Қарастырылатын сұрақтар:
1.Өндірістік шу мен дірілдің адам ағзасына зиянды әсер етуі.
2. Шудың, дірілдің сипаттамалары.
3. Шу мен дірілдің деңгейлерін нормалау және бақылау.
4. Шу мен дірілдің зиянды әсерден қорғау шаралары.
5. Діріл мен шуды өлшеуге арналған аспаптар. Жеке қорғау құралдары.
1.Өндірістік шу мен дірілдің адам ағзасына зиянды әсер етуі Шу деңгейі мен сипатына байланысты оның адамға әсер етуін бірнеше сатыға бөлуге болады. 1. Шу жоқ – шудың мүлдем болмауы табиғи емес. Абсолюттік тыныштық адамды жаншиды. Бірнеше тәулік бойы толық тыныштықта болу психикалық өзгерістерге әкеледі.
2. Шу 20...60 дБА – адамның күнделікті қызметінде оған тұрақты әсер ете-тін шу фоны. Мұндай шудың зияндылық дәрежесі едәуір дәрежеде оның адам-ның жеке қатынасына байланысты келеді. Бастапқы шу немесе адам туғызатын шу мазаламайды. 40 дБА-дан жоғары шу жүйке жүйесіне, әсіресе, ой еңбегінде асқын жүктеме туғызуы мүмкін. Шудың жиілігі мен деңгейі жоғарылағанда және шу жиілігі жолағының ені төмендегенде, оның психикаға әсері күшейе түседі.
3. 60...80 дБА шу адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай жүктеме жасай отырып (әсіресе, ой еңбегінде), оған психологиялық әсер етеді. Нәтижесінде адамның қатты шаршауы, тітіркенгіштігі байқалады, назары төмендейді, психикалық реакциялары баяулайды, осының негізінде еңбек өнімділігі мен сапасы төмендейді. Импульсті мен ретсіз шу кезінде, оның әсер ету дәрежесі күшейеді.
4. 80...110 дБА шу адамға физиологиялық әсер етеді, ол оның ағзасының көрінерлік өзгерістеріне әкеледі. 80 дБА-дан жоғары шу ықпалында болатын адамның есту қабілеті төмендейтіні (есту сезімталдығы бірінші кезекте жоғары жиіліктерде төмендейді) байқалады.
Алайда, қатты шудың адам ағзасына әсері есту қабілетінің күйімен ғана сипатталмайды. Жүйке жүйесі және басқа да органдардың функционалдық күйінің өзгерістері ертерек білінеді, олардың жиынтығы шу ауруы ретінде сипатталады. Шу ауруының объективті симптомдарына мыналар жатады: есту сезімталдығының төмендеуі, қышқылдықтың төмендеуі негізінде ас қорыту қызметінің өзгеруі, жүрек-қантамыр жүйесінің ақаулары, нейроэндокриндік бұзылулар. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі жүйке жүйесінің қатты шаршауымен байланысты келетін гипертониялық және асқазан жарасы сияқты, кейбір жағдайда асқазан-ішек және тері ауруларын туғызады.
Қатты шу жағдайында жұмыс істейтіндердің бас ауырады және айналады, жадысы төмендейді, құлағы шуылдайды. Адам дыбыстың 70 дБА-дан төмен деңгейінде қол жеткізген өнімділігін сақтау үшін дене және жүйке-психикалық күшін орташа есеппен 0...20%-ға артық жұмсауы тиіс. Осының барлығы адам-ның жұмысқабілеттілігін, оның еңбегінің қауіпсіздігін төмендетеді.
5. 110 дБА-дан жоғары шу есту органдарына жарақаттанушылық әсер етеді. 140 дБА-дан жоғары шу кезінде құлақ жарғағы жарылуы мүмкін. Дірілдің адамға әсерін діріл жылдамдығы (діріл үдеуі), жиілік ауқымы және дірілдің әсер ету уақытымен бағалайды.
Қабылданатын дірілдің жиіліктік ауқымы 1-ден 1000 Гц-ке дейін болады. Адам ағзасы жиілігі 20 Гц-тен төмен тербелісті тек қана діріл ретінде, ал жиілігі 20 Гц-тен жоғары тербелісті бір мезгілде әрі діріл, әрі шу ретінде қабылдайды. Жалпы діріл жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйелерінде өзгеріс-тер, кейбір органдардың ауруын туғызады. Оқшау діріл қан қысымын көтеру арқылы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, саусақ ұштарындағы капиллярлар-дың тарылуын туғызады, олардың жансыздануына әкеледі. Діріл әсерінен, әсіресе, 25...40 және 60...90 Гц жиіліктерде, көру қабілеті төмендейді. Тік діріл отырып жұмыс істейтіндерге, горизонталь діріл – тік тұрып жұмыс істейтін-дерге қолайсыз келеді. Жұмыстық орынның тербеліс жиілігі адам денесі орган-дарының өзіндік тербеліс жиілігіне жақындау кезінде дірілдің адамға әсері қау-іпті болады: 4...6 Гц – тік тұрған кезде бастың денеге қарағанда тербелуі, 20...30 > Гц – отырған жағдайда; 4...8 Гц – іш құрылысы; 6...9 Гц – ішкі органдардың көпшілігі; 0,7 Гц – «шайқама» теңіз ауруын өрбітеді.
Қосалқы діріл (көзбен көру) адамға психологиялық әсер етеді. Мысалы, түрліше конструкцияларға ілінген тербелуші заттар (люстралар, транспарант-тар, желдеткіш қораптар) жағымсыз сезімдер туғызады. Діріл құрылыстар мен ғимараттарға қиратушылық әсер етеді, өлшеуші және реттеуші приборлардың көрсетулерін бұзады, машиналар мен приборлар жұмысының сенімділігін төмендетеді, жекелеген жағдайларда өнімнің ақаулы-ғын, т.с.с. туғызады. Санитарлық нормалар діріл параметрлерін мүмкін шама-ларға дейін азайтуды міндеттейді.
2. Шудың, дірілдің сипаттамалары Шу дегеніміз адам ағзасына қолайсыз әсер ететін, жиілігі мен қарқындылығы түрліше дыбыстардың жиынтығы.
ГОСТ 12.1.029-80 сәйкес өндірістік шу пайда болу жағдайына байланысты механикалық, аэродинамикалық, электромагниттік және гидродинамикалық тектес, таралу жағдайына байланысты ауалық және құрылымдық шу болып жіктеледі.
Механикалық тектес шу – машиналар мен жабдықтар беттерінің дірілі, сонымен бірге құрастырма бірліктері және бөлшектердің қосылыстарындағы немесе тұтас конструкциядағы жеке немесе кезеңді соққылар салдарынан пайда болатын шу.
Аэродинамикалық тектес шу – стационар немесе бейстационар процес-тер (мысалы, тесіктен ауаның немесе газдың шығуы) салдарынан газдарда пайда болатын шу.
Электромагниттік тектес шу – айнымалы магниттік күштер (мысалы, электрлік машиналар роторы мен статорының, трансформатор өзекшесінің тербелістері, т.б.) әсерінен болатын электромагниттік құрылғылар элементтеріндегі тербелістер сал-дарынан пайда болатын шу.
Гидродинамикалық тектес шу – стационар немесе бейстационар процес-тер (мысалы, гидравликалық соққы, ағынның турбуленттілігі) салдарынан сұйықтықтарда пайда болатын шу.
Ауа ортасында пайда болатын және пайда болу көзінен байқау орнына дейін ауамен таралатын шу ауалық деп аталады.
Қатты денелерде тарайтын және олардың тербелуші беттерімен шығатын шу құрылымдық деп аталады. Көп жағдайда (90%-дан жоғары) өнеркәсіптік шу механикалық тектес шу болып келеді. ГОСТ 12.1.003-83 сәйкес шу спектралды және уақыттық сипаттамаларға
байланысты жіктеледі.
Спектр сипаты бойынша шудың жіктелуі мынадай:
• кеңжолақты, шудың спектрі үздіксіз және ені бір октавадан үлкен;
• тональды, шудың спектрінде естілетін дискреттік тондар бар.
Практикалық мақсатта тональды шудың сипатын бір жолақтағы деңгейдің көршілес жолақтардағы деңгейден кем дегенде 10 дБ-ге октавалық жолақ-тардың үштен бір бөлігінің жиіліктерінде өлшеу арқылы анықтайды. Мысалы, дискілі араның шуы тональды, ал реактивті қозғалтқыштікі – кеңжолақты. Уақыттық сипаттамалары бойынша шу былайша жіктеледі:
• тұрақты, 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБА-ден жоғары емес шамаға өзгереді;
• бейтұрақты, 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБА-ден жоғары шамаға өзгереді.
Бейтұрақты шу өз кезегінде былайша жіктеледі:
• уақыт бойынша айнымалы, дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгереді;
• үздікті, дыбыс деңгейі сатылы өзгереді (5 дБА-ға және одан жоғарыға), мұнда дыбыс деңгейі тұрақты болатын аралықтардың ұзақтығы 1 с және одан жоғары болып келеді;
• импульстік, әрқайсысының ұзақтығы 1 с-тен кем бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұрады.
Діріл дегеніміз серпімді денелер, конструкциялар және ғимараттардың тепе-теңдік жағдайы жанындағы тербелмелі қозғалыстары. Дірілдің адамға әсер етуі былайша жіктеледі:
дірілдің адамға берілу тәсілі бойынша;
дірілдің әсер ету бағыты бойынша;
әсер ету уақытына байланысты.
Адамға берілу тәсілі бойынша дірілді жалпы және жергілікті деп ажыратады.
Жалпы діріл отырған немесе тұрған адам денесіне тіректік беттер арқылы беріледі.
Жалпы діріл пайда болу көзі бойынша мынадай категорияларға бөлінеді: 1тип (қауіпсіздік) – жылжымалы өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар – тракторлар, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік машиналар, автомобильдер, құрылыс-жол машиналары операторларына әсер ететін көліктік діріл;
2 тип (еңбек өнімділігінің төмендеу шегі) – қозғалыс жылдамдығы шектеулі машиналар – экскаваторлар, крандар, бетонтөсегіштер, едендік өндірістік көлік операторларына әсер ететін көліктік-технологиялық діріл;
3 тип «а» (еңбек өнімділігінің төмендеу шегі) – стационар машиналар мен жабдықтар – станоктар, ұсталық-престік жабдықтар, сораптық агрегаттар, желдеткіштер, бұрғылаушы станоктар, мұнай-газ өндіруші, өңдеуші және өнеркәсіптің басқа да салалары қондырғыларының операторларына немесе діріл көзі жоқ жұмыс орындарына әсер ететін технологиялық діріл;
3 тип «б» (комфорт) – ой еңбегі жұмыскерлері мен дене еңбегімен айналыспайтын персоналдың жұмыс орындарындағы – диспетчерлік, зауыт басқармасы, конструкторлық бюро, зертханалар, есептеу орталықтары, оқу ғимараттары, кеңсе жайлары, емдеу пункттеріндегі, т.б. діріл.
Жергілікті діріл адамның қолы арқылы беріледі. Оған отырған адамның аяғына және дірілдейтін беттермен түйісетін білектеріне әсерді жатқызуға болады.
3. Шу мен дірілдің деңгейлерін нормалау және бақылау Санитарлық нормалаудың мақсаты бүкіл жұмыс күнінде күнделікті және көптеген жылдар бойы жүйелі түрде әсер етуі адам денсаулығында айтарлықтай өзгерістер туғызбайтын және оның қалыпты еңбек қызметіне кедергі жасамайтын шудың ғылыми негізделген шекті мүмкін шамаларын белгілеу болып табылады.
Өндіріс жағдайында шуды өте төмен деңгейлерге дейін азайту көптеген жағдайларда техникалық жағынан өте қиын, сондықтан шуды нормалау кезінде оптималды (комфортты) шарттарды емес, шыдамды шарттарды, яғни шудың адамға зиянды әсері білінбейтін немеес шамалы білінетін шарттарды алады. Санитарлық нормалар – ғылым мен техниканың дамуының қазіргі кезеңінде техникалық мүмкіндіктер және гигиеналық талаптар арасындағы компромисс. Жұмыс орындарындағы шудың сипаттамалары мен мүмкін деңгейлері ГОСТ 12.l.003-83. «Шум. Общие требования безопасности» арқылы реттеледі. Тұрақты шудың нормаланатын сипаттамасы ретінде 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 ортагеометриялық жиіліктерінде октавалық жолақтардың децибелмен өлшенетін дыбыстық қысым деңгейлері есептеледі. Жоғарғы шектік жиілігі ƒж және төменгі шектік жиілігі ƒт болатын жолақтың ƒор ортагеометриялық мәні ƒор =ƒж ƒт өрнегімен анықталады (октавалық жолақ үшін ƒж мәні ƒт мәнінен екі есе үлкен болады), мысалы, ƒор= 63Гц бол-ғанда, ƒт = 45 Гц-ке және ƒж = 90 Гц-ке тең.
Жиіліктердің октавалық жолақтарындағы дыбыстық қысымның сегіз мүмкін деңгейінің жиынтығы шекті спектр, ал аталған нормалау әдісі – шуды шекті спектрі бойынша нормалау әдісі деп аталады. Тональды және импульсті шу үшін мүмкін деңгейлер 5 дБ-ге төмен қабыл-
дануға тиіс, ГОСТ 12.1.003-83 жұмыстың ауырлығына байланысты еңбек қызметінің кейбір түрлері үшін анағұрлым қатаң нормаларды белгілеуге рұқсат етеді.
Тұрғындық пен қоғамдық үймереттердің және олардың аумақтарындағы шуды нормалау СНиП 11-12-77 және ГОСТ 12.1.036-81 сәйкес жүргізіледі. Адамға әсер ететін дірілді гигиеналық нормалау еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді. Дірілдің адам ағзасы жүйелеріне әсерін бағалаудың күрделілігі және діріл әсерінің нормаланатын бірыңғай параметрлерінің жоқтығына байланысты дірілді гигиеналық нормалаудың негізі ретінде адам-
ның белгілі бір қарқындылықтағы дірілге объективтік физиологиялық реакциялары, сондай-ақ түрліше кәсіп жұмысшыларына дірілдің қолайсыз әсер етуінің субъективтік бағамдары алынады. Техниканың қазіргі даму жағдайында дірілді абсолютті қауіпсіз деңгейге дейін азайту барлық кезде мүмкін болмай тұр. Осыған байланысты нормалау кезінде жұмыс барынша қолайлы жағдайларда емес, шыдамды жағдайларда, яғни дірілдің зиянды әсері байқалмайтын немесе кәсіби ауруларды туғызбайтын шамалы байқалатын жағдайларында мүмкін болады деп қабылданады.
4. Шу мен дірілдің зиянды әсерден қорғау шаралары.
Шуды төмендету үшін келесі тәсілдер қолданылады:
1) шуды шу көзінде төмендету (жабдықтар конструкциясын жетілдіру, соққылы процестерді соққысыз процестермен алмастыру, бөлшектер материалын алмастыру, т.б.);
2) шуды оның таралу жолында төмендету (дыбыс тұту, дыбыс оқшаулау, бәсеңдеткіштер, т.б.);
3) цех, учаске және жабдықтарды ұтымды жоспарлау және орналастыру;
4) жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Дыбысоқшаулағыш құрылғының тиімділігі мына формуламен анықталады:
∆LО = L – LО
мұнда L – шу көзіндегі шу деңгейі, дБ;
LО – дыбысоқшаулағышты орнатқаннан кейінгі шу деңгей, дБ.
Шу көзіне дейінгі қашықтыққа байланысты шу деңгейін мына формуламен анықтайды:
∆Lr = L1 − 101 r
мұнда L1 – шу көзінен 1 м қашықтықтағы шу деңгейі, дБ;
r – шу көзінен өлшеу нүктесіне дейінгі қашықтық, м.
Жұмыс орындарын зиянды дірілден қорғау шараларын жүргізу технологиялық процестер мен машиналарды жобалау, өндірістік жайларды жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау кезеңінде басталуы қажет. Жұмыс іс-теп тұрған өнеркәсіптік жабдықтан болатын зиянды дірілді азайтудың әдістерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
1) Пайда болу көзінде қозушы күштердің қарқындылығын азайтуға негізделген әдістер.
2) Діріл көзі және басқа машиналар мен құрылыс конструкциялары арасындағы тіректік байланыстар арқылы дірілді оның таралу жолында бәсеңдету әдістері, яғни дірілбелсенді машина мен іргетас аралығына дірілоқшаулағыш және дірілтұтқыш құрылғылар орнатылады.
Адам ағзасын діріл әсерінен қорғау техникалық, ұйымдастырушылық және санитарлық-гигиеналық шаралармен жүргізіледі. Техникалық шаралар минималды динамикалық жүктемелерді туғызатын машиналар пайдаланылатын технологиялық процестерді таңдаудан тұрады, мысалы, бетон қоспасын дірілмен тығыздаудың (дірілалаңшалар) орнына прес-
теуді пайдалану. Ұйымдастырушылық шаралармен діріл туғызатын жабдықтың жұмысын жұмысшылардың минималды саны болатын кезде (түнгі ауысымдағы жұмыс) жоспарлау арқылы діріл әсеріне ұшырайтын жұмысшылар санын қысқартуға қол жеткізіледі.
Дірілден қорғаудың санитарлық-гигиеналық шаралары жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен (дірілбәсеңдетуші қолғаптар, кеудешелер, кос-тюмдер және аяқ киім) қамтамасыз етуді және оларды дұрыс пайдалануды қадағалауды қамтиды.
Дірілден қорғаудың негізгі талабы – жобаланатын өндірістік үймеретте атқарылатын жұмыс кезінде еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларын жасау. Еңбек-тің мұндай жағдайлары ретінде өндірістік дірілдің шекті күйлерінде жұмыс атқарушылардың кәсіби ауруларына әкелетін қолайсыз әсері болмайтын жағ-дайлары саналады.
Еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларына мына шараларды орындағанда қол жеткізіледі:
• дірілқауіпсіз машиналарды, яғни шекті мүмкін мәннен аспайтын діріл туғызатын, осының негізінде жұмысшыларды дірілден қорғаудың қосымша шаралары мен құралдарын пайдалануды қажет етпейтін машиналарды қолдану;
• жұмысшыларға әсер ететін дірілді оның таралу жолында төмендететін дірілден қорғау құралдарын қолдану;
• машиналардың техникалық күйін (пайдалану жағдайында) нормативтік-техникалық құжаттамамен қарастырылған деңгейде сақтаудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары;
• жұмысшыларға әсер ететін діріл уақытын шектейтін еңбек режимдерін енгізу;
• жұмыс орындарында дірілдің гигиеналық нормаларын қамтамасыз ететін технологиялық процестер мен өндірістік жайларды жобалау.
5. Діріл мен шуды өлшеуге арналған аспаптар. Жеке қорғау құралдары Діріл параметрлерін тіркеу үшін өлшеудің механикалық және электрлік әдістеріне негізделген приборлар қолданылады.
Механикалық приборлар дірілдейтін бетпен жанасатын дірілсүңгінің орын ауыстыруын тіркеу арқылы дірілығысудың амплитудасын өлшеуді жүргізеді. Инерциялылығы және саңылауларының болуына байланысты мұндай приборлармен жеткілікті дәл деректерді алуға болмайды. Электрлік әдістерге негізделген дірілөлшеуіш аппаратура ығысу, жылдамдық және тербеліс удеуі өзгеруінің кең ауқымында түрліше жиіліктегі діріл-дің жоғарыдәлдікті өлшеулерін қамтамасыз етеді.
Діріл параметрлерін өлшеу стандарттарға сәйкес жүргізілуге тиіс. Өлшеуіш приборлар, сезгілер және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістеріне қойылатын талаптар ГОСТ 16519-78 «Машины ручные. Методы измерения вибрационных параметров» стандартымен реттелген. Діріл параметрлерін өлшеу үшін ВИП-2 дірілөлшеуіші немесе ВШВ-003 өлшеуіші қолданылады.
№11 дәріс. Электр қауіпсіздігі
Достарыңызбен бөлісу: |