электр двигате-лінің белдігінде механикалық жүктеменің ұлғаюы т.б.) электр қондыр-ғыларды бүлінуден қорғау үшін арнайы сақтандырғыштарды пайдаланады. Олар балқу сақтандырғышы және автоматтық ажыратқыш түрлерінде болады. Ең қарапайым және көп тарағаны балқу сақтандырғышы болады. Электр

желісінде тоқтың күші үлкейген кезде оның жіңішке қыл сымы жанып кетеді де, электр қондырғысы желіден ағытылып, бүлінуден аман қалады.

11. Ескерту плакаттары жұмыскерлерді тоқпен зақымдану қауіптілігі туралы ескертіп отыру үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері болады: тыйым салатын, ескертетін, еске түсіретін, рұқсат ететін.

12. Электр жабдықтарына қатысы бар адамдардың мамандық дәрежесі олардың атқаратын қызметіне сәйкес болу керек. Сондықтан электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін әр адамның теориялық және тәжірибелік білімін (дайындығын) тексеріп, оған мамандық категория және куәлік беріледі.

13. Орындалған конструкциясына байланысты электр қондырғылары ашық, қоршалған және жабық болып келеді. Ашық қондырғылардың тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектері ашық болғандықтан оларды қауіптілігі төмен бөлмелерде ғана пайдалануға болады. Ашық бөлшектерге абайсыз тиісу мүмкіндігі болмау үшін керекті қауіпсіздік шараларды қолдану керек. Қоршалған қондырғыларда тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектерге тиісу қауіпін болдырмау үшін олар қоршаумен қоршалған болу керек. Жабық түрлі қондырғылардың ішкі құрлысы сыртқы ортадан түгелдей саңлаусыз (герметикалы) оқшауланған болу керек. Электр қондырғыларының жарылудан және ылғалдан қорғалған түрлері болады.

4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныстық жерлендіру, нөлдік сымға қосу, токтан ажырату Электрқондырғылар – электр энергиясын өндіру, трансформациялау, жеткізу, тарату және энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер және көмекші жабдықтардың (олар орнатылған ғимараттар мен жайлармен бірге) жиынтығы.

Электрқондырғылардың конструкциясы атқаратын қызметіне байланысты ПУЭ талаптарына сай келуге тиіс.

Электрқондырғыларына қызмет көрсететін электртехникалық емес және техникалық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жекелеген қорғаныш құралдары мен тәсілдері де, олардың үйлесімі де, яғни қорғаныш жүйесі пайдаланылады.

Электр тогымен зақымдану қауіптілігін ескертетін қорғаныш шараларына мыналар жатады:

1) төмен кернеуді қолдану; 2) электржабдықтарды қоршаған орта жағдайларына сәйкес таңдау және орнату;

3) электржабдықтардың токөткізуші бөліктерін қоршау;

4) кернеу астында болуы мүмкін барлық металл конструкцияларды жерге қосу немесе нөлге теңестіру құрылғысын, сонымен бірге қорғаныш ажыратуды қолдану;

5) электрқондырғыларына қызмет көрсету кезінде қорғаныш құралдарын қолдану;

6) жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-шылық шаралар.

Барлық электрқондырғылардың сенімді әрі ақаусыз оқшауламасы болуға тиіс. Оқшауламаның дұрыс күйі және оны бақылау – электржабдықтарын қауіпсіз пайдаланудың ең маңызды талаптарының бірі. Оқшауламаның сапасы олар арқылы токтың шығуына кедергісімен анықталады. ПУЭ сәйкес кернеуі 1000 В-ке дейінгі электрқондырғыларында оқшауламаның кедергісі 500 кОм-нан кем болмауға тиіс. Оқшауламаның кедергісін арнайы прибор – мегаомметрмен өлшейді.

Кернеу астындағы токөткізуші бөліктердің кернеуін ажыратпай жұмыс атқарғанда электртехникалық персонал электрқорғаныш құралдарын пайда-лануға міндетті.

Электр оқшаулама дегеніміз ток өткізгіштердің өзара түйісуін немесе электрлік тесілуін болдырмау мақсатында оларды бөлектеуге пайдаланылатын диэлектрик қабат. Электрқондырғылардың токөткізуші бөліктерінің оқшаула-масы адам денесі және кернеу астындағы токөткізуші бөліктер арасында өткізгіштігі төмен электр тізбектерін түзеді. Олармен жүретін токтың мәні адам өміріне қауіп төндіретін мәннен төмен болады (өнеркәсіптік жиіліктегі ток үшін 10 мА-ден жоғары емес).

Оқшауламаның кедергісі материалдағы электр зарядтарының қозғалғыштығына және таралуына тәуелді келеді. Олардың қозғалыс сипатына бірінші кезекте температура мен электр өрісінің кернеулігі ықпал етеді. Электрқондырғының жұмысы кезінде оқшаулама түрліше факторлардың әсеріне ұшырайды, бұл оның ескіруіне (электрлік және механикалық беріктігінің төмендеуіне) әкеледі:

тығызсыздықтар және микросызаттар арқылы лак жабынды, көмкеруші компаундтар, т.с.с. өтуі нәтижесінде оқшауламаның біртіндеп дымқылдануы;

электрсымдарының жүктеме тогы, іске қосу тогы және қысқа тұйықталу тогымен қызуы;

оқшаулама құрылымында газды қосылыстардың ионизациясы жүретін электр өрісінің тұрақты әсер етуі; түрліше механикалық әрекеттер.

5. Электр қорғаныс құралдары және сақтандыру құрылғылары Электрқорғаныш құралдары адамды кернеу астындағы электржабдық-тардың токөткізуші бөліктерінен, сонымен бірге жерден (жерде тұрған адамның электрқондырғылардың токөткізуші бөліктеріне немесе оқшауламасы зақым-далған электржабдықтардың металл корпустарына жанасуы кезінде) оқшаулау қызметін атқарады.

Электрқорғаныш құралдары негізгі және қосалқы болып жіктеледі. Оқ-шауламасы электрқондырғылардың жұмыстық кернеуіне ұзақ мерзімге шыдай-тын, кернеу астындағы токөткізуші бөліктерге жанасуға және оларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар негізгі электрқорғаныш құралдар деп аталады. Электрқондырғылардың жұмыстық кернеуінде токпен зақымданудан қорғауды өздігінен қамтамасыз ете алмайтын, алайда, адам денесі арқылы өте-

тін токты қауіпсіз шамаға дейін азайтуда негізгі электрқорғаныш құралдарымен бірге қолданылатын құралдар қосалқы электрқорғаныш құралдар деп аталады. Сонымен бірге қосалқы электрқорғаныш құралдары жанасу кернеуі мен адымдық кернеуден қорғау қызметін атқарады.

Кернеуі 1000 В-тан жоғары электрқондырғыларында негізгі электрқорғаныш құралдарына оқшаулағыш және өлшеуіш штангалар, оқшаулағыш және электрөлшеуіш қысқыштар, кернеу нұсқағыштар жатады.

Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларында негізгі электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш тұтқасы бар слесарлық-монтаждық құралдар, кернеу нұсқағыштар жатады.

Кернеуі 1000 В-тан жоғары электрқондырғыларында қосалқы электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік қолғаптар және боттар, оқшаулағыш сатылар жатады.

Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларында қосалқы электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік кебістер, диэлектрлік кілемшелер, оқшаулағыш тұғырлар жатады.

Электрқорғаныш құралдардың оқшауламасы көнеруге және бұзылуға ұшырайды, сондықтан оны кезеңді түрде сынауын жүргізу қажет. Электрқор-ғаныш құралдарды пайдалануға қабылдау кезінде кернеуді жоғарылата отырып сынайды, сосын мынадай кезеңдерде сынақ жүргізеді:

диэлектрлік қолғаптар – 6 айда бір рет;

диэлектрлік кебіс, кернеу нұсқағыштар және оқшаулағыш тұтқасы бар құралдар – 12 айда бір рет;

өлшеуіш штангалар – 12 айда бір рет;

оқшаулағыш штангалар және қысқыштар – 24 айда бір рет;

диэлектрлік бот – 36 айда бір рет.

Сынақ кернеуі және ұзақтығы электрқондырғыларда пайдаланылатын қорғаныш құралдарын қолдану және сынау Ережелеріне сәйкес белгіленеді. Оқшаулағыш тұтқасы бар құралдардан басқа барлық электрқорғаныш құрал-дарда келесі сынақ жүргізудің мерзімі және электрқондырғының жұмыстық кернеуін көрсететін штамп таңбалануы, кетпейтін бояумен жағылуы немесе желімденуге тиіс. Қорғаныштың барлық құралдарын қолдану алдында, кезеңді

байқаулардың жүргізілгеніне қарамастан байқап-тексеру қажет.

12 дәріс. Өрт қауіпсіздігінің негіздері

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Кәсіпорын басшылары мен мамандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері.

2. Жану процесі туралы жалпы түсінік. Өрт пен жарылыс, оның себептері мен жіктелуі.

3. Жанғыш заттар. Заттардың өрт және жарылыс қауіптілігі, оның көрсеткіштері.

4. Өндіріс, ғимараттар мен қондырғылардың өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі.

1. Кәсіпорын басшылары мен мамандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері

Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi және «Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңынан, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР Техникалық регламенті-нен, ҚР өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, мен-шiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан аза-маттардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүр-гiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi – өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің органдарын, өрттен қорғау-техника-лық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды. «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 22 қарашадағы №48-1 Заңынан (26.05.2008ж. өзгерістер мен толықтырулар енгі-зілген) үзінділер:

24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:

Қазақстан Республикасы азаматтарының: - өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүл-кiн қорғауға;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өзде-рi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар тура-лы хабардар болуға;

- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;

- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;

- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мем-лекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақы-лау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:

Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

Ұйымдардың:

- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға; - мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жай-ларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;

- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;

- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.

Ұйымдар:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға; - өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;

- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объекті-лерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;

- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақ-сатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;

- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

- өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын

Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;

- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;

- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына беруге;

- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.

27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де норматив-тiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк:

Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы-ның заңдарына сәйкес жауап бередi.

28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу:

Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

2. Жану процесі туралы жалпы түсінік. Өрт пен жарылыс, оның себептері мен жіктелуі.

Жылу бөліну және сәуле шашумен қоса жүретін жанғыш зат пен тотық-тырғыштың күрделі физикалық-химиялық әсерлесу процесін жану деп атайды. Жанудың басталуына тұтану көзінің, жанғыш заттың және ауа құрамында оттегінің 14%-тен артық болуы мүмкіндік жасайды. Оттегі құра-мының 10% дейін төмендеуі жану бықсуға айналады.

Ұшқын, жалын, қызған заттар, үйкеліс, соққы, жылу-химиялық әсерле-судің жылуы, тағы сол сияқтылар тұтану көздері болып табылады. Жанудың бұрқ ету, тұтану, өздігінен жану түрлері болады. Бұрқ ету – жанғыш зат буларының ауамен қоспасының жалын, үшқын немесе қызған ауамен жанасуынан туындайтын тез жанып кетуі, сығылған газдар түзілмейді. Бұрқ ету температурасы бойынша жеңіл тұтанатын (45°С дейін) және жанғыш (45°С жоғары) сұйықтық түрлерін анықтайды. Бірінші-сіне ацетон, бензин, скипидар, керосин, күкіртті көміртек, спирт; екіншісіне-өсімдік майлары, минеральды жағар майлар және басқалар кіреді. Бұрқ ету температурасы деп бетінде ауада түтану көзінен лап етуге қабілетті булар мен газдар түзілетін жанғыш заттың минимал температурасын айтады. Тұтану – қайнау температурасына дейін қызғанда бу түзілуі немесе үшпа көмірсутектер мен басқа да жанғыш қоспалар бөлінуі біткенге дейін жалғасатын заттың жану және бықсу процесі.

Жануға ауысатын, экзотермиялық әсерлесудің өздігінен үдеу процесі өздігінен тұтану деп аталады. Мұндай өсерлесу жүретін заттың минимал температурасын өздігінен тұтану температурасы деп атайды (қатты заттар үшін ол 150-700°С-қа, жанғыш сүйықтар үшін 300-700°С-қа, күкіртті сутек үшін 112-150°С-қа, бензин үшін 256°С-қа тең). Өздігінен тұтану температу-расы бойынша жанғыш заттар екі топқа бөлінеді: қоршаған орта температурасынан жоғары және төмен температурада түтанатындар. Майлар, пішен, сабан, шымтезек, көмір, агаш ұнтағы, ағаш көмір және басқалар өздігінен түтануы мүмкін. Судың әсерінен натрий, калий, сөндірілмеген әк, тағы басқа-лар жанады. Өзара әсерлесуден әртүрлі газ тәріздес заттар, сұйық және қат-ты тотықтыргыштар өздігінен тұтануы мүмкін.

Тотығудың жылулық процестері немесе микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде заттардың жану процесі өздігінен жану деп аталады. Астық, шымтезек, көмір, ыс және басқалар өздігінен жануы мүмкін. Өрт – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану.

Өрт шығудың негізгі себептері:

технологиялық жабдықтар мен пештерді пайдалану ережесінің бұзылуы;

электр қондырғыларын қондыру ережесінің бұзылуы;

найзағайдың түсуі;

пештер мен мұржалардың дұрыс салынбауы;

электр жабдықтарын пайдалану ережесінің бұзылуы;

отпен абайсыз болу.

Жанғыш материалының түрі бойынша өрттер мынадай кластарға бөлінеді:

1) А – қатты жанғыш заттар мен материалдардың өрттері;

2) В – жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен ма-

териалдардың өрттері; 3) С – газдардың өрттері;

4) D – металдардың өрттері;

5) Е – кернеуде тұрған электр қондырғыларының жанғыш заттары мен материалдарының өрттері.

Адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларына мыналар жатады:

1) жалын мен ұшқындар;

2) жылу ағыны;

3) қоршаған ортаның жоғарғы температурасы;

4) жанатын және термикалық бөлшектенетін уытты элементтердің жоғарғы концентрациясы;

5) оттегінің төменгі концентрациясы;

6) көшіру жолдарындағы түтіннің жоғарғы концентрациясы.

Өрттің қауіпті факторларының құрылыс құрастырылымдарына, технологиялық жабдыққа және өрт сөндіру жөніндегі әрекеттерге әсер ететін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіре-тін екінші зардаптарына мыналар жатады:

1) бүлінген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, құрастырылымдардың сынықтары, бөліктері;

2) бүлінген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және уытты заттар мен материалдар;

3) құрастырылымның, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін бөліктеріне жоғарғы кернеуді шығару;

4) өрт салдарынан болған жарылыстың қауіпті факторлары;

5) өрт сөндіретін заттардың әсері және өрттерді сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттері.

Жарылыс – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану. Жарылыс қауіпсіздігі – бұл жарылыс қауіпті болмайтын немесе пайда болғанда адамдарға оның қауіпті де зиянды факторларының алдын алуға болатын және материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілетін өндірістік процесс жағдайы.

Жарылысқа айналуға қабілетті булардың, газдардың ауамен, хлормен, оттегімен қоспалары тұтану температурасымен және жарылыстың шоғырлану шегімен, өздігінен түтану температурасымен сипатталатын жарылысқа қауіпті ортаны құрайды.

Тұтану көзінен жарылуы мүмкін ауамен қосылыстағы газдардың, булардың және шандардың максимал немесе минимал сандарын жарылыс-тың тиісінше жоғарғы және төменгі шектері деп атайды. Жарылыстың кө-лемдік шектерінен басқа температуралық шектері болады. Жабық көлемдегі сұйықтықтың ауамен байытылған буларының шоғыры (концентрациясы) от көзі әсерінен тұтануы мүмкін температура, тұтанудың төменгі температуралық шегі деп аталады.

Шаңның ауамен қоспасы да жарылысқа қауіпті болып табылады. Шаң ауада ұшпалы жағдайда (аэрозоль) болуы және қабырғаларға, жабдықтарға, т.б. қонуы (аэрогель) мүмкін. Аэрозольдің жануы қатты заттардың жануынан айырмасы шамалы.

3. Жанғыш заттар. Заттардың өрт және жарылыс қауіптілігі, оның көрсеткіштері.

Жанғыш зат деп жылу бөлу және сәуле шашу арқылы тотыға алатын затты айтады. Тотықтырғыш ретінде оттегі, хлор, бром, натрий қышқылы, тағы басқалар қолданылады. Жанғыш затта балқу, таралу және булану болады. Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу өрт қауіпсіздігі талаптарының мазмұны мен атау тізімін оларды алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату кезінде белгі-леу

үшін қолданылады. Өрт қауіпсіздігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу (құрылыс, тоқыма және былғары материалдарынан басқа) олардың қасиеттеріне және өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.

Заттар мен материалдар жанғыштығы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

1) жанбайтын – ауада жануға қабілетсіз заттар мен материалдар. Жанбайтын заттар өрт-жарылыс қауіпті болуы мүмкін (мысалы, сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен жағдайда, жанғыш өнімдер бөлетін қышқылдар немесе заттар);

2) қиын жанатын – жану көзі әсер еткен кезде ауада жануға қабілетті, бірақ оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетсіз заттар мен материалдар;

3) жанғыштар – өздігінен жануға, сондай-ақ тұтану көзі әсерінен жануға және оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетті заттар мен материалдар.

Сұйықтықтың жанғыштығы бойынша жанғыш сұйықтықтарға (ЖС) және жанбайтын сұйықтықтарға (ЖбС) бөлінеді. Жанғыш сұйықтықтардың класында тез жанатын сұйықтықтар (ТЖС) жеке топқа бөлінеді.

Газдың жанғыштығы бойынша жанғыш газдар (жарылыс қауіпті) және жанбайтын газдар болып бөлінеді. Шаңның жанғыштығы бойынша жанғыш (жарылыс қауіпті және өрт қауіпті) және жанбайтын шаңдар болып бөлінеді. Өртке және жарылысқа қауіптілігі бойынша барлық шандар аэрозоль жағдайында жарылысқа қауіпті, аэрогель жағдайында өртке қауіпті деп бөлінеді.

Жарылысқа қауіптілігі бойынша олар 4 класқа бөлінеді:

І класс – төменгі жарылыс қауіптілік (тұтану) шегі 15 г/мЗ дейінгі жарылысқа ең қауіпті (күкірт, шымтезек, қант жоне басқалардың шаңдары);

ІІ класс – тұтанудың (жарылыстың) төменгі шегі 16-дан 65 г/мЗ дейінгі жарылысқа қауіпті (ұн, алюминий, магний және басқалардың шаңдары);

ІП класс – тұтану температурасы 250°С-қа дейінгі шаңдар (темекі, эле-

ватор шандары); ІVкласс – тұтану температурасы 250°С-тан асатын шаңдар (ағаш шаңы).

Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарын өрт қаупі бойынша жіктеу

олардың қасиеттеріне және өрттің қауіпті факторларының пайда болуына

қабілеттілігіне негізделеді.

Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі мынадай сипаттамалармен сипатталады:

1) жанғыштық;

2) тұтану;

3) үстіңгі беті бойымен жалынның таралуы;

4) түтін түзу қабілеті;

5) жанатын өнімдердің уыттылығы.

Құрылыс материалдары жанғыш (Ж) және жанбайтын (ЖБ) болып бөлінеді.

Жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:

1) Ж1 (әлсіз жанатын) – түтінді газдарының температурасы 135 oС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 65% артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 20% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 0 с артық емес құрылыс материалдары;

2) Ж2 (орташа жанатын) – түтінді газдарының температурасы 235оС артық

емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% ар-тық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 30 с артық емес құрылыс материалдары;

3) Ж3 (қалыпты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық емес құрылыс материалдары;

4) Г4 (қатты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450oС артық, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық құрылыс материалдары.

Ж1–Ж2 жанғыш топтарына жататын құрылыс материалдары үшін сы-нау кезінде балқыған заттың ыстық тамшыларының түзілуіне жол беріледі. Құрылыс материалдары өрт қауіптілігімен ғана сипатталады. Жанбай-тын құрылыс материалдары үшін өрт қауіпсіздігінің басқа көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.

Жанғыштығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамас-ына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

1) Т1 (қиын тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

2) Т2 (орташа тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м2

кем емес, бірақ 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

3) Т3 (тез тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шама-сы 20 кВт/м2

кем емес жанғыш құрылыс материалдары. Үстіңгі беті бойынша жалынның таралу жылдамдығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

1) РП1 (тарамайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 11 кВт/м2 артық жанғыш құрылыс материалдары;

2) РП2 (әлсіз тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің ша-масы 8 кВт/м2

кем емес, бірақ 11 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

3) РП3 (орташа тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2

кем емес, бірақ 8 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

4) РП4 (қатты тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2

кем емес жанғыш құрылыс материалдары;

Түтін түзетін қабілеті бойынша жанғыш құрылыс материалдары түтін түзу коэффициенті мәндеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

1) Д1 (түтін түзетін қабілеті аз) – түтін түзу коэффициенті 50м2/кг кем емес, бірақ 500м2

/кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

2) Д2 (түтін түзетін қабілеті орташа) – түтін түзу коэффициенті 50м2/кг кем емес, бірақ 500м2

/кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

3) Д3 (түтін түзетін қабілеті жоғары) – түтін түзу коэффициенті 500м2/кг кем емес, бірақ 500м2/кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары.

Жанатын өнімдердің уыттылығы бойынша жанғыш құрылыс материал-дары мынадай топтарға бөлінеді:

1) Т1 (аз қауіпті);

2) Т2 (орташа қауіпті);

3) Т3 (жоғары қауіпті);

4) Т4 (төтенше қауіпті).

Тұтануы бойынша тоқыма материалдары мен былғары материалдары тез тұтанатын және қиын тұтанатын материалдарға бөлінеді.

4. Өндіріс, ғимараттар мен қондырғылардың өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі

Объект – өрт қауіпсіздігі белгіленген немесе белгіленуге тиіс заңды не-месе жеке тұлғаның мүлік кешені (немесе оның бөлігі) (аумақ, ғимарат, имарат, көлік құралдары, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегат-тар, бұйымдар және өзге мүлікті қоса алғанда).

Адамдар көп келетін объект – 1 адамға 1м2 артық адамдардың тұрақты немесе уақытша келетін (апатты жағдайдан басқа) 50м 2 алаңы бар бір немесе бірнеше үй-жайы бар объект. Имарат – ішіне атқарымдық арналуына қарай адамдарды тұру немесе келуіне және технологиялық процестерді орналастыруға арналған үй-жайлар кіретін жерүсті және (немесе) жерасты типті құрылыс жүйесі. Технологиялық орта – технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігі технологиялық процесте қол-данылатын заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерімен және технологиялық процесс параметрлерімен сипатталады.

Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталар мынадай топтарға бөлінеді:

1) өрт қауіпсіз;

2) өрт қауіпті;

3) өрт-жарылыс қауіпті;

4) жарылыс қауіпті.

Технологиялық орталардың өрт-жарылыс қауіптілігі көрсетілген орталардың (технологиялық жүйеде қолданылатын шикізат заттары мен матери-алдарының, шала өнімдері мен өнімдерінің) физикалық-химиялық қасиеттері мен параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.

Аймақтарды өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті аймақтарға жатқызу тәртібі және осы аймақтардың класын анықтау Қазақстан Республикасының «Электр қондырғыларын орнату ережелері» талаптарына сәйкес анықталады. Өрт қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:

1) П-І – тұтану температурасы 61оС жоғары жанғыш сұйықтықтар қолда-нылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар;

2) П-ІІ – тұтанудың төменгі концентрациялы шегі ауа көлеміне 65г/м3 артық жанғыш газдар немесе талшық бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;

3) П-IIa – қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайлардағы аймақтар;

4) П-ІІІ – тұтану температурасы 61о

С жоғары жанғыш сұйықтықтар не-месе қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар. Жарылыс қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:

1) В-І – қалыпты жұмыс режімдерінде ауамен қосылып жарылыс қауіпті қоспалар түзе алатын мөлшерде және қасиеттермен тез тұтанатын сұйықтық-тардың жанғыш газдарын немесе буларын бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;

2) В-Іа – қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұйықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін үй-жайлардағы аймақтар;

3) В-Іб – қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұй-ықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін және төмендегідей ерек-шеліктерінің бірімен ерекшеленетін үй-жайлардағы аймақтар:

Осы аймақтардағы жанғыш газдардың тұтанудың өте төменгі концен-трациялық шегімен (15% және одан артық) және шекті рұқсат етілетін кон-центрациялар кезінде кенет иісі болады;

Технологиялық процесс шарттары бойынша үй-жайдың бос көлемінің 5% асатын көлемде жарылыс қауіпті қоспаның түзілуін болдырмайтын, газ тәрізді сутегіні қолдануға байланысты өндірістердің үй-жайларының үй-жайдың тек жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ болады;

4) В-Іг – сыртқы қондырғылардағы кеңістік: жанғыш газдар немесе тез тұтанатын сұйықтықтар (сыртқы аммиакты сығымдағыш қондырғылардан басқа) бар технологиялық қондырғылардың, тез тұтанатын сұйықтықтары немесе жанғыш газдары бар (газгольдерлер) жер бетіндегі және жер астын-дағы сұйыққоймалардың, тез тұтанатын сұйықтықтарды төгуге және құюға арналған эстакадалардың, ашық мұнай орларының, қалқымалы мұнай үлдірі бар тоған-тұндырғылардың.

Өртке тұрақтылық деп конструкцияның өрт кезінде өзінің беріктікқасиетін сақтап қалу қабілетін айтады. Оны сағатпен белгілейді және ол онструк-цияны өртке тұрақгылыққа сынаудың басталуынан шытынаулар пайда болғанға дейінгі уақытты білдіретін өртке тұрақгылық шегімен сипат-талады. Өртке тұрақтылық дәрежесі жану тобына және негізгі құрылыс кон-струкцияларының өртке тұрақтылық шектеріне байланысты анықталады.

Барлық үйлер мен ғимараттар жану тобына және олардың конструк-цияларьшың өртке тұрақтылық шегі бойынша бес дәрежеге бөлінеді. Табиғи және жасанды тас материалдардан, бетоннан немесе темір-бетоннан жанбайтын беттік және плиталық материалдарды қолдана отырып жасалған, негізгі және қоршаулы конструкциялы үйлерді I дәрежелі өртке тұрақтылар қатарына жатқызады (өртке тұрақтылық шегі 0,5-2,5 сағат). ІІ өртке тұрақтылық дәрежесіне табиғи немесе жасанды тас материалдардан, бетоннан немесе темірбетоннан жасалған үйлер жатады (жабу үшін сылақпен немесе жануы қиын беттік және плиталық материал-дармен қорғалған ағаш конструкциялар жіберіледі; жабынды элементтеріне өртке

тұрақтылық және оның таралу шектері бойынша талаптар қолданылады, бұл кезде ағаштан жасалган шатырлық жабынды элементтері өртке қарсы өндеуден өткізіледі, өртке тұрақтылық шегі 0,25-2 сағат).

ІІІ өртке тұрақтылық дәрежесіне (шектері 0,25-1 сағат) көбінесе кар-касты конструкциялық сұлбасыы бар үйлер алады; каркас элементтері-қорғал-маған болат конструкциялар, қоршау конструкциялары-профилденген болат беттер немесе басқа да жанбайтын беттік жануы қиын қабыршақты мате-риалдар.

Бүтін немесе желімделген ағаштан жөне басқа да жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалған, от пен жоғары температура әсерінен сылақпен, немесе басқа беттік не плиталық материалмен қорғалған негізгі және қоршауыш конструкциялы үйлер өртке тұрақтылықтың ІV дәрежесіне ие (өртке тұрақтылық шегі 0,25-0,5 сағат). Жабынды элементте-ріне өртке тұрақтылық шектері және от таралу шектері бойынша талаптар қойылмайды, бірақ ағаштан жасалған шатыр жабынды элементтері өртке қарсы өндеуден еткізіледі.

Негізгі және қоршауыш конструкцияларына өртке тұрақгылық шектеуі мен от таралу шектеулері бойынша ешқандай талап қойылмайтын үйлер өртке тұрақтылықтың V дәрежесіне ие. Технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жайлар мен ғимараттар жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В, Г жәңе Д категорияларына бөлінеді.

А категориясына (жарылыс-өртке қауіпті) кіретіндер: жарылысқа қауіпті бу-газ-ауа қоспаларын түзуі мүмкін, тұтану температурасы 28°С-тан аспайтын жанғыш газдар мен жеңіл тұтанатын сұйықтықтар сақталатын жайлар. Б категориясына (жарылыс- және өртке қауіпті) саны жарылысқа қауіпті шаңауалық немесе бу-ауалық қоспалар түзуі мүмкін, олардың тұтануы кезінде жайдың ішінде 5 кПа асатын, жарылыстың есепті артық қысымы туындайтын жанғыш шаңдар, тұтану температурасы 28°С-тан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтар сақталатын жайлар кіреді. В категориясына (өртке қауіпті) сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әсерлескенде жануға қабілетті, жанғыш және жануы қиын қатты заттар (оның ішінде шаңдар мен талшықтар) орналасқан жайлар кіреді.

Г категориясына өндеу процесі сәулелік жылу, ұшқын және жалынмен ұштаса жүретін, ыстық, қызған және балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар; отын ретінде қолданылатын немесе бейтараптандырылатын жанғыш газдар, сұйықтықтар мен қатты заттар орналасқан жайларды енгізген. Д категориясына майлау, салқындату және жабдықтардың гидрожетек

жүйелеріндегі жанғыш сұйықтықтар орналасқан жайларды (қысымы 0,2 мПа аспайтын жабдық бірлігінде олар 60 кг-нан көп емес), жабдықтардың кабельді электр сымдары, әр орындардағы жиһаздардың жекеленген элементтері бар жайларды енгізуге болады.

13 дәріс. Өрт қарсы қорғаныс жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет