Еңбек және демалыс режимі — ауысым, апта, ай, жыл аралығындағы жұмыс пен демалыс уақытының нақты кезеңділігін реттейтін тәртіп. Еңбек және демалыс режимдерін тиімді өңдеудің негізгі мақсаты жоғары жұмыс қабілеттігін, жұмыскердің денсаулығын сақтау, оның тұлғалығын дамыту үшін қолайлы шарттарын құру, сондай-ақ өндірістік күшті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек және демалыс режимін негіздеу адам факторлары бойынша – еңбек психологиясы мен физиологиясының талаптарын есепке алу, демалыс уақытында жұмыс қабілетін толығымен қалпына келтіруге қажетті адамның жұмыс қабілетінің динамикасы бойынша нақты шектеулер ретінде әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |