Бекітемін: Мектеп директоры К. Абдимуталипов



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#43762
түріСценарий
  1   2   3   4



Бекітемін:
Мектеп директоры
________________ К.Абдимуталипов
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Керімбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы
«Ұстаз-ұлы тұлға»ұстаздар
Күніне арналған мерекелік кештің
сценарийі

Орындаған:Педагог-ұйымдастырушы А.Шайпан


Қаскелең қаласы,2022 жыл


Тақырыбы: «Ұстаз-ұлы тұлға»


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
1-жүргізуші:
Ілмейтінді ілдіретін,білмейтінді білдіретін,санаға ақыл ұялататын,арманды алдан қиялататын,өмірді ұғуыңа себеп болатын,әр кезде аялайтын,дәрісті аямайтын,тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын,ұғымы ұшар биікпен пара-пар С.Керімбеков атындағы орта мектептің ұстаздарын қошеметпен қарсы алыңыздар!
/Музыка,Ұстаздарды қарсы алу/
11 а би


Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
Аақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман
Мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет